Бақылау сұрақтары:


1. Метрология нені зерттейді?

2. Аналитикалық сигналды өлшеу. Фон сигналын анықтау. «Бос» тәжірибе.

3. Анализ нәтижесі, сара жиынтық, таңдамалы жиынтық.

4. Орташа мен медианаға анықтама бер.

5. Гаусс таралуы.

6. Стьюдент таралуы (t-таралу).

7. Қай таралу кезінде сенімділік интервалы тар: Гаусс таралуында немесе Стьюдент таралуында?

8. Анализ қателіктері, қателіктерді жіктеу түрлері:

а) есептеу жолы бойынша;

ә) шығу себебі бойынша.

9. Абсолютті және салыстырмалы қателіктер.

10. Жүйелік қателіктер, олардың түрлері.

11. Жүйелік қателіктерді анықтау және жою тәсілдері.

12. Кездейсоқ қателіктер, оларды бағалау.

13. Анализ нәтижелерін статистикалық өңдеу.

14. Өрескел қателіктер, Q-критерий.

15. Екі орташаны салыстыру, F-критерий.

16. Мәнді сандар.

17. Гравиметриялық анықтаулар кезіндегі негізгі қателік көздерін атаңдар.

18. Титриметриялық анықтаулар кезіндегі негізгі қателік көздерін атаңдар.

19. Әдіс қателігі 0,2%. Алынған шамаларда неше мәнді сан көрсету керек: 20,452; 20,22; 0,48255?

20. Анализ кезінде кездейсоқ қателіктерді қалай азайтуға болады?

21. Анализдің негізгі метрологиялық сипаттамалары: дұрыстығы, дәлдігі қайталанғыштығы, анықтау шегі, анықталатын мөлшер аймағы.