Гаусс таралуы


Анализ нәтижелері бойынша 2 түсінік бар:

Сара жиынтық - бір объектіні әр түрлі әдіспен, әр түрлі аспаппен, әр түрлі адамдар анализдегенде алуға мүмкін болатын барлық нәтижелер.

Таңдамалы жиынтық немесе таңдама - бір әдіспен алынған 3-7 нәтиже. Егер таңдама неғұрлым үлкен болса, соғұрлым таңдама сара жиынтыққа жуық болады. Мысалы, анықтау саны көп болса (n=50-100), онда жуық шамамен таңдаманы сара жиынтық деп санауға болады.

Анықтау саны көп болғанда кездейсоқ қателіктер Гаусстың таралу теңдеуі бойынша бағаланады.

y = ψ(x)=

Мұндағы, y - қалыпты таралу мүмкіндік тығыздығы, x- кездейсоқ шама, μ - шынайы шама, σ2- дисперсия. Дисперсия – кездейсоқ шаманың μ маңында таралуын сипаттайды.