АТАЛЫҚ БҰҚАЛАРДЫ АЗЫҚТАНДЫРУ


Дәріс жоспары.

Аталық бұқаларды азықтандыру ерекшеліктері.

Аталық бұқалардың рационының өнімділігіне әсері

Асыл тұқымды бұқа азықтандыруы алынатын негізгі өнімге байланысты ұйымдастырылады. Ал негізгі өнімі – ұрық. Сондықтан асыл тұқымды бұқа азықтандырудағы басты міндет – олардың ұрықтандыру қабілетін барынша көтеріп, қажетті ұрық сапасын қамтамасыз ету болып табылады. Бұқаларға берілетін азықтың энергетикалық қуаттылығы мол, протеидік, минералдық және витаминдік сапасы жоғары болуға тиіс.

Бұқаның азыққа қажеттігі өнім көлеміне байланысты өзгереді. 1000 кг-дық бұқаға ұрық алынбаған кезеңде 8,4 азық өлшемі, яғни, 102 мДЖ алмасу энергиясы жеткілікті болса, ұрық орта жиілікте, яғни аптасына екі рет алынса энергетикалық мұқтаждығы 9,1 азық өлшемі, яғни 110мДЖ алмасу энергиясына дейін, аптасына төрт рет ұрық алынса 10,8 азық өлшемі, яғни 124м Дж алмасу энергиясына дейін жоғарылайды.

Минералды элементтерден ұрықтың дамуына фосфор күшті ықпал етеді. Оның кальциймен арақатынасы 0,85-0,95 дейін көтеріліп, әр азық өлшемінде ұрық алынбайтын кезде 3,4г, ұрық алынатын кезде 4,6-6,5г фосфор болуы керек.

Мөлшері мен сапасына каротин, микроэлементтер және Е витаминдері елеулі әсер етеді. Олармен бұқалар рационын байыту үшін ақзат – минералды – витаминді қосындылар немесе премикстерді қосады.

Тұқымдық бұқаларды арықтату немесе семірту де зиянды. Бұл жағдайларда олардың жыныстық потенциясы, яғни ұрық өндіріп беру қабілеті төмендеп, алынған ұрық сапасы төмендейді.

Бұқа рационынын қоректілігі бойынша қыста 25-40пайыз ірі, 20-30пайыз шырынды, 40 пайыз құнарлы, жазда 15-20 пайыз ірі, 35-45 көк, 35-50 пайыз құнарлы азықтар кіреді. Азықтандыруға жоғары сапалы пішен, шөп кесіндісі, пішендеме, тамыржемістілер, түрлі дәнді азықтарды қолданады.

Бұқалар рационының протейіндік деңгейін күшейтуүшін күнбағыс және зығыр күнжарасы мен шроттары, азықтық ашытқылармен қатар жануар тектес азықтарды 2-3 пайыз көк сүтті, қан ұнын, сүйек ұнын, балық ұнын, 3-5 тауық жұмыртқасын қосады.

Бұқа рационына химиялық құрамы кедей, қоректілігі төмен, ұрықтандыру қабілетіне және ұрық сапасына зиянды әсер ететін техникалық қалдықтарды (жом, барда, мезга, сыра бөртпесі), сабанды, сабанды, сапасыз пішенді, сүрлемді, химиялық азот қосындыларын, карбамидті, уландырғыш заттары бар крест гүлділер (рапс,мақта т.б.) күнжарасы мен шротын енгізуге болмайды.

Дұрыс азықтандырылған бұқа потенциясы жоғары болып әр алғанда 3-9 мл жоғары сапалы ұрық бөледі. Ұрық сапасын арнайы зерттеулер және сиырларды ұрықтандыру нәтижесінен біледі. Минералдық азықтандыру сапасын қандағы деңгейімен бақылауға болады. Бұқа қанының сарысуында қалыпты жағдайда 9-12мг % Са, 6-9мг % фосфор, 1,8-3,2мг % магний болуға тиіс.

Бақылау сұрақтары:

1.Асыл тұқымды бұқалардан алынатын негізгі өнім?

2.Бұқаның қысқы рационына кіретін коректік заттар?

3.Азықтың мөлшері мен сапасын қай витомин әсер етеді?

Әдебиеттер: 1-6 ( негізгі), 1-2 ( косымша )