Сынама түрлері


Химиялық анализ сынама алудан және сынаманы анализге дайындаудан басталады. Сынама алу кезінде жіберілген қателіктерді түзетуге болмайды, сондықтан жүргізілген анализдің мәні жойылады.

Сынаманың келесі түрлері болады:

Жалпы (біріншілік) сынама - анализденетін объектіден (мысалы, кеннен) алынатын массасы 1-50 кг жететін, кейде тіпті 0,5-1 т болатын сынама. Жалпы сынама алу кезінде заттың (қоспаның, кеннің) барлық бөлшек түрлерін алады: кесек, орташа, ұсақ, ұнтақ. Объект неғұрлым әр текті болса, алынатын жалпы сынаманың көлемі де соғұрлым көп болады.

Зертханалық сынама – мөлшері 25 г – 1 кг. Оны жалпы сынаманы қысқарту (азайту) арқылы алады. Ол үшін жалпы сынаманы ұнтақтап, араластырады, сосын мөлшерін қысқартуға кіріседі. Ол үшін келесі әдістер қолданады:

· Конус және сақина әдісі

· Кварттау әдісі

· Шахмат әдісі

· Механикалық бөлгіш пайдалану

Сондағы алынған зертханалық сынаманың бір бөлігін алдын ала сынаулар үшін пайдаланады. 2-бөлігін мүмкін болатын арбитражды сынауларға сақтайды. 3-бөлігін анализ үшін пайдаланады (анализденетін сынама).

Анализденетін сынама орташа (өкілетті) сынама деп аталады. Оның орташа құрамы зерттелетін объектінің жалпы орташа құрамын көрсетуі тиіс.

Сынама мөлшері неғұрлым көп болса, соғұрлым оның өкілеттігі артады, алайда үлкен сынамалармен жұмыс істеу қиын, сондықтан орташа сынаманы алғанда мөлшерін аз, ал өкілеттігін жоғары қылып алу керек.