МАЛ ДЕНЕСІНІҢ СЫРТҚЫ МҮШЕЛЕРІ


Сабақтың мақсаты: мал денесінің мүшелерімен танысып, оның сыртқы түрін, дене құрылысын бағалауды пайымдау.

Сабақ өткізуге қажетті құрал-жабдықтар: кестелер, жобалар, фотосуреттер, муляждар, сурет салу және жазу жұмыс дәптерлері.

Сабақ мазмұны мен әдістемесі: Организмнің ішкі кұрылысы, зат алмасуы мен өнімдік бағыты дене мүшелерінің дамуы мен сырт тұлғасымен тығыз байланысты келеді. Сондықтан сырт тұлғасына қарап малдың тұкымын, дене құрылысының өнімдік бағыты мен өнімділігін, денсаулығының мықтылығын, өсіру жағдайлары мен өндірістік технологияға бейімділігін болжауға болады. Мысалы, сиыр желінінің формасы мен емшектерінің орналасуы, ұзындығы олардың машинамен саууға бейімділігін көрсететін маңызды белгілері болып табылады.

Малдың анатомиялык-физиологиялық ерекшеліктерімен байланысты қарастырылған сырт пішінін оның экстерьері деп атайды. Мал экстерьері сыртқы дене мүшелерінің айқындалып, көрінуімен айғақталады. Басты дене мүшелеріне малдың басы, шоқтығы, кеудесі, арқасы, белі, сауыры, аяқтары, желіні, сыртқы жыныс мүшелері, терісінің, сүйегінің (қаңкасының) және бұлшык еттерінің дамуы жатады. Оларды сипаттауды малдың басынан бастап, аяқтарың сипаттаумен аяктайды. Сипаттағанда осы дене мүшелерінің кемшіліктеріне баса назар аударады.

Мүйізді ірі қара малдың мүшелері

Бас. Өнімдік бағыты, өнімділігі, дене бітімі мен жынысына қарай малдың басы түрліше болатындықтан, оның көлемі мен профилін анықтап, мүйіздеріне, құлақтарына, көздеріне, әукесіне, тістеріне баға береді. Сүтті сиырдың басы шағын, жеңіл, ұзынша және жіңішкелеу болып келеді. Етті сиырдың басы жалпақ, бет сүйектері қысқалау болады. Жұмыс малының басы ауыр, ауқымды. Сиырдікіне қарағанда бұқаның басы шомбал, маңдайы мен желкесі кең болады.

Мойын. Жануар мойны денесінің ұзындығының 27-30 пайызын құраса-орташа, одан кем болса-қысқа, артса-ұзын болып саналады. Ұзындығымен қоса мал мойнын аумағы мен жуандығына қарай бағалайды. Сүтті сиырдың мойны ұзын, жіңішке, терісі қатпарлы болып келеді. Етті малдың мойны қысқа, әукесі жақсы жетілген. Сиырдікіне қарағанда бұқа мойны жуан да қысқа.

Шоқтық. Шоқтық құрылысы алғашқы арқа омыртқалар қырының, жауырын биіктігінің, ондағы бұлшықеттердің дамуына байланысты. Оның шамасы мен пішінін бағалайды. Сүтті сиыр шоқтығы түзу, жуандығы орташа, бұлшық еттері әлсіздеу. Етті малдың шоқтығы аласа әрі жуан, кейде аша тәріздес, бұлшық еттері дамыған. Шоқтықтың өте биік әрі ашалануы малдың сыртқы пішінінің үлкен кемістігі болып табылады.

Кеуде. Тіршілікке маңызды жүрек пен өкпе орналасқандықтан, кеуде жануар сыртқы пішінінің негізгі мүшелірінің бірі болып саналады. Оны ұзындығы, тереңдігі мен жауырын сыртындағы енімен бағалайды. Денсаулығы мықты, мол өнімді малдың кеудесі кең әрі терең болады. Оның тереңдігі шоқтық биіктігінің 50 пайызынан асса-терең де жақсы дамыған кеуде болып бағаланады. Одан таяз әрі жіңішке кеуде организм әлсіздігін білдіреді.

