ШОШҚА МАЛДАРЫН АЗЫҚТАНДЫРУ


Дәріс жоспары.

Шошқаны азықтандыру ерекшеліктері.

Мегежінді зықтандыру.

Басқа шаруашылық малдрына қарағанда шошқа өсімтал, тез жетілгіш келеді. 114 тәулік буаздықтан кейін әр мегежін орташа 10-12 торай тауып, олар 7-8 айлығында 110-120кг–ға жетіп, қосылған әр 1 кг салмаққа небәрі 4-6 а.ө. жұмсалатындықтан, шошқадан жыл бойында молд да арзан ет өндіріледі және ол азық талғамайды.

Шошқа бір қарынды болғандықтан асқорыту негізінен ішекте өтеді. Көп қарынды күйісті малға қарағанда ас қорыту жолдарында микробиологиялық түзілу онша өріс алмағандықтан, оны азықтандырудың биологиялық сапасына баса көңіл аударады. Осы себептен де олардың рационындағы қиын қорытылатын клетчатка мөлшерінің белгілі бір деңгейде аспауын жіті қадағалайды.

Берілетін астықты алдын ала өңдеуден өткізіп, ірі тамыр жемістілерді, дәнді азықтарды, күнжараны ұнтақтап, картопты буландырып, пісіреді.

Шаруашылықтағы азық қорына байланысты шошқаларды жемді, жемді – картопты, жемді–тамыржемісті азықпен қоректендіреді. Жемді типтес рациондар құрамында қыста 75-80, жазда 80-90 пайыз жем болады. Рационның 20-30 пайызы тамыр түйнекті жемістілер, көк азық, құрама сүрлем, шөп ұны құрғақ қызылша жомы секілді азықтар болғандықтан шошқаны қоректендіру арзанға түседі.

Мегежіндерді жасына (сақа болып 2 жас саналады), тірілей салмағына және физиологиялық жағдайына (буаздықтың алғашқы 84 және соңғы 30 тәулігі, торайлар емізу кезеңі) қарай азықтандыру белгіленген.

Ұрықтанғаннан кейін мегежіндерді жан-жақты толықтырылға рационмен азықтандырады. Азықтандыру деңгейі әсіресе, буаздықтың аяққы үштен біріне сәйкес келетін соңғы айында жоғары боуға тиіс. Буаз кезінде сақа мегежіндер 30-40, жас мегежіндер 50-55 кг салмақ қосуы керек. Буаздықтың екінші жартысында олардың организіміндегі энергетикалық алмасу 25-45 пайызға жоғарылап, туылатын торайлар денесіндегіден 1,5-2 есе көп белок пен минералды заттар қорын жинайды. Іштегі ұрықтың дұрыс өсіп – жетілуі үшін рациондағы протеиннің биологиялық сапалылығы жоғары болуы қажет.

Торайларын емізетін кезеңде сүт өндіруге жұмсалатын қоректік заттар шығыны көбейетіндіктен, азықтандыру нормасы күрт жоғарылайды. Рационда сүттілікті молайтатын шырынды азықтар көбейтіледі.Үшінші аптада тәуліктік сүттілігі 5-7 кг – ға жетіп, онымен 300-350г белок шығаратын мегежіндерді сапалы қорытылатын протеинмен, минералды және витаминді азықпен қамтамасыз ету керек.

Қыстық рациондарда 180-200 кг салмақтағы 10 торай емізетін мегежіндерге 3-3,5 кг дән ұнтақтары, 1 кг көк сүт, 0,2 кг балық ұны, 0,7 кг шөп ұны, 5 кг буландырылған картоп, 60г преципитат, 30 г ас тұзы, 60 г премикс қоындысын берсе, жазда шөп ұны мен тамыр түйнек жемістілерді 6-7 кг азықпен ауыстырады.

Бақылау сүрақтары:

1.Шошқаның туғандағы орташа торай саны?

2.Шошқа ас қорытылуы бойынша қандай?

3.Шошқа рационының 20-30пайызын қандай азықтар құрайды?

4.Шошқалардың қысқы рационы қандай?

Әдебиеттер: 1-6 ( негізгі), 1-2 ( косымша )