ҚҰСТАРДЫ АЗЫҚТАНДЫРУ


Дәріс жоспары.

Құсты азықтандыру ерекшеліктері

Құс шаруашылығы – бағалы құс еті және жұмыртқамен, қауырсынмен қамтамасыз ететін шаруашылық саласы.Жоғары сапалы толық рациондармен азықтандырғанда тауық мекиендері жылына 240-280 жұмыртқа береді, әр 1000 жұмыртқаға – 1,5-1,7 ц азық өлшемі жұмсалады. Тор ішінде өсірілетін ет бағытындағы балапандар 49-57 күнде 1,5-1,7 тірілей салмақ тартып, әр 1 кг қосымша салмаққа 1,9-2,4 кг құрама жем жұмсалады. Өзінің тәуліктік салмағын өмірінің алғашқы 50күнінде тауық және үйрек балапандары 40-45 есе, қаз бен күрке тауық балапандары 30-35 есе өсіріп, адам тағамына қажетті бағалы да дәмді ет береді.

Құстың өнімділігі мен беретін өнімдерінің сапасы оны азықтандыру деңгейіне байланысты. Құстың тез өсіп жетілгіштігі және жоғары өнімділігі олардың организімінде зат алмасуының жедел өтуіне негізделеді. Басқа малмен салыстырғанда олардың дене жылуы жоғары (40-42) тынысы ме тамыр соғысы жиі, тірілей салмақ өлшеміне оттегін жұмсауы көбірек. Мұның бәрі ас қорыту жедел жүргендн ғана орын алады. Өндірісте құрама жем құрамына кіретін дәнді алдымен ұнтақтап, мұқият аралстырады да бидай дәнінің көлеміндей етіп түйіршіктейді. Балапандарға ірі түйіршіктерді жарып береді.

Құс азығындағы протеин мен алмасу энергиясының арақатынасын құс түріне, жасына, жынысына, физиологиялық жағдайына, өнімділігне, өнім бағытына, өсірілу технологиясына байланысты энергия протеиндік қатынас (ЭПК) арқылы бақылайды. ЭПК -1 кг азықтағы «шикі» протеиннің әр 1 пайызына келетін алмасу энергисының мөлшерін көрсетеді. Оны қажетті деңгейде сақтау арқылы құс өнімділігі мен балапан өсімталдығын қымбат протеинді азықтарды шығындамай –ақ қамтамасыз етуге болады.

Құстарда зат алмасу жедел жүретіндіктен құс витаминдердің жетіспеушілігіне тез шалдыққыш келеді. Сондықтан құрама жемді витамин қосындыларымен байытады.

Құстың негізгі өнімінің бірі – жұмыртқамен денеден күнделікті көп минералды заттар, әсіресе кальций мен фосфор шығарылатындықтан, оларды міндетті түрде минералды қосындылармен қамтамасыз ету қажет. Бұл мақсатпен бор, әк, ұлу қабыршағын, сүйек ұнын, кальций фосфаттарды, фторсызданған фосфаттардф құрама жемге қосып береді.

Бақылау сұрақтары:

1.Толық рационмен азықтандырғанда мекиендер жылдық жұмыртқа саны?

2.Тор ішіндегі 2 айлық балапандардың салмағы қандай?

3.Құстарда зат алмасу тез жүргендіктен қандай жағдайға ұшыларды?

Әдебиеттер: 1-6 ( негізгі), 1-2 ( косымша )