Физика-химиялық анализ әдістері


Физика‑химиялық әдістер де көбінесе химиялық реакцияға негізделеді. Бірақ реакция нәтижесінде жүйенің немесе ерітіндінің белгілі бір физикалық параметрі өзгереді, сол өзгеріс бойынша сандық анализ жүргізуге болады. Физика-химиялық анализ үш үлкен бөлімнен тұрады:

· Электрохимиялық анализ (ЭХА) – анализденетін ерітіндіге батырылған электродтар бетінде немесе электродтар арасында ерітіндіде байқалатын құбылыстарға негізделген.

· Спектроскопиялық (оптикалық) анализ – анықталатын заттың электромагниттік энергиямен (жарықпен) әрекеттесуіне негізделген.

· Хроматографиялық әдістер – сорбент бойымен жылжығанда қоспа компоненттері әр түрлі сорбциялануына негізделген бөлу және анализдеу әдістері.