Жота. Дене бітімінің үйлесімділігі (пропорционалдығы) мен мықтылығын аңғартады. Жотаның иілуі-малдың сыртқы пішінінің үлкен кемістігі.

Бел. Бел ойыстанбай, малдың сауырына өтуі тиіс. Оның қысқа, тегіс әрі жалпақтығы дене бітімінің мықтылығын меңзейді.

Сауыр. Сербек сүйек тұсы мен жамбас буыны, шондай төмпешігінде түзу әрі жалпақ болуға тиіс. Жануар сауырын қысқалығы мен ұзындығы, жалпақтығы мен жіңішкелігі, түзулігі, көтеріңкілігі мен салбыраңкылығы бойынша бағалайды. Бөксенің шатыр тәріздес, қушық, салбыранқы болуы сыртқы пішін кемістіктеріне жатады.

Аяқ. Жануар аяқтарын олардың дұрыс, тік орналасуларына, мықтылығы мен бұлшықеттерінің дамығандығына, сіңірлерінің жетілуіне, тұяқтарының беріктігіне қарап бағалайды. Жүріс буындардың жақындығы, артқы аяқтарының қылыш тәріздес иілуі, піл сирақтылық пен жалпақ табандылық сырткы пішіннің кемістіктері болып табылады.

Желін. Сүтті сиырдың сыртқы пішінін бағалаудағы маңызды мүше. Оны пішіні, бөлімдерінің дамуы, емшектерінің орналасуы мен өлшемдері, сауу жеңілдігі мен сүт шығару жылдамдығы бойынша бағалайды. Сүттілігі мол сиыр желіні тостаған не ванна тәріздес, алдыңғы және артқы бөлімдері дамыған, емшектері машинамен саууға ыңғайлы салалы, цилиндр тәріздес, біркелкі дамыған, алшақ орналасқан. Жұмыр, әсіресе ешкі желінді сиыр сүттілігі кем болады.

Желіннің машинамен саууға жарамдылығын оның алдыңғы бөлімдерінен сауылатын сүт үлесінің жалпы сауылған сүт мөлшеріне шаққандағы көрсеткіші болып табылатын желін индекісімен бағалайды. Оның 0,5-тен (50%-дан) асқаны жөн. Ұрғашы және еркек малдың жыныс мүшелері мен жыныстық белгілері жақсы жетілуге тиіс. Еннің дамуына, оның ұмада орналасуыңа, еннің шамасы бірдей болуына көңіл бөледі. Крипторхизм және жыныс бездерінің әркелкі дамуы еркек малдың үлкен кемістігі болып саналады.

Тапсырмалар.

1. Мал түліктері денесінің контурларында сыртқы пішінін сипаттайтын мүшелерін көрсетіп белгілендер.

2. Дұрыс өсірілмеген және нашар азықтандырылған малдың сырткы пішінінде орын алатын кемістіктерді келтіріңдер.

1-сурет. Қойдың сыртқы дене мүшелер:

1-тұмсығы; 2-аузы; 3-танауы; 4-ерні; 5-мұрны; 6-тұмсық үсті; 7-маңдайы; 8-көзі; 9-құлағы; 10-мойны; 11-жауырыны; 12-шоқтығы; 13-бұға-насы; 14-кеудесі; 15-төсі; 16-алдыңғы аяғы; 17-арқасы; 18-белі; 19-қапсырмасы; 20-қабыр-ғалары; 21-алдыңғы аяқ аралығы; 22-қарыны; 23-ұмасы; 24-жоны; 25-саны; 26-орамы; 27-құйрық түбі; 28-ыштаны; 29-артқы аяғы.

http://web-local.rudn.ru/web-local/prep/rj/files.php?f=pf_668d88bf924fbba51bbf938aeebcb9fe

3-сурет. Жылқының сыртқы дене мүшелері:

1-құлағы; 2-кекілі; 3-қарақұсы; 4-маңдайы; 5-самайы; 6-көз үстіндегі ойығы; 7-көз үстіндегі дөңі; 8-көзі; 9-кеңсірігі; 10-тұмсығының қыры; 11-танауы; 12-еріндері; 13-бұғағы; 14-бұғақ шұңқыры; 15-жақ асты; 16-шықшығы; 17-жақ еті; 18-сағағы; 19-желке жүйдесі; 20-жал; 21-мойын тұрығы; 22-мойын жағы; 23-жұтқыншақ; 24-мойын тамыр; 25-шоқтығы; 26-арқасы; 27-белі; 28-құйымшағы; 29-сербегі; 30-жая; 31-құйрық түбі; 32-қүйрығы; 33-көтені; 34-сан аралығы; 35-кеудесі; 36-омырауы; 37-қабырғасы; 38-төстігі; 39-шеміршегі; 40-қарыны; 41-бүйірі; 42-шабы; 43-үрпісі; 44-ұмасы; 45-жауырыны; 46-иығы; 47-жауырын буыны; 48-шынтақ; 49-білегі; 50-шынтақ буыны; 51-жіліншігі; 52-тұсарлық жіліншігі; 53-тұсауы; 54-тұяқ шашасы; 55-тұяғы; 56-шонданай төмпесі; 57-сауыры; 58-жамбасы; 59-саны; 60-артқы сирағы; 61-тілерсегі; 62-табаны; 63-тілерсек буыны; 64-бақайшығы; 65-сүйелдері; 66-шашасы.

http://skotnyidvor.ru/ebook/62/images/stati-molochnoi-korovy.jpg

2-сурет. Сүтті сиырдың сыртқы дене мүшелері:

1-қарақұсы; 2-маңдайы; 3-тұмсығы; 4-астыңғы жағы; 5-мойны; 7-әукесі; 8-төстігі; 9-шоқтығы; 10-жауырыны; 11-иығы; 12-шынтағы 13-тілерсегі; 14-тізесі; 15-алдыңғы сирағы; 16-бақайы; 17-арқасы; 18-белі; 19-шабы; 20-аш бүйірі; 21-сүт тамырлары; 22-желіні; 23-сербегі; 24-сауыры; 25-шонтай темпесі; 26-саны; 27-тізе ұршығы; 28-серіппелі буыны.

Стати свиньи

4-сурет. Шошқаның сыртқы дене мүшелері:

1-тұмсықшасы; 2-танаудың бет жағы; 3-жоғарғы жақ сүйегі және еріндер; 4-төменгі жақ сүйегі (иегі); 5-көзі; 6-құлағы; 7-сағағы; 8-маңдай және қара құс; 9-желке; 10-мойыны; 11-кеңірдек; 12-шоқтық; 13-арқа-сы; 14-белі; 15-жамбасы; 16-құйрық түбі; 17-құйрығы; 18-бүйірі; 19-жая; 20-шабы; 21-қолтығы; 22-тартпасы; 23-иығы; 24-шынтағы; 25-иық алды; 26-шынтақ буыны; 27- жіліншігі; 28,38-тұсарлығы; 29,30-тұяғы; 31-саны; 32- жамбасы; 33-тізесі; 34-артқы сирағы; 35-өкшесі; 36-серіппелі буыны; 37-бақайшығы; 39-екінші тұяқшасы.

5-сурет. Әтештің сыртқы дене мүшелері:

1,9-сырғалығы; 2-сырғасы; 3-құлағы; 4-көзі; 5, 6, 7-айдары; 8-құс тұмсығы; 10-үлкен орақ қауырсыны; 11-кіші орақ қауырсыны; 12-төсі; 13-белдеме қауырсыны; 14-дене қауырсыны; 15-кеудесі; 16-саны; 17-сирағы; 18-тепкі тырнағы; 19-сирақ тілерсегі; 20-өкшесі; 21-сауыры; 22-бірінші қатардағы серпімді қауырсыны; 23-екінші қатардағы серпімді қауырсыны; 24-құйрық қауырсыны; 25-бағытты қауырсыны; 26-жоны; 27-белі.

Бақылау сұрақтары.

1. Малдың сыртқы пішіні мен дене бітімінің түсініктемесі.

2. Малдың сырткы пішінін бағлауда қандай әдістер қолданылады?

3. Мал түлігінің сырткы пішінін сипаттайтын негізгі мүшелерін атаңыз.

4. Малдың сыртқы пішінінің негізгі кемістіктерін атаңыз.

Баллдық бағалау жүйесінде қандай мүшелер үлесі басым келеді?