ҚОЙ МАЛДАРЫН АЗЫҚТАНДЫРУ НЕГІЗДЕРІ


Дәріс жоспары.

Саулықтарды азықтандыру ерекшеліктері.

Қой төлдерін азықтандыру.

Қой шаруашылығы Қазақстандағы мал шаруашылығының жетекші саласы. Сондықтан қой басын азықтандыруды дұрыс азықтандырудың үлкен маңызы бар. Қой негізінен жайлым малы. Оның табиғи жайылымды жақсы пайдалануға бейімділік қасиеті өте жоғары.

Ас қорыту жүйесі бойынша ірі қара секілді көп қарынды күйісті малға жатқанымен, қойдың өзіндік ерекшеліктері бар. Олар басқа малға қарағанда жайылым шөбінің көбірек түрін жейді және оларды толығырақ пайдаланады. Тұқымына қарай түрлі жайылымдарға бейі келеді. Мысалы, қазақ арқар мериносы тау жайылымдары, ққылшықты қой тұқымдар шөл және шөлейт жайылымдарды жақсы пайдаланады. Соның арқасында арзан қой етін өндіру үшін табиғи жайылымдарды мүмкіндігінше толық, тиімді пайдалану көзделеді.

Жайылым оты жетіспеген жағдайда қойға ірі, шырынды, құнарлы азықтармен толықтырады.Қой ұсақ, майда пішенді жақсы жейтінін, бірақ ірі қарамен салыстырғанда азық клетчаткасын нашар қорытатынын ескеру қажет. Қой азыққа онша талғампаз болмағанымен рацион азығы мол және әртүрлі болғанын қалайды.Жылдың мал жаюға жайсыз мезгілдерінде қосымша азықты үзбей беру керек. Әйтпесе, азықтандыру жағдайы төмендеген қой арықтап, тері, одан жүн талшықтары зардап шегеді.

Дер кезінде ұрықтанып,мол қоздап, сапалы жүн қырқу үшін саулықтарды дұрыс құнарлы азықтандыру қажет.

Саулықтардың азықтандыруын күйекке түсерден 1-1,5 ай бұрын күшейтеді. Олардың күйін келтіру үшін 1 кг қосымша салмаққа 5 азық өлшемі, 500 г қорытылатын протеин келетіндей етіп азықтандыру нормасын жоғарылатады. Күйі келіп нәтижелі ұрықтанған саулықты буаздық кезеңінде де құнарлы азықтандыру қажет.

Буаз саулықтарды мейілінше жайылымда жайып, тірі салмағы 50-60 кг саулықтарға тәулігіне 2-3 кг ірі азық, 1-2 кг шырынды азық беріп, буаздығының аяққы кезеңінде құнарлы жемшөп мөлшерін 400-500 г дейін көбейтеді.

Қой уызы протеинге және майға бай. Саулықтың сүттілігін қозылардың күнделікті салмақ қосуынан байқауға болады. Саулық сүттілігіне шырынды азықтар жақсы әсер етеді.

Әдетте қозылар енесін 4 ай емеді. Осы мерзімдегі олардың азықтандыру ерекшелігін үш кезеңге бөлуге болады. Өмірінің алғашқы екі аптасында қозылар тек ене сүтімен қоректенеді. Содан кейінгі 3-ші, 4-ші апталарында басқа азықтарға үйретіледі. 5-ші, 8-ші апталарда ене сүтінен басқа азықтарды көбірек жейді. Тоғызыншы аптадан бастап оларды болашақта өнімділігіне сәйкес азықтандыра бастайды. Содан кейінгі кезеңдерде ене сүтімен қатар жеңіл қорытылатын, диеталық азықтармен қосымша азықтандырады.

Қосымша азықтандыруды қабығынан тазартылып, ұнтақталған сұлы дәнінен бастайды. Содан кейін оны бидай кебегі және зығыр күнжарасымен араластырып береді. Жем бере бастаған кезден бастап қозыларды ұсақ та майда бұршақ – астық тұқымдастар пішеніне үйретеді. Бірінші айда оны жегенінше, екінші айда әр басқа тәулігіне 100-200 г, үшінші айда 200-250, 4-ші айда 350-400 г жейді.

Екінші айынан бастап қозыны жақсы сүрлем, туралған тамыр жемістілерге үйретуге болады. Көктемде жақсы жайылым шөбіне жаяды.

Ене сүтіне тойып, қосымша азықтарға бейімделген қозылар тәулігіне 200-300 грамға дейін салмақ қосып, тез өсіп, жақсы жетіледі. Жетілген қозыларды 3-4 айлығында, қой сауатын отарларда 2,5-3 айлығында енесінен айырады.

Бақылау сұрақтары:

1.Қой мал ас қорытуы бойынша қай топқа жатады?

2.Қой қандай шөптерді жақсы жейді?

3.Саулықтардың күйек кезінде рациондары қандай болады?

Әдебиеттер: 1-6 ( негізгі), 1-2 ( косымша )