АЛҒАШҚЫ ЫЛГАЛДЫЛЫҚТЫ АНЫҚТАУ


Сабақтың мақсаты:Студенттерге азықтардың алғашқы ылғалдылығын анықтауын үйрету.

Әдістемелік нұсқау:Азық құрамындағы ылғалдылықтың екі түрі болады. Одан 65°С буланып шығатын ылғалдылық алғашқы ылғалдылық /АС/, ал кейінгі 100-105°С температурасында кептіру салдарынан бөлінетін ылғал гигроскопиялық ылғалдылықтың қосындысы - жалпы су /ЖС/ болып табылады. Жалпы су мына формула бойынша аныкталады.

ЖС=АС+ ГС · (100-АС)

100

Ал құрғақ зат /ҚЗ/ жалпы азықты 100% деп санағанда 100 бен жалпы судың айырмасынан туады:

ҚЗ=100 - ЖС /%/

Алғашқы ылғалдылықтан босатылған азық құрғақ /ҚК/, күйіндегі азық, ал гигроскопиялық ылғалдылықтан айрылған азық - абсолюттік құрғақ күйіндегі (АҚҚ) азық деп аталады.65°С буланатын су - клеткааралық бос су, ал І05°-та босап шығатын су - химиялық заттармен байланысты, ішкі су.

Керекті құрал-жабдықтар

1. Лабораториялық диірмен

2. Табақ

3. Қайшы

4. Клеснка

5. Таразы

6. Кептіргіш шкаф.

7. Нөмірленген таза ыдыс (шыныдан)

8. Елек

Істелетін жұмыс:

Лабараторияга келіп түскен сынамадан жедел түрде екі жүз грамм лабораториялық сынама алынады да ол үгітіледі (шөптің ұзындығы 12 см қайшымен кесіледі). Бұл үлгінің алғашқы ылғалдылығын анықтау жолы төмендегідей:

1. Бос табақ таразыға салынып өлшенеді - салмағы /Т/.

2. Оған үгітілген азық салынып өлшенеді /Т+А/.

3. Азығы бар табақтың салмағы мен бос табақтың салмағының арасындағы айырма азық салмағы болып табылады /ТА-Т=А/.

4. Табақтағы азықты, кептірілгіш шкафтағы ыстық 60-65°С жағдайында, ақырғы екі өлшемнің бір-бірінен салмақтарының айырмашылығы 0,5 грамнан артпайтындай күйге дейін кептіру қажет.

5. Кептіру барысында әр азыққа мынадай анықтама қағаз жазылады:

Тапсырма. Азық жөніндегі анықтама толтыру.

Жұмыстың нәтижесі.

Азық жөніндегі мағлұмат

Айы __________ жылы _________ күні ______________

Азықтың атауы __________________________________

Табақ пен азық салмагы /ТА/ _____________________

Бос табақ салмағы /Т/ _____________________________

Азық салмағы/А/ ________________________

Табақ пен азықтың 60-65°С Т-да кептірілгеннен кейінгі

1-ші өлшеуі______________________________________

2-ші өлшеуі______________________________________

3-ші өлшеуі______________________________________

Табақ пен құрғак күйіндегі азықтың салмағы__________

Ұшып кеткен су салмағы___________________________

Алғашқы ылғалдылық, % __________________________

Бақылау сұрақтары:

1. Азықтағы ылғалдылықтың неше түрі болады?

2. Алғашқы ылғалдылық дегеніміз не?

3. Жалпы су дегеніміз не?

4. (АҚҚ) азық дегеніміз не?

5. Ішкі су дегеніміз не?

Әдебиеттер: 7,8 ( негізгі)