АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МАЛДАРЫНЫҢ АЗЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ ҰҒЫМ, ЖІКТЕЛУІ


Дәріс жоспары.

Ауыл шаруашылық малдарының азықтары туралы ұғым.

Мал азықтарының жіктелуі, бағалануы.

Мал азығына жануарларды қоректік заттармен қамтамасыз ететін тіршілігі мен өнім сапасына зиянсыз өсімдік пен жануар тектес өнімдер, түрлі химиялық, микробиологиялық және минералдық қосындылар жатады. Мал азығын түріне, қоректілігіне, физикалық жағдайына тағы басқа қасиеттеріне қарай топтастырып жіктейді. Ең алдымен олар табиғи және жасанды болып бөлінеді. Табиғи азықтар тегі бойынша өсімдік және жануар тектес болып бөлінеді. Жасанды азықтарға химия өндірісінің және микробиологиялық түзудің өнімдері кіреді.

Өсімдік тектес азықтар. Өсімдік тектес азықтар физикалық жағдайы мен құрамында қоректік заттар шоғырлану дәрежесіне сәйкес аумақты және құнарлы топқа бөлінеді. Аумақты азықтарға 1 кг құрғақ затында 0,5 кг – нан төмен қорытылатын қоректік заттар шоғырланған, құрамында ылғалдылығы немесе клетчаткасы мол азықтар жатады. 1кг құрғақ затының қуаттылығы 0,65 азық өлшемімен, яғни, 7,1 мДЖ-ден аспайды. Соған қарамастан олар шаруашылық азық қорының негізін құрастырады. Өйткені бұл топқа барлық көк ірі және шырынды жемшөп кіреді.

Ірі азық құрғақ затында 19 пайыздан астам клетчатка болады. Оларға барлық пішен түрлері: сабан, қырман қалдықтары жатады. Қырман қалдықтарында қорытылмайтын заттар көп болғандықтан, малға берер алдында арнайы дайындықтан өтеді.

Ылғалды (шырынды) азық құрамында 40 пайыздан астам ылғал болады. Шырынды азықтарда бұл ылғал негізінен протоплазма және өсімдік сөлі құрамында химиялық байланыста болады. Оларға көк балауса шөп, тамыр- түйнек жемістілер, сүрлем, пішендеме, химилық жолмен сақталған көк азықтар кіреді.

Сулы азықтарға азықтарға техникалық өндіріс, атап айтқанда, крахмал, спирт және қант өндірісінің қалдықтары жатады.

Химиялық құрамы бойынша құнарлы азықтағы көмірсутек немесе энергетикалық (астық тұқымдастар дәні) және протеиндік (бұршақ тұқымдастар дәні, май өндірісінің қалдықтары) топқа бөлінеді.

Протеиндік құнарлы азықтарға жануар тектес азықтарды ет, ет-сүйек, балық ұны және заводтарда түрлі азықтар қосындысынан құрастырылған құрама жемді де жатқызуға болады.

Толық рационды құрама жемдер жан-жақты толықтырылған, мал мен құстың қоректік мұқтаждығын толығымен қамтамасыз ететін түрде шығарылады.

Құнарлы құрама жемдер тек қана түрлі дәндер, минералды заттардан құрастырылады. Олар жеке берілмей, малдың негізгі азықтарын толықтыратын қосымша азық ретінде қолданылады. Сондықтан оларды рациондағы негізгі азықтардың қоректілігін жоғарылату үшін пайдаланады.

Ақзатты – витаминді – минералды қосындылар азотты, витаминді, минералды заттары мол арнайы дайындалған біркелкі қосындылар. Құрама жемге немесе азықтарға қосып беріледі.

Премикстер – заводтарда витаминдер, микроэлементтер және басқа да биологиялық әсерлі заттардан (антибиотик, ферменттер, гармондар) жасалатын арнайы қосындылар. Жем салмағына 0,5-1,0 пайыз көлемінде қосылады.

Сонымен қатар өндірісте мал азығы ретінде қолдану үшін арнайы протеиндік(карбамид) және амин қышқылдарының (азықтық ашытқы, синтетикалық және микробтық препараттар т.б.) минералдық ас тұзы, (фосфаттар т.б.) қосындылар шығарылады.

Жанур тектес азықтарды 3 топқа бөлуге болады 1.Сүт және сүт өнімдері 2.ет өндірісінің қалдықтары 3. Балық зауытының қалдықтары.

Шаруашылықта малға азық берер алдында оның сапасын анықтайды. Шаруашылық жағдайында мал азығының сапасын бағалау үшін қарапайым, органолептикалық тәсілдерді қолданады. Ол әдіс арқылы азықтың түр-түсін, иісі, түрін, дұрыс сақталуын анықтайды. Өсімдік түріне байланысты анықтау әдістерін қолданады.

Бақылау сұрақтары:

1.Табиғи азықтар тегі бойынша қалай жіктелінеді?

2.Ірі азық құрғақ затында қанша пайыздан астам клетка болады?

3.Қатаң азықтар қай типке жатады?

4.Премикстер дегеніміз не?

5.Ылғалды азық құрамын қан пайыз ылғал болады?

Әдебиеттер: 1-6 ( негізгі), 1-2 ( косымша )