ДӘНДІДАҚЫЛДАРДЫҢ САПАСЫН АНЫҚТАУ


Сабақтың мақсаты:студент жастарды сүрлеу технологиясымен және микробиологиясымен таныстыру.

Әдістемелік нұсқау: Дәнді-дақылдар көрсеткіштерінің түсі, жылтырағы олардың, жиналған уақыты мен сақталуына байланысты. Қалыпты, өзіндік сорты, түсі, жылтырағы, майда бетінің болуы дәнді-дақылдардың уақытында, әрі дұрыс сақталғанын көрсетеді. Жылтырақтың жоқтығы, біркелкі болмауы, ұштарының қараюы олардың дұрыс әрі уақытында жиналмағандығына байланысты. Ұзақ уақыт сақталғанда олардың түсі өзгеріп, бұзылады.

Дәнді-дақылдардың босаңсуы, олар өнгенде, суық жерде сақталғанда, қызғанда және зақымдағанда болады.

1. Иісі жағымды, қалыпты дақылдар тек ұзақ уақыт сақталғанда ғана көгерген, шіріген жағымсыз иіс пайда болады. Желдеткен кезде иіс жоғалады.

2. Иісін анықтау. Дәнді-дақылдардың иісін мынадай жолмен анықтайды:

а) дақылды алақанға салып, уқалап, үрлейді.

ә) стақандағы ыстық суға салып, үстін жауып қояды, 2-3 минут өткен соң иісін анықтайды.

3. Ылғалдылығы кептіру арқылы анықталады.

Керекті құрал-жабдықтар:

1. Кептіргіш шкаф.

2. Стакан.

3. Фенолфталеин қосадысы.

Істелетін жұмыс:

Ол үшін температурасы 130° арнаулы шкафта 40 минут кептіреді. Шаруашылық жағдайында ылғалдылығы 15 пайыздан төмен болса, онда дәндер бір-бірінен ажырап, ұшып кетеді, ал ылғалдылығы 20 пайыз болса — мыжылады.

Дәмін шайнау арқылы анықтайды. Дәнді дақылды ыстық сумен жуып, ауызға салып, бағалайды. Жақсы дақылдың дәмі сүттің тәттілігіндей болып тұрады, ауызда жабысады. Нашар дақылдың дәмі ащы болады.

Дәнді-дақылдың қышқылдығын Тернердің градусымен өлшейді. Ол үшін 25 гр дақылды алып 500 мл колбаға салады да, 250 мл сүзілген су құйып, 10 мин араластырады. Соңынан суды стақанға құйып, 2-3 тамшы фенолфталеин қосады, 0,1 пайыз азот қышқылының ерітіндісімен әлсіз қызыл түске боялғанға дейін титрлейді. Қышқылдықты мына формуламен анықтайды:

К=4 х А

10

К - Тернер градусы.

А - 0,1 қалыпты қышқылдың титрге кеткен мөлшері.

4 - 100 г болу үшін салмағына түзету.

Қалыпты қышқыл - 3 °Т.

Бұзыла бастаған қ. - 3,0-4 °Т.

Сақтауға қатерлі қ. - 5,5 °Т.

Сақтауға болмайтын қ. - 7,5 °Т.

Егерде 9,5 °Т болса, онда ол бұзылған дақыл болып саналады. Алынған нақтылы дәнді дақылдар «Пурке» аспабымен анықталады. Ал дәнді-дақылдардың мөлшері натурасы жоғары, натурасы орташа және натурасы төмен болып бөлінеді.

Бидай - 700-800 г (760). Қара бидай - 670-750 г (700). Арпа - 500-600 г (550). Сұлы - 460-510 г (470) болады.

Абсолюттік салмақ дегеніміз 1000 дана дақылдың салмағы. 1000 дана дақылды санап алып өлшейді де, оны стандартпен салыстырады.

Жүгері - 250-300 г, соя 100-250 г, арпа 27-52 г.

Бұршак - 150-340 г, тары - 5-8 г, азықтық бұршақтар 350-550 г, бидай 25-48 г.

Тазалығы. Өлшеуге арпа, қарабидайдан 50 г, бұршақ, жүгеріден - 100 г, тарыдан - 25 г алып, қағазға сеуіп, бөліктерге беледі.

А) таза дақыл басылған, тапталған және тағы басқа да түрлерінің болуы мүмкін.

Б) арамшөп қосылып, топырақ, құм және арамшөп тұкымдары араласқан әр бөлікті өлшеп, пайыздық салмағын анықтайды. Ұсақ насекомдардың дәнді дақылдарды бүлдіру әсерін алып көрейік. Мысалы:

1 кг дақыл алып, оны 1,5 мм електен өткізіп, лупамен немесе микроскоппен қараймыз. Ондағы насекомдардың мөлшеріне байланысты 3 деңгейлі белдеуді ажыратамыз.

I дәрежелі бүліну - 1-5 насекомның немесе 1 кг дақылда 1-20 кененің болуы.

II дәрежелі бүліну - 10-нан көп насеком болуы немесе көптеген кенелердін болуы.

III дәрежелі бүліну - өте көп кенелердің болуы.

Насекомдардың дақылда жұмыртқа салуын былайша анықтайды - 15 кг дақылды алып, арнайы елекпен 1 минутқа жылы суға салады (температура - 30°), сонымен бірге 1 пайыздық марганец ерітіндісін қосады. Дақылды қағазға төгіп, боялғандарын санайды. Бұл дақылдар насекомдардың жұмырткаларымен зақымданған.

Ұнтақталған азықтардың Мемлекеттік стандарт талаптары

Көрсеткіштер

Мемлекеттік стандарт

І.Түрі

Сұр түсті Қызғылт сары Қоңыркай сұр

2. Исі

Бұзылған нан

Көк иісі және басқадай иісі байқалады

3. Қышқылдығы

50 Гернерден жоғары болмау керек

4. Әр түрлі қоспалар

0,05 пайыздан жоғары болмау керек

5. Ылғалдығы

15 пайыздан жоғары болмау керек

6. Ұнтақтығы:

Ұнтақ

0,1-1 мм

орташа

1,0-1,8 мм

ірі

1,8-2,6 мм

7. Материалдық қоспалар

0,8 пайыздан жоғары болмау керек

8.-----қоспалар

0,05 пайыздан жоғары болмау керек

9.---- құрттар (------)

0,1 пайыздан жоғары болмау керек

Тапсырма:дәнді дақылдардың сапасын бағалау

Жұмыстың нәтижесі.

Көрсеткіштер

Баға нәтижелері

1. Азықтың түрі

2. Түсі және жылтырлығы

3. Иісі

4. Дәмі

5. Қышкылдығы

6. Ылғалдығы

7. Натура

8. Тазалығы, пайыз

Кестенің жалғасы

9. Абсолюттік тазалығы (1000 д.д.)

10. Насекомдармен бүлінуі

А)кенемен

Б) бізтұмсықпсн

11. Қорытындысы

Бақылау сұрақтары:

1.Дақылдардың босаңсуы қалай болады?

2.Дақылдардың неше градуста пеште қыздырады?

3. Дәнді – дақылдардыңқышқылдығы немен анықталады?

Әдебиеттер: 7,8 ( негізгі)