ГИГРОСКОПИЯЛЫҚ ЫЛҒАЛДЫЛЫҚТЫ АНЫҚТАУ


Сабақтың мақсаты:Студенттерге азықтардың гигроскопиялық ылғалдылығын анықтауын үйрету.

Әдістемелік нұсқау:Азықты 100-105°С температурада кептіру барысында оның құрамында, сайып келгенде, мынандай үдерістер жүруі ықтимал: гигроскопиялық судың жоғалуы, ұшпалы заттардың жоғалуы, эфир майлары, көмір қышқылдар, (аммиак, т.б.) тотығу әсерінен отгегіне сіңу.

Керекті құрал-жабдықтар.

1. 100-105°С температураға арналған кептіргіш шкаф,

2. Аналитикалық таразы,

3. Эксикатор,

4. Қалбырша,

5. Темір қысқыш.

Істелетін жұмыс:

1. Бос пакеті шыныдан немесе алюминийден жасалған қақпақты стаканның салмағын өлшейді. Ол үшін ең алдымен қақпақшасы ашық күйіндегі қалбыршаны 1 сағат 40 минут 100-105°С температурада кептіргіш шкафқа салып кептіру қажет. Кептірілген ыдысты қысқыштың көмегімен шкафтан алып эксикаторда 30-40 минут суытады да, бос күйінде таразыға салып өлшейді.

2. Өлшенген ыдысқа 1-2 г зерттелетін азык салынып, тағы да өлшенеді. Азығы бар ыдыстың салмағынан алдында өлшенген бос ыдыстың салмағын алып тастаса талдауға деп алынып отырған азықтың таза салмағы шығады.

3. Азығы бар қалбыршаны (қақпағы стақанның қырына қойылған) кептіргіш шкафта 100-105°С температурада 1-2 сағаттан бірнеше рет кептіреді. Кептіру аралықтарында ыдысты қысқышпен алады. Эксикаторда суытқан соң оны өлшеп отыру керек. Ақырғы екі өлшемнің айырмашылығы 1 мг аспау керек. Егер ыдыстың кейінгі өлшемі алдыңғысынан артып кетсе, онда ол тотығу үдерісінің басталғанын білдіреді. Ал бізге кептіру барысындағы өлшенген салмақтардың ең кемін қолданған дұрыс.

Гигроскопиялық ылғалдылық мына формула бойынша есептеледі:

Х=а·100

в

мұнда а- ұшып кеткен ылғал салмағы;

в- анализге алынған таза салмағы;

100- пайыздық көрссткіш.

Тапсырма.Гигроскопиялык ылғылдылықты есентеу

Жұмыстың нәтижесі.

Аныктаулар

бірінші

екінші

Азығы бар пакет еалмағы, г

Бюкс салмагы, г

Азыктың таза салмағы, г

100-105°С кептірілген азыкты пакеттің салмагы

1-ші өлшеу

2-ші елшеу

3-ші олшеу

Ұшып кеткен судың салмағы

Құрғақ күйіндегі азықтың гигроскоииялық ылғалдылығы /%/, алғашкы күйіндегі

Құрғақ зат мөлшері /%/

Практикада болса да, ғылыми жұмыс жүргізілсе де, азықтың басқа да қоректік заттарын анықтау барысында бір емес, қосымша екінші анықтаманы да бірге жасап отыру қажет. Екі анықтама деректерінің алшақ болуы жұмыстың дұрыс жүргізілгендігіне күмән туғызады.

Бақылау сұрақтары:

1.Азықты 100-105°С температурада кептіргенде не байқалады?

2. Алғашқы ылғалдылық дегеніміз не?

3. Жалпы су дегеніміз не?

4. (АҚҚ) азық дегеніміз не?

5. Ішкі су дегеніміз не?

Әдебиеттер: 7,8 ( негізгі)