Аналитикалық химияның пәні мен негізгі түсініктері


Аналитикалық химия — химиялық анализдің теориялық негіздерін және әдістерін зерттейтін ғылым.

Анализ – заттың немесе заттар қоспасының химиялық құрамын, кейде құрылысын анықтау болып табылады. Көбінесе затты немесе қоспаны қарапайым құрамдас бөліктерге бөліп, әрқайсысын жеке анықтайды.

Аналитикалық химия көптеген міндеттерді шешеді:

1.    Заттың табиғатын (органикалық немесе бейорганикалық зат екенін) анықтайды.

2.    Заттың құрамдас бөліктерінің түрін (иондар, молекулалар, атомдар) және элементтердің тотығу дәрежесін анықтайды.

3.    Қоспалардың құрамын, негізгі компонентінің және бөгде қоспақтардың мөлшерін анықтайды.

4.    Белгісіз заттың формуласын анықтайды.

5.    Құрылымдық элементтерін айқындап, қосылыстың құрылысын анықтайды.

Аналитикалық химия  2 үлкен бөліктен тұрадысапалық және сандық анализ.

Сапалық анализзат құрамына кіретін жеке элементтер немесе иондарды табу немесе «ашу».

Сандық анализ – заттың құрамындағы жеке құрамдас бөліктердің сандық мөлшерін анықтау.

Бірінші заттың сапалық құрамын, сонан соң сандық құрамын анықтайды.