Бөлшектік және жүйелік анализ


Бөлшектік анализде иондарды ерекше реакциялар көмегімен анықтайды. Анализ жылдам және кез келген кезекпен жүргізіледі. Мысалы, Al3+ ионын ализарин көмегімен анықтауға болады.

Алайда, ерекше реакциялар өте аз, ал иондар бір-бірін анықтауға кедергі жасайды. Мысалы, K+ және NH4+ иондары гидротартратпен өзара ұқсас тұнбалар түзеді. Сондықтан, K+ ионын анықтау үшін, алдымен ерітіндіден NH4+ иондарын жою керек.

Сапалық анализде иондарды аналитикалық топтарға бөліп, белгілі жүйемен, яғни қатаң кезекпен анықтайды. Мұндай анализ жүйелік анализ деп аталады.

Жүйелік анализде қоспадан иондардың белгілі тобын бөліп алады, ол үшін иондардың топтық реагент әсеріне қатысты ұқсастығы мен айырмашылығын пайдаланады. Сонан соң бөліп алынған иондарды белгілі кезекпен анықтайды.