ҚАБАНДАР МЕН ТОРАЙЛАРДЫ АЗЫҚТАНДЫРУ


Дәріс жоспары.

Қабандарды азықтандыру.

Торайларды азықтандыру.

Шаруашылықтағы асыл тұқымды қабандар дұрыс азықтандырылып, зауыттық кондицияда болуы шарт. Арықтай не, керісінше, семіріп кеткен қабандардың ұрықтанушылық қабілеті төмендеп, ұрық сапасы нашарлайды. Жас әлі өсіп жетілмеген (қабандарға 2 жасқа дейінгі) құрғақ зат мөлшерін 1,7 кг-ға дейін көтереді. Ұзақ мерзім күйекке түспеген және өндірістік кешендерде биологиялық сапасы жоғары құрама жем берілетін тірі салмағы 200-250 кг қабандардың азықтандыру нормасын 10 пайыз, 250-350 кг –нікін 15-20 пайызға кемітеді.

Рациондағы энергия мен қоректік заттардың мұндай деңгейде шоғырлануын мол жеммен (75-85 пайызы жеңіл қорытылатын шырынды азықпен) 10-15 пайызы шөп ұнымен жоғары сапалы белокты жануар тектес азықтармен (көк сүт, балық, ет – сүйек ұны) қамтамасыз етеді. Жемді 2-2,5 кг арпа, сұлы, жүгері, бұршақ, бұршақ күнжара мен шроты түрінде береді. Жеңіл қорытылатын энергия көщі ретінде қызылша, каротинге бай қызыл сәбіз, шөп ұнын қосады. Жазда оларды 1-1,5 кг көк азық қосындысымен ауыстырады. Көк азықты алдын ала 5-10мм етіп турап немесе мыжып араластырып береді. Қабандарды тәулігіне 2 рет күйекке түсерінен 1,5-2 сағат бұрын азықтандырады.

Торайлар басқа мал төліне қарағанда морфологиялық және физиологиялық жағынан жетілмей туады. Жаңа туған торайларда көптеген эмбрионалдық белгілері сақталады. Басқа төлдерге қарағанда торайлардың қанында иммундық қасиеттер беретін гамма – глобулиндер болмайды. Сондықтан жаңа туған торайларға ауруға шалдықпаушылық, сыртқы орта жағдайларына төзушілік қасиеттерін дарыту үшін, белогында 40 пайызға дейін гамма глобулиндер болатын ене уызына тойындырудың маңызы зор. Торайлар қанында гамма глобулиндер өмірінің екінші аптасынан түзіле бастайды.

Жаңа туған торайлардың физиологиялық дамуының барлығынан қанында қызыл түйіршіктер жетіспейді, төл анемия ауруына шалдыққыш келеді. Оған шошқа сүтінде темірдің аздығы да себеп болады. Қажетті жағдайда 2-3 күндік және 3 апталық торайларға құрамында темірі бар ферродекс (2мл) немесе урозоферан (5мл) ерітінділерін егеді.

Алғашқы үш аптада торайлар ене сүтімен қанағттанып, 1-ші онкүндікте өзінің салмағын 2,5 есе, 1 айлықта 5 есе, ал енесінен бөліне айлығында (2ай) 15-18 есе көбейтеді. Оларды тез өсіп, жақсы жетілуі үшін өмірінің алғашқы күндерінен ақ қосымша азқтарға үйрете бастайды. Ең алдымен қуырылған арпа, жүгері дәнін, минералды қосындыларды (кальцийге бай бор, темірге бай қызыл топырақты) таза науаларға салып қояды.

Арнайы шығарылған құрама жемді торайларға 10-15 күндігінде 25г, 16-20 күндігінде 50г, 21-25 күндігінде 100г, 26-30 күндігінде 225г, 31-35 күндігінде 350г содан әр бес күн сайын 100 грамнан көбейте отырып, екі айда бір басқа 20 кг – ын жұмсайды.

Екі айдан кейін тірі слмағы 20-дан 40 кг-ға жеткенше торайлар салмақ қосуын (тәулігіне 400-450г) тежемей, сүтке негізделген азықтан өсімдік тектес азықтарға бейімделуі қажет. Азықтандыру барысында торайлар денесінде жасына байланысты болатын өзгерістер де есептелуі қажет. Жас торайлар денесінде азық энергиясы негізінен ақзат түрінде байланатын болса, өсе келе ақзат түзуінен май түзуі асып түседі.

4 айдан асқан тұқымдық шошқа төлін салмағы 40- тан 150 кг-ға жеткенге дейін тәулігіне 600-650 г салмақ қосып, сүйектерін, бұлшық етттерін, және ішкі органдарын жақсы дамытатындай етіп азықтандырады.

Тұқымдық торай рационында 4-6 түрден тұратын жем қосындысы, құнарлы техникалық өндіріс қалдықтары 65-80 пайыз, шырынды азықтар 12-20 пайыз, шөп ұны 5-10пайыз, жануар тектес азықтар 3-5 пайыз болады.

Бақылау сұрақтары:

1.Жас қабандардың рационындағы құрғақ зат мөлшері?

2.Қабандарды күйекке түсірер бұрын қалай азықтандырады?

3.Алғашқы үш апта бойы торайлар не мен коректенеді?

4.Торайлар неше айынан бастап өсімдік тектес азыққа бейімделулері қажет?

Әдебиеттер: 1-6 ( негізгі), 1-2 ( косымша )