ШӨПТІҢ ЖӘНЕ САБАННЫҢ ОРТА ҮЛГІСІН АЛУ


Сабақтың мақсаты:Студенттерге шөптің және сабанның орта үлгісін алуды үйрету.

Әдістемелік нұсқау: Химиялық құрамы және басты қасиетгері жағынан мүмкіндігінше бүкіл азык партиясының дәл көшірмесі болып саналатын азықтың бір-ак бөлігі оның орта сынамасы деп аталады. Әлбетте, ең алдымен алғашқы (бастауыш) сынама үлгісі алынады, содан соң басты сынамадан орта сынама алынады. Азық партиясының көлемі үлкейген сайын, бастауыш сынама көлемі де өсіп отырады.

Керекті құрал-жабдықтар

1. Жазу дәптері

2. Қайшы

3. Таразы

4. Азық жөніндегі мағлүмат

Істелетін жұмыс:

Маядағы шөп пен сабанның сынамасы 0,5-1 метр биіктіктен маяның ұзындығы бойынша үш жерден: басынан, ортасынан және аяқ жағынан әрбір 15 тоннаға 0,75-1 килограмнан. Байланған шөптен немесе сабаннан орта сынама алу үшін алғашқы сынаманың көлемі 100 тоннаға дейін - 3%, ал одан артығы 1% мөлшеріндегі байлам шөп немесе сабан болуы тиіс. Бастауыш сынама өте көлемді болады, сондықтан одан лабораторияға орта сынама алу үшін (1,5-2 кг) шөпті немесе сабанды әдейілеп жасалған клеенкаға салады.

Араластыру барысында түскен топырақты, ірі өсімдік сабақтарын аластайды. Содан соң сынаманы қағазға орап, лабораторияға жөнелтеді. Жөнелтпес бұрын бұл азық жөніндегі мағлұмат былайша толтырылады:

Лабораторияға келіп түскен 1,5—2 кг азықты, ұзындығын 1-2 см-ден қайшымен турайды және біркелкі шаршылап жайып тастайды. Содан соң ол қиғаш бағытта төртке бөлінеді: сол төртеуінің қарама-қарсы екі бөлімі азықтың салмағы 300-500 г жеткенше алынып тасталып отырады.

Лабораторияға түскен азық, арнайы жасалған азық дәптеріне жазылып отырады. Жоғарыда жазылған әдіс бойынша төрт бұрыш принцип алынған орта сынамадан жедел түрде лабораториялық сынама алынып, оның алғашқы ылғалдығын тез арада анықтаған жөн, өйткені ырғақпен жасалған жұмыс азықтың қоректілігі жөніндегі қате көрсеткішке, демек, қате ұғымға соқтыруы мүмкін.

Тапсырма. Азық жөніндегі анықтама толтыру.

Жұмыстың нәтижесі.

Азық жөніндегі мағлұмат

№_________________________азык үлгісі

салмағы___________________________________________________

азықтың атауы______________________________________________

мекен-жайы________________________________________________

алынған уақыты, мерзімі_____________________________________

алынған учаскенің анықтамасы________________________________

(жер қыртысы және өнделуі)

тыңайтқыш енгізілуі (қашан, неше рет, қандай мөлшерде)_________

Пәлек құрамы, вегетация мерзімі______________________________

Шөпті шабу тәсілі, уақыты, ауа райының ерекшеліктері, гектар

өнімділігі__________________________________________________

шөптің сақтамдылығы_______________________________________

сертификат деректері (техникалық өндіріс қалдықтары мен құрама

азық үшін), технологиясы және сақталу мерзімі__________________

қосымша деректер___________________________________________

Сынама алған адамның қолы /аты-жөні/

Бақылау сұрақтары:

1. Шөп пен сабанның сынамасын қандай биіктіктен алады?

2. Сынаманы 15 тоннадан қанша кг алады?

3. Сабанды лабораторияда сынама алу үшін не істейді?

4. Азық сынамасын қанша етіп кеседі?

Әдебиеттер: 7,8 ( негізгі)