САУЫН СИЫРЛАРДЫ АЗЫҚТАНДЫРУ


Дәріс жоспары.

Сауын сиырларды азықтандыру ерекшеліктері

Бұзаулағаннан кейінгі алғашқы күндері сиыр сүтінің құрамы өзгешеленіп, уыз түрінде пайда болады. Уызда кәдімгі сүтпен салыстырғанда ақзат, қанттар, минералды заттар, каротин және витаминдер мөлшері көп бөлініп, жеңіл қорытылатын құрғақ заты жоғары болады. Жаңа туған бұзауды неғұрлым өз енесінің уызымен ерте ауыздандырса соғұрлым ол ауруға шалдықпай, ас қорытуды жақсартып, тез өсіп жетіледі.

Сауымның алғашқы кезеңін иіту, сүтейту кезеңі дейді. Иіту барысында сауылған сүт мөлшері күнделікті өсіп отырады. Оны қамтамасыз ету үшін сиырды сүт қосымына керек қосымша қоректік заттармен қамтьамасыз етеді.

Сауымның алғашқы иіту кезеңінде сиыр сүттілігін мейілінше тез арада молайту үшін басқа да шаралар қолданады. Шаруашылықта сиырларды алғашқы сауымда сүтейіп, жоғары өнімділікке тез жетуіне қарай сұрыптайды. Жылына 2500-3000 кг сүт беретін 480-500 кг-дық сиырларды дұрыс азықтандырып иіткенде алғашқы сиыр сауымда қосымша 800-1000кг, ал одан кейінгісінде 500-600 кг сүт өндіруге болады. Сауын басында желінген азықпен сүтке жұмсалатын организм шығыны қамтамасыз етілмейтіндіктен, сиыр денесінен сауылып, салмағы азаяды.

Бұзаулағаннан кейінгі алғашқы күндері сиырдың үйреншікті азықтарын біртіндеп ұлғайтып, тәбеті шапқанша беруге болады. Біртіндеп пішендеме, сүрлем ал жазғытұры- көк балауса береді.

Бұзаулайтын сиырлар буаздықтың соңғы кезінде жеке бөліп ұсталатындықтан, бұзаулағаннан кейінгі алғашқы күндері олардың азықтандырылуы жағдайын жекелеп қадағалайды. Рацион құнарлылығын ұлғайту үшін жаңа бұзаулаған сиырларға нақтылы сүттілігіне қарай құнарлы азық мөлшерін 2-3 кг-ға көбейтіп береді.

Жазғытұры сүтті сиыр рационын көк азыққа негіздейді. Сүттілігіне қарай жем береді. Жоғары өнімді сиырлар сауу мерзімінде (8-10 минутта) бос жемнің 2-2,5 ккал, түйіршіктелген жемнің3 кг жеп үлгеретінін ескереді.

Өнімділігіне байланысты сауымның алғашқы айларындағы сиырды иітуге бағытталған рациондар құрамы келесі 26-шы кестеде келтірілген.

Рацион құрамындағы сүрлемнің бір бөлігін не толығымен пішендемемен, ал жазғытұры ірі азықпен, шырынды азықтарды көк азықпен алмастыруға болады. Құрастырылған рациондарда қант-протеин ара-қатынасы 0,9-1,1, ал крахмалдың қантқа қатынасы 1,3-1,5 аралығында болуға тиіс.

Осыдан әрі сауымның келесі-жоғары өнімділік, яғни қызған кезеңі басталады. Сиырдан сауылатын сүттің негізгі бөлігі осы кезде алынады. Сондықтан бұзаулағаннан кейін сиырды тез арада иітіп, жоғары сүттілікке жеткізіп, сауымының қызған кезеңін мейлінше созу көзделеді. Жақсы азықтандыру нәтижесінде сиыр сүттілігінің 8-10 проценттің орнына айына тек 3-4 процентке дейін кемуін қамтамасыз етуге болады. Бұл кезеңде сиырды рацион және норма кітабында келтірілген кестедегі негізгі азықтандыру нормалары бойынша азықтандырады.

Бақылау сұрақтары:

1.Сауынның алғашқы кезеңі қалай аталады?

2.Сүтке қарағанда уыз қандай құраммен ерекшеленеді?

3.Дұрыс азықтандырылған сиырлар жылына қанша кг сүт береді ?

4.Жазғы тұрым сүтті сиырдың рационын қандай азық құрайды?

5.Рацин бойынша қант протейнінің ара қатынасы қанша?

Әдебиеттер: 1-6 ( негізгі), 1-2 ( косымша )