ЗЕРТХАНАДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕСІ


Сабақтың мақсаты:Студенттерге лабораториялық құрал-жабдықтармен жұмыс істеу тәртібімен және оларды дұрыс жұмыс істеу ережелерімен таныстыру.

Әдістемелік нұсқау.Лабораториядағы кұрал-жабдықтар өте нәзік және негізінен шыныдан жасалған болып келеді. Сондықтан, оларға күш түсіруден аулақ болғаныңыз жөн. Лаборатория ішінде адам денесіне жарақат келтіретін күшті қышқылдар мен негіздер және басқа да химиялық реактивтер мен қосындылар болады.

Ыдыстармен жұмысты өте сақ істеу керек. Сонымен қатар шыны ыдыстарын ұқыпты түрде ұстау қажет, өйткені сынған шыныдан жарақаттануыңыз әбден мүмкін. Сол қираған немесе шатынап жарылған шыны ыдыстарымен жұмыс істеуге болмайды. Жоғары температураға берік емес ыдыстарды қыздыруға болмайтынын айта отырып, ыдыстардағы ерекше белгілердің мағынасын білу керектігінде ескертеміз.

Ыдыс жуғышқа қышқылдар мен негіздерді, ұшқыш қосындыларды, иісті қоспалар мен жанғыш сұйықтарды құюға болмайды, өйткені ол бөлмедегі азаматтардың денсаулығына зиян келтіруі мүмкін.

Әр студент лабораторияда жұмыс істеу барысында қалыпсыз құралдар, ыдыстар және электр жүйесіндегі кемшіліктерді байқаса оқытушыға немесе лаборантқа айтуы керек.

Әдебиеттер: 7,8 ( негізгі)