АТАЛЫҚ БҰҚАЛАРДЫ АЗЫҚТАНДЫРУ


Сабақтың мақсаты:Студенттерге аталық бұқаларды дұрыс азықтандырудың маңызын ашып, оларды азықтандырудың негізгі алғышарттарын үйрету.

Әдістемелік нұсқау:Аталық бұқаларды азықтандырудың маңызы олардың табындағы атқаратын қызметіне байланысты. Негізінен алғанда, ірі қарамал шаруашылығының өнімділігі қолдан ұрықтандыру жағдайында болса да немесе оларды көбейтіп өсіру табиғи шағылыс арқылы жүргізілсе де тікелей аталық бұқалардың тұқым қуалау арқылы берілетін белгілеріне аталық тобы бойынша массасына, сүттілігіне, сүттің майлылығына, дене бітіміне, т.б. байланысты.

Демек ұрық сапасы да аталық бұқалардың азық рационындағы қоректік заттардың, әсіресе протеин мен минералдықэлементтердің, витаминдердің жеткілікті және құнарлы болуы аркылы қамтамасыз етіледі. Мысал үшін рацион құрамындағы сөлдің жетімсіздігі мал тәбетінің төмендеуіне ғана соқтырып қоймайды, сонымен қоса ұрық құрамындағы фруктоза мен лимон қышқылының азаюына да бірден әсер етеді. Мұндай кезде ұрықтың қозғалғыштық қабілеті де кемиді.

Аталық бұқаларға арналған азық нормасы олардың тірідей массасына, өнім бағытына және физиологиялық жағдайына қарай анықтама кітапшасынан алынады. Оларды азықтандыру кезінде жыл бойына қондылығы төмендемей, дене бірішінің бабында сақталуына қатты көңіл бөлінеді.Егер қондылық қалыптағыдан жоғары болса, рацион мөлшері ұлғайтылады. Шағылыстан бос уақытта бұқалар қалыпты норма бойынша азықтандырылып, шағылыс кезінде үстемелетілген азық рационымен қамтамасыз етіледі. Тегінде, бұқалардың азық рационы олардың әрбір 100 кг массасына мына тәртіп бойынша енгізілген сапалы азықтардан тұруы тиіс: қатаң азық - 0,8-1,0 кг ылғалды азық - 0,08-1,0 кг сүрлем 1,0-1,5 кг тамыр түйінінің жемістері

қоспа жем - жай уақытта 0,4-0,5 кг шағылыс уақытында 0,5-0,7 кг.

Физиологиялық жағдайына байланысты жай уақытта рацион құрамындағы әрбір АӨБ 100 грамм қорытылатын протеиннен келуге тиіс болса, шағылыс уақытында бұл көрсеткіш 125-145 грамға дейін көтеріледі.

Ал оны қамтамасыз ету үшін бұл кезде басқа, тәулігіне 50-400 грамм аралығында жануар тектес азықтар беруге болады. Сонымен қоса олардың рацион құрамына сабан, қызылша сығындысы, картофель үгіндісі сияқты азықтар және жыныс жолдарын қабындыратын, химиялық құрамында госсинолы бар рапс, арыш /рыжик/, қыша /сурепка/ күнжаралары мен шроттары енгізілмейді.

Тапсырма.Аталық бұқаларға арнап рацион құру.

Бақылау сұрақтары:

1.Аталық бұқалардың табындағы атқаратын қызыметі?

2.Бұқалардың ұрпақтарының сапаларынеде?

3. Бұқаларға азық рационы қалай тағайындалады?

4. Бұқалардың азық рационы қандай?

Әдебиеттер: 7,8 ( негізгі)