Анализдің негізгі метрологиялық сипаттамалары


Анализдің негізгі метрологиялық сипаттамаларына мыналар жатады:

Анализ дұрыстығы – химиялық анализдің сапасы, жүйелік қателіктің 0-ге жуықтығын көрсетеді. Дұрыстық абсолютті және салыстырмалы қателіктермен бағаланады.

Қайталанғыштық анықтау нәтижелерінің бір-біріне жуықтығын сипаттайды. Кездейсоқ қателіктердің өлшемі болып табылады.

Өлшеу дәлдігі - жеке нәтижелердің шынайы шамаға жуықтығын сипаттайды.

Анықтау шегі немесе ашылу минимумы - берілген әдістеме бойынша компоненттің бар екендігін сенімді түрде сапалық анықтауға болатын ең кіші мөлшері.

Анықталатын мөлшер интервалы - берілген әдіспен немесе әдістемемен сенімді түрде сандық анықтауға болатын мөлшер аумағы.

Анықталатын мөлшердің төменгі шегі – осы интервалдағы ең төмен шама.

Анықталатын мөлшердің жоғарғы шегі - интервалдың ең жоғарғы шамасы.