Бақылау сұрақтары


1. Бренстедтің протолиттік теориясы тұрғысынан қандай электролиттер қышқыл, негіз, амфолит деп аталады? Мысал келтір.

2. Протолиттік теорияның негізгі тұжырымдары.

3. Еріткіштердің қышқылдық-негіздік қасиеті: протондық және апротондық еріткіштер. Протогенді, протофильді және амфипротонды еріткіштер.

4. Қышқыл мен негіз күшіне еріткіш табиғаты қалай әсер етеді? Еріткіштің нивелирлеуші және дифференцирлеуші әсері.

5. Автопротолиз құбылысы, автопротолиз константасы, оның маңызы.

6. Буферлі ерітінділер, олардың түрлері, рН шамасын есептеу.

7. Буферлік сиымдылық, оны анықтау жолдары.

8. Буферлік сиымдылыққа әсер етуші факторлар.

9. Тепе-теңдіктік редокс-потенциал. Нернст теңдеуі.

10. Тепе-теңдіктік редокс-потенциал шамасына әсер етуші факторлар: а) рН әсері; ә) комплексті қосылыстар түзілуінің әсері; б)тұнба түзілуінің әсері.

11. Қандай рН мағынасында Cr2O72-,14Н+/2Cr3+ жүйесінің потенциалы Е0-ге тең?

12. Тұнбаның ерігіштігі деген не, ол қандай факторларға тәуелді?

Ерігіштікке: а) бөтен электролиттің; ә) аттас ионның; б) ерітінді рН-ның;

в) бәсекелес реакциялардың әсері.

13. Ерігіштік көбейтіндісі (ЕК), анықтамасы, шамасына әсер етуші факторлар.

14. Ерігіштік арқылы ЕК және керісінше, ЕК арқылы ерігіштікті есептеу қандай формулалар арқылы жүргізіледі?

15. Комплексті қосылыстар деген не? Құрамы қандай?

16. Орталық ион, лиганд, ішкі аймақ, сыртқы аймақ түсініктеріне анықтама бер.

17. Орталық ионның координациялық саны (КС) деген не, ол қандай факторларға тәуелді?

18. Лигандтың дентанттығы деген не? Дентанттығы бойынша лигандтар қалай жіктеледі?

19. Комплексті қосылыстардың тұрақтылық және тұрақсыздық константалары, мысал келтір.