АЗЫҚТЫҢ КҮЛІН АНЫҚТАУ


Сабақтың мақсаты:студенітерді азықтың күлін анықтау технологиясымен таныстыру.

Әдістемелік нұсқау:Азықтың органикалық заттары жанып кеткеннен кейін қалған қалдықты күл деп атайды. Азықтың күлін алу үшін оны алдымен, баяу электр плитасында, сонынан муфельде 500-5500-та жандырады.

Керекті құрал-жабдықтар:

1. Фарфорлы тигельдер

2. Темір кысқыштар

3. Электр плитасы

4. Муфель пеші

5. Эксикатор

6. Аналигикалык таразы

7. Шыны таяқшалар

Істелетін жұмыс:

1. Фарфор тигель муфельді пеште (тасы қызғылт тартқанға шейін) бір сағат бойы қыздырылып, темір қысқыштың көмегімен эксикатор ішінде 30-40 минут суытылады (эксикатор қақпағын бірнеше минут ұстап тұру қажет, әйтпесе қызған ауаның әсерінен жерге ұшып түсуі мүмкін).

2. Суытылған тигельдегі күлді аналитикалық таразыға салып өлшейміз де, салмағын дәптерімізге жазып қоямыз.

3. 1-2 г зерттелетін азықты (тигельдің орта денгейіне дейін) бос тигельге салып, тағы да өлшеп, салмағын жазамыз. Осы салмақпен бос тигельдің салмағыныц айырмашылығы зерттелетін азыктың салмағы болып табылады.

4. Азығы бар тигельді электр плитасына қойып ауа сорғыш шкаф ішінде түтіндеуі басылғанға дейін қыздырып, суық муфель пешіне саламыз да, сәл қыздырудан бастап, пеш температурасын бірте-бірте 500-550° дейін жеткіземіз. Бұдан жоғары температурада фосфор, күкіріт және кейбір элемент тұздарының ұшуы ықтимал.

Егер азық дұрыс жанбай жатса, сол суытылған тигельге бірнеше тамшы тазартылған су қосып электр пешінде буландырған соң, операцияны тағы да қайталаған жөн. Кейде мұндай жұмысты бірнеше рет қайталауға тура келеді.

5. Азығы күл болған тиігельді эксикаторға салып суытып, өлшеу қажет. Күл салынған тигельді тұрақты салмағына дейін бірнеше рет қыздырып, суытып, өлшеп отыру керек. Сонда, күлі бар тигель мен бос тигель айырмашылығы күлдің таза салмағын береді және оның пайызын төмендегі формула бойынша тапқан жөн:

Х=ах 100

В

мұнда X - күл пайызы;

а - күл салмағы, г;

в - зерттелген құрғақ азықтың таза салмағы, г.

1 тапсырма. Күлді анықтау кестесінтолтыру

2 тапсырма. Күл ерітіндісін дайындау

Жұмыстың нәтижесі.1 тапсырма.

Анықтаулар

бірінші

екінші

Тигель саны /№/

Бос тигельдің салмағы /қыздырылғаннан соң/, г

Азығы бар тигельдін салмағы, г

Азықтың таза салмағы, г

Күлі бар тигельдің

1-ші салмағы

2-ші өлшеуден кейінгі салмағы

3-ші өлшеуден кейінгі салмағы

Тұракты салмағы, г

Күлдін өз салмағы, г

Күлдің пайыздық көрсеткіші, пайыз /құрғақ заттық/

Күлдің пайыздық көрсеткіші, пайыз /абсолютті құрғақ заттық/

Органикалық зат мөлшері, пайыз

Жұмыстың нәтижесі.2 тапсырма.

Табылған күлдің құрамындағы минералдық заттарды зерттеп, анықтау үшін одан күл ерітіндісін дайындау қажет:

1. Табылған күлді сол тигельдің ішінде тұз қышқылының (сумен сұйытылуы 1:1) көмегімен ерітіп (тигельдің орта деңгейіне дейін құйылады), үстіне 1-2 мл азот қышқылы қосылады. Қосындыны шыны таяқшамен араластыра отырып күлді еріту керек. Күл еріген соң оның құрамындағы тұздар, хлорлы тұзға айналады.

2. Күл қалдықтары түгелдей тұз кышқылымен жуылған ерітіндіні тигельден химиялық стақанға құяды. Стақан іші бірнеше рет тазартылған сумен шайылады. Стақан ішіндегі күл кейде ерімей қалуы мүмкін. Ондай жағдайда оны электр плитасында қыздырып жіберген жөн. Кейде стақан түбінде құм бөл-шектеріде қалады.

3. Стақандағы ерітінді қағаз сүзгіш арқылы аумағы 100-200 мл өлшегіш колбаға құйылады. Әлбетте стақанды бірнеше рет шайып, сол сүзгіш арқылы қайта құйып отырамыз. Колбадағы осылай дайындалған күл ерітіндісін мұқият араласғырған жөн /сілкуге болмайды/.

Бақылау сұрақтары:

1.Қалдық күл дегеніміз не?

2. Азықтың күлін алу үшін не істеледі?

3. Фосфор эксикаторда қанша уақыт суытылады?

Әдебиеттер: 7,8 ( негізгі)