ІРІ ҚАРА МАЛЫНЫҢ ТӨЛІН АЗЫҚТАНДЫРУ


Дәріс жоспары.

Ірі қара малының төлін азықтандыру ерекшеліктері.

Ірі қара малының төлін өсірудегі негізгі мақсат –тез өсіп жақсы жетілетін, дене тұлғасы мықты сиырлар өсіру. Оны іске асыру үшін әр шаруашылықта табиғи және экономикалық жағдайы, жемшөп қорын ескере отырып ғылыми негізделген төл өсіріп жетілдіру жүйесі белгіленеді.

Алғашқы 6 айда (ет бағытындағы тұқымдар үшін 8 ай) ол бұзауды азықтандыру жобасына негізделеді. Ірі қара төлінің өсуі 2-3, ал ал жетілуі 4-5 жасында аяқталады. Осы уақытта олардың жетілуінің биологиялық заңдылықтарын жете ескере отырып, жоғары өнімді сиыр өсіру керек. Оны іске асыру үшін азықтандыруды тұқымдық ерекшеліктері өсіру бағыты мен сақайғандағы тірілей салмағына жеткізетін өсу жоспарына сәйкестендіріледі.

Сақа болғандағы тірі салмағы 500-550 кг тартатын сиырларды өсіру үшін төлдің алғашқы 6 айдағы орташа тәуліктік салмақ қосымы 650-700г, 7-12 айлығында 550-600 г, 18 айлығында 345 кг – ға жетуін қадағалайды. Тұқымдық еркек бұзаулардың бұдан да жоғары (850-950г) орташа тәуліктік салмақ қосуын жоспарлап, 16 айлығында тірілей салмағын 450-500 кг – ға жеткізеді.

Жоспарланған көрсеткіштерге жету үшін азықтандыруды жан-жақты толықтырып, өсіп – дамып келе жатқан төл организімінің мұқтаждығын қамтамасыз ететіндей етіп ұйымдастырады.

Қабылданған төл өсіру жоспарына сәйкес шаруашылықта жаңа туылған бұзауларды өсіру тәсілі белгіленеді. Ол тәсілдер үш топқа бөлінеді. Біріншісі – бір кезде туылған 2-4 бұзауды осы мақсатқа арнайы бөлінген сиырды емізіп өсіру. Ол сиырды саумайды, сүттілігіне қарай емізілетін бұзаулар санын белгілейді.

Бұзауларды қай тәсілмен азықтандырылып өсірілетін болса да, оларды туғаннан кейін міндетті түрде енесінің уызымен тойдыру шарт. Алғашқы екі тәулікте уызды бұзауға 1-2 л, 5-6 рет бөліп емізеді. Үшінші –төртінші күні уызды күніне 3 рет бөліп емізіп, 5-ші - 6-шы күнінен оның құрамы біртіндеп сүтке айналғанда 6 айға дейін азықтандыруға таңдалған тәсіл бойынша өсіре бастайды.Таңдалған азықтандыру схемасы бойынша сүт беріп, оны біртіндеп, мөлшерін азайтып, майсыздандырылған көк сүтпен ауыстырады.

Алғашқы күндерден бастап төл сүйегі тез жетілу үшін сүтке кальций – фосфорлық минералды қосындылар мен ас тұзын қосып береді. Жемнен басында ұнтақталып тазартылған сұлыға үйретіп, екінші айдан бастап оны арнайы шығарылған құрама жеммен ауыстырады. Өндірістік құрама жем болмаған жағдайда тазартылған сұлы, жүгері ұны, бидай кебегі, күнбағыс пен зығыр күнжараларынан тұратын жем қосындыларын пайдаланады.

Жазда бұзауларды бірінші айдан бастап көк балаусаға үйретеді. Тұқымдық еркек бұзауларға арналған азық көлемі ұрғашы бұзаулардікінен жоғары болады.

Шаруашылықта тауарлы сүтті үнемдеу үшін бұзауларды сиыр сүтін алмастырушы жеммен азықтандыруға болады.

Бақылау сұрақтары:

1.Ірі қара малының төлінің өсуі қай кездерге дейін жүреді?

2.Бұзауларды азықтандыру тәсілдерін атаңыз?

3.Бұзауларды көк балауса шөптерге қай кездерден бастап үйретеді?

Әдебиеттер: 1-6 ( негізгі), 1-2 ( косымша )