Бақылау сұрақтары:


1. Титриметриялық анализдің негізі. Анализ қай заңға негізделген?

2. Эквиваленттік нүкте (ЭН), титрлеудің соңғы нүктесі (ТСН).

3. Титриметриялық анализде реакцияларға қойылатын талаптар.

4. Титрленген ерітінділер, олардың түрлері: стандартты және стандартталған ерітінділер (біріншілік және екіншілік стандарттар).

5. Стандартты заттар, оларға қойылатын талаптар.

6. Фиксанал (стандарт-титр) деген не?

7. Қолданылатын реакция түріне байланысты титриметриялық анализ әдістері.

8. Титрлеу тәсілдері: тура титрлеу, ығыстыра титрлеу, кері титрлеу.

9. Титрлеудің пипеттеу тәсілі, жеке өлшемелер тәсілі.

10. Реакция түріне байланысты заттардың эквиваленттік массасын қалай

анықтайды?

11. Ерітіндінің титрі, анықталатын зат бойынша титрі.

12. Титриметриялық анализ нәтижесін есептеу: тура титрлеуде, ығыстыра

титрлеуде, кері титрлеуде.

13. Теориялық титрлеу қисықтары, координаталары, оларды не үшін салады?

14. Қышқылдық-негіздік титрлеу қисықтары қандай координатада салынады, оларды не үшін салу керек?

15. Нейтралдық нүкте деген не? Сулы ерітіндіде ол нешеге тең?

16. Келесі титрлеу жағдайларында эквиваленттік нүктеге дейінгі рН мағыналары қалай есептеледі:

а) күшті қышқылды күшті негізбен

ә) әлсіз қышқылды күшті негізбен

б) әлсіз негізді күшті қышқылмен

в) әлсіз негізді әлсіз қышқылмен?

17. Жоғарыда көрсетілген титрлеу жағдайлары үшін эквиваленттік нүктедегі рН мағынасы қалай есептеледі?

18. Жоғарыда көрсетілген титрлеу жағдайлары үшін эквиваленттік нүктеден кейінгі рН мағыналары қалай есептеледі?

19. Жоғарыда көрсетілген титрлеу жағдайлары үшін титрлеу секірмесі қандай рН аймағында орналасады? Эквиваленттік нүктелері нейтралдық нүктеге сәйкес келе ме?

20. Әрбір жағдайда эквиваленттік нүктедегі және нейтралдық нүктедегі ерітінді құрамы қандай?

21. Эквиваленттік нүктедегі рН қандай факторлармен анықталады?

Неліктен әлсіз қышқылды әлсіз негізбен және керісінше титрлеу мүмкін емес?

22. Титрлеу секірмесінің мөлшері қандай факторлармен анықталады?

Титрлеу секірмесі болуы үшін жеткілікті концентрация шектері мен диссоциациялану константаларының мәндері қандай?

23. Көп негізді қышқылды титрлеу қисығында секірме саны неге байланысты?

24. Мына қышқылдарды: H2SO4, H2C2O4 сатылап титрлеуге бола ма?

25. Қай қышқылдың титрлеу секірмесі ең биік болады:

а) CH3COOH (Ка=2•10-5); б) HCOOH (Ка=2•10-4);

в) HCNа=7•10-10); г) H3BO3а=6•10-10); д) HFа=6,8•10-4).

NaOH және Na2CO3 қоспасын Винклер әдісі бойынша метилоранж қатысында титрлейді. Сонда қай зат титрленеді?

26. NaOH және Na2CO3 қоспасын тұз қышқылымен фенолфталеин қатысында титрлейді. Сонда қай зат титрленеді?

27. Мына қоспаларды бөлмей жеке титрлеуге бола ма: а) HCl+CH3COOH; ә)HCl+HNO3; б) HCl+ H3PO4?

28. Қышқылдық-негіздік индикаторларға қандай талаптар қойылады?

29. Индикаторлырдың иондық, хромофорлық және иондық-хромофорлық теорияларының негіздері.

30. Индикатордың түс өзгерту интервалы, титрлеу көрсеткіші, оларға әсер етуші факторлар.

31. Титрлеудің индикаторлық қателігі деген не? Сутектік, гидроксидтік, қышқылдық, негіздік индикаторлық қателіктер.

32. Титрлеуде «куәгер» деген не, оны не үшін пайдаланады?

33. Редоксиметриялық титрлеу негізі, титрлеу қисықтары.

34. Титрлеу қисығы қандай жағдайда симметриялы болады?

35. Титрлеу қисығындағы секірме шамасы немен анықталады?

36. Fe(II) ерітіндісін KMnO4-пен титрлеуде эквиваленттік нүктеге дейінгі потенциал қандай теңдеу арқылы есептеледі?

37. Fe(II) ерітіндісін K2Cr2O7-мен титрлеуде эквиваленттік нүктеден кейінгі потенциал қандай теңдеу арқылы есептеледі?

38. Fe(II) ерітіндісін K2Cr2O7-мен титрлеуде эквиваленттік нүктедегі потенциал қандай теңдеу арқылы есептеледі?

39. Редоксиметрияда титрлеудің соңғы нүктесі (ТСН) қандай жолдармен анықталады?

40. Редокс-индикаторлар деген не? Индикатордың түс өзгеру интервалын қандай формуламен есептейді? Оларды қалай таңдайды?

41. Ерекше (спецификалық) индикаторларға не жатады? Мысалдар келтір.

42. Перманганатометрия әдісін сипатта. Перманганат ерітіндісін қалай дайындайды, қай ерітінді арқылы стандарттайды?

43. Fe(II) перманганатометриялық титрлеу кезінде Рейнгардт-Циммерман қоспасындағы мына заттардың: MnSO4, H2SO4, H3PO4 қызметі неде?

44. Көрсетілген заттардың қайсысы KMnO4 үшін біріншілік стандарт ретінде пайдаланады: Fe2+, H2C2O4•2Н2О, As2O3, Na2C2O4, FeSO4•7H2O?

45. Нитрит-ионды перманганатометрия әдісімен қалай анықтайды?

46. Йодиметрия және йодометрия әдістерін сипатта. Бұл әдістерде индикатор қандай зат?

47. Көрсетілген заттардың қайсысы Na2S2O3 үшін біріншілік стандарт ретінде пайдаланады: CuSO4•5H2O, K2Cr2O7, KMnO4, KNO2?

48. Йодиметриялық титрлеу үшін йод ерітіндісін қалай дайындайды?

49. Калий дихроматы мен калий перманганатын титрант ретінде салыстырмалы түрде сипатта.

50. Комплексометриялық титрлеу негізі. Монодентантты және полидентантты лигандтармен титрлеуге мысал келтір.

51. Комплексометриялық титрлеу қисықтары қандай координатада салынады? Секірме шамасы неге тәуелді?

52. Меркуриметрия әдісі. Жұмысшы ерітіндісі, стандартты заттары және индикаторлары. Бұл әдіспен қандай иондарды анықтауға болады?

53. Комплексометриялық титрлеуде неліктен бейорганикалық лигандтар сирек пайдаланады?

54. Комплексондар деп қандай реагенттерді атайды? Мысал келтір.

55. Комплексон құрамындағы қандай топтар олардың қышқылдық қасиеті мен комплекс түзуші қабілетін сипаттайды?

56. Неліктен комплексондар аналитикалық химияда кеңінен қолданылады?

ЭДТА қасиеттерін сипатта.

57. ЭДТА диссоциациясы қалай жүреді? ЭДТА әрбір формасының мөлшерін (H4Y, H3Y-, H2Y2-, HY3-, Y4-) кез келген рН шамасында қалай есептеуге болады?

58. Неліктен металл ионының ерітіндісіне ЭДТА-мен титрлемес бұрын буферлік қоспа қосу керек?

59. Комплексонометрияда эквиваленттік нүктені (ЭН) қандай жолмен анықтайды?

60. Металл-индикаторлар, олардың түрлері. Металлохромды индикаторлар түрлері. Маңызды металлохромды индикаторларды сипатта. Анализденетін ерітіндіге металлохромды индикаторды қандай түрде қосады?

61. ЭДТА-мен титрлеу тәсілдері қандай?

62. Комплексометриялық анализде бүркемелеу мысалын көрсет.

63. Комплексонометриялық титрлеуде судың жалпы кермектігін қалай анықтайды? Анықтау жағдайлары.

64. Магнийді ЭДТА-мен комплексонометриялық анықтау жағдайлары (орта рН-ы, индикатор).

65. Кальций мен магний бірге болғанда оларды жеке комплексонометриялық қалай титрлейді?

66. Неліктен кейбір металл иондарын ЭДТА-ның артық мөлшерін қосып, кері титрлеу арқылы анықтайды?

67. Тұндыра титрлеу әдісінің негізі, қолданылатын реакциялары. Неліктен көптеген тұндыру реакцияларын титриметриялық анализде қолдануға болмайды?

68. Тұндыра титрлеуде титрлеу қисықтарын қандай координатада салады? Титрлеу секірмесі концентрацияға, температураға, иондық күшке, тұнбаның ерігіштік көбейтіндісіне (ЕК) қалай тәуелді?

69. Аргентометрия әдісі, жұмысшы ерітіндісі, анықталатын заттары.

70. Роданометрия әдісі, жұмысшы ерітінділері, анықталатын заттары. Кері титрлеу тәсілімен аниондарды анықтау.

71. Меркурометрия әдісі, жұмысшы ерітіндісі, анықталатын заттары.

Тұндыра титрлеуде титрлеудің соңғы нүктесін (ТСН) анықтаудың индикаторлық және индикаторсыз әдістері.

72. Мор әдісін хлорды келесі хлоридтер құрамынан анықтауда қолдануға бола ма: BaCl2, FeCl3, NaCl+Na2HPO4, NaCl+Na2SO4?

73. Неліктен Мор әдісін рН=7-10,5 шамаларында пайдалану керек?

Фольгард әдісімен йодид-ионды анықтағанда неліктен индикаторды тек AgNO3 артық мөлшерін қосқаннан кейін ғана қосады?

74. Неліктен бромид-ионды анықтау үшін Фольгард әдісін пайдаланған дұрыс?

75. Адсорбциялық индикаторларды пайдалану неге негізделген?

76. Хлорид-, бромид-иондарды қышқылдық ортада қандай әдіспен анықтау керек?

77. Неліктен адсорбциялық индикаторларды пайдаланғанда ерітіндіге декстрин тәрізді коллоид қосу керек?

78. Күмісті роданометриялық титрлеу арқылы анықтау үшін қандай индикатор қажет, неліктен орта қышқылдық болуы керек?

79. Тұндыру әдісі бойынша титрлеуге адсорбция қандай кері әсер тигізеді?

80. Хлорид ерітіндісін күміс нитратымен титрлегенде AgCl бөлшектерінің заряды қалай өзгереді? Ал керісінше титрлегенде ше? Изоэлектрлік нүкте деген не?

81. Zn2+ ионын K4Fe(CN)6 ерітіндісімен титрлеудегі реакция теңдеуін жаз. Осы реакцияда Zn2+ пен K4Fe(CN)6 эквиваленттерін есепте.

82. Бірдей концентрациялы Cl-, Br-, J- қоспасын титрлеу қисығын сал.

83. Галогенид-иондар бірге жүргенде оларды жеке титрлеу мүмкін бе?

84. Хлоридтерді Фольгард әдісімен титрлегенде қай аниондар кедергі жасайды: а) PO43-; б) F-; в) S2-; г)CO32-; д)C2O42-. Себептерін түсіндір.