МАЛДЫҢ БОЙЫН ӨЛШЕУ ЖӘНЕ ТҰЛҒА ИНДЕКСТЕРІН ЕСЕПТЕУ


Сабақтың мақсаты: өлшеу құралдарымен танысу және оны пайдалану тәсілдерін меңгеру. Мал бойының негізгі өлшемдерімен танысу. Дене өлшемдерін малдың түр-тұлғасын сипаттау үшін пайдалану жолдарын меңгеру. Тұлға индекстерін есептеу және экстерьердің графикалық кескінін салуға машықтану.

Сабақ өткізуге қажетті құрал-жабдықтар: клиникадағы мал түліктері, өлшеуіш құралдар, жобалар, муляждар, сурет салу және жазу дәптерлері, есептеу құралдары.

Сабақ мазмұны мен әдістемесі: Малдың бойын өлшеу-оның экстерьері туралы нақтылы деректер береді, сондықтан малдың түр-тұлғасын дұрыс сипаттау үшін оның рөлі өте зор. Бірақ та бұл әдіс көзбен бағалауға қосымша, көмекші әдіс деп есептелінеді. Себебі бой өлшемдері дене мүшелерінің сандық мөлшерін дұрыс көрсеткенімен, сапалық сипатын толық аша алмайды. Дегенмен де малдың бойы тұралы өлшемдер төмендегі зоотехниялық маңызы бар мәселелерді шешуге мүмкіншілік туғызады: 1) малдың жасына сәйкес өсіп-жетілуін, дене пішінің өзгеруін талдауға болады; 2) нақтылы бір малдың немесе мал тобының түр-тұлғасы бойынша бір бірімен немесе сол мал тұқымы стандартымен, әлде басқа мал тұқымымен салыстыруға болады; 3) әр түрлі ұрпақ өкілдерін, яғни атасы мен төлін түр келбеті бойынша салыстыруға болады; 4) малдың сыртқы пішінін қалаған өнімділік бағытына сәйкестігін анықтайды; 5) қажет болған уақытта бой өлшемдерін пайдаланып, малдың салмағын болжап анықтауға болады.

Малдың бойын өлшеуге үш құрал керек: 1) өлшеуіш таяқ; 2) өлшеуіш таспа; 3) өлшеуіш циркуль. Кейде бұрыш өлшеуіш (гониометр) пайдаланылады. Алғашқы үш құрал сантиметрлік шамаға бөлінген, әдетте өлшем көрсеткіші 0,5 см-ге дейінгі дәлдікпен есептелінеді.

Өлшеуіш таяқ - ағаштан не темірден жасалынады. Мал түлігінің түріне, жасына байланысты әр түрлі болады. Құрылысы біршама күрделі. Өлшеуіш таяқ негізгі тік деңгейінен және қосымша жылжымалы, көлденең тіркеліп бекітетін алмалы салмалы таяқшалардан тұрады.

http://agro.spbb.ru/s/1101-4.jpg6-сурет. Өлшеуіш таяқ:

(сол жақта: а-жиналған түрінде; б, д-жайылған түрінде) және өлшеуіш циркуль (оң жақта 2)

Оларды өзара байланыстырып, жылжыту түрлерін, осыған байланысты өлшеу көрсеткіштерін анықтау жолдары бой өлшемінің түріне (биіктігі, ені, ұзындығы) байланысты әр түрлі болады. Сондықтан студент алдын ала таяқтың құрылысымен, әр түрлі бой өлшемдеріне арналған өлшем шкаласымен танысып, оны ыңғайлы ұстап, пайдалануға машықтанады.

Өлшеуіш циркуль - темірден жасалынады. Бір-бірімен жылжы-малы қосылған, ұшы жұмыр, жарты шеңберлі екі аяқшасынан және бір аяқшасы бойымен жылжитын жұқа, доға тәрізді иілген металл табақшасынан тұрады. Доға тәрізді металл табақшасынан аяқшалары ұшының ара қашықтығын миллиметр дәлдігінде көрсететін сантиметрлік бөліктерге бөлінеді. Онда қашықтықты қай жақтан бастап есептеу керектігі көрсетілген. Өлшеуіш циркульмен шағын дене мүшелерінің ені мен ұзындығын өлшеу ыңғайлы.

https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcRWHc9SDtMA2qqn376WC02tGYobrNdwtie2dadDFJgU8hloX5-R Өлшеуіш таспа – (7-сурет.) ұзындығы 3-5 метр, дәлдігі миллиметрге дейін көрсететін жіңішке таспа. Таспа әр түрлі заттан жасалынады. