ШОШҚАЛАРДЫ АЗЫҚТАНДЫРУ


Сабақтың мақсаты:Шошқалардың биологиялық ерекшеліктері мен өсіп-өну қабілетінің жоғары екенін ескере отырып, студенттерге оларды өндіріс жағдайында азықтандыру технологиясын ашып түсіндіру.

Әдістемелік нұсқау:Шошқа шаруашылығынан алынатын өнім көп жағдайда малдың аталығына байланысты болып келеді. Өйткені, шошка өте өсімтал және жылдам көбейетін жануар. Мегежіндер ұрықтанғаннан кейін 114 күнде шамамен 10-12 торай табады. Ал бұл циклдің жылына 2,2-2,5 рет қайталану мүмкіндігі бар. Оған енді ұрғашы торайлардың айлығына жаңа шағылысқа келетінін қосыңыз. Сонда әрбір торайдың өсіп-өнуі аталықтың тұқым арқылы берілетін қасиеттеріне, ұрық сапасына тікелей байланысты екені белгілі болады. Мұның ішінде тұқым қуалау касиеттері селекциялық іріктеу арқылы жүргізілсе, ұрық сапасы көбінесе олардың жыныстық қабілеттілігіне, күйіне және азықтандыру үдерісінің жан-жақтылығына байланысты болады. Бұл жерде олардың әр түрлі мөлшерде жануар және өсімдік тектес азықтарды қабылдай алатындағы ескеріледі.

Аталық шошкаларға арналган азық нормалары анықтама кітапшаларынан алынады. Оларды ұзақ уақыт шағылысқа пайдаланбаған жағдайда 200-250 кг аталықтардың нормасы 10%, 250-350 кг аталықтардың нормасы 20 % төмендейді. Ал жалпы қойылатын талап - рационның молшері ықшамды болып, негізінен құрама жем тұрпатты болуы. Сонда рацион бойынша жаңадан есіп келе жатқан аталықтардың әрбір 100 кг салмагына 1,7, сақа аталықтардың 100 кг салмағына құрғақ заттан келуі керек.

Шағылыс уақытындағы азық рационы 3-4 кг құрама жемнен /3-4 түрлі концентрат/, 2 кг ылғалды азықтан /аралас шөп сүрлемі/, 0,3-0,5 кг көк балауса ұнынан, 1,4-2,0 л айырылған сүттен және 0,1-0,2 кг балық ұнынан түрады.

Шағылыстан тыс уақытта оларға шамамен 2,8-3,1 кг құрама жем, 2,5 кг ылғалды азық және 0,6 кг көк балауса ұны беріледі.

БУАЗ ЖӘНЕ ТОРАЙЛЫ МЕГЕЖІНДЕРДІ АЗЫҚТАНДЫРУ

Буаз мегежіндерге арналған азык рационы іштегі торайлардың өсіп жетілуіне байланысты алғашқы 84 тәулікке және соңғы 30 тәулікке деп кезең-кезеңімен жасалады. Ал торайлы мегежіндер үшін олардың жасы және торайларды енесінен бөлу уақыты есепке алынады. Сонда 2 жасқа дейін немесе одан жоғары жастағы мегенжіндерге арналган азық рационы шаруашылықта қабылданған технология бойынша торайларды енесінен 60, 35 және 26 тәулікте бөлуді көздейді. Атап айтқанда, сол технологияға арналған рациондар кұрылады.

Рацион құрамына қарай концентратты-картопты, концентратты-тамыртүйнекті және концентраты (құрама жем) болуы мүмкін.

Шамамен алғанда, мегежіндердің рационы мынадай азықтардан тұра алады:

Азыктар, кг

Буаз мегежіндер

Торайлы мегежіндер

Алғашкы 84 тәулік

Соңғы 60 тәулік

Арпа

0.3-0,8

0,3-1,1

0,4-2,5

Бидай кебегі

-

0,6-3,0

Жүгері

0,5-0,8

0,8-1,0

Бұршак

0,1-0,2

0,4-0,5

0,2-0,4

Күнбағыс шроты

0,2-0,3

0,4-0,5

0.2-0,4

Парланған картоп немесе

3,0

4,0

5,0

жартылай тәтті қызылша немесе

3,6

5,0

6,0

аралас шөп сүрлемі

1,7

2,4

3,7

Көк балауса ұны

0,5

6,7

Балық ұны

0,1-0.2

Преципитат, г

40

30

57

Ескерту: парланған картоп тек қана концентратты-картопты, жартылай тәтті қызылша - концентратты тамыр-түйнекті, ал аралас шөп сүрлемі тек концентратты тұрпаттағы рациондарда ғана пайдаланылады.

Тапсырма: Мегежіндер мен торайларға рацион құру.

Бақылау сұрақтары:

1. Мегежіндер ұрықтанғанан соң қанша айда торайлғаайды?

2.Аталық шошқаларға азық рациондары қалай тағайындалады?

3. Аталық шошқалардың шағылыс кезіндегі рационықандай?

Әдебиеттер: 7,8 ( негізгі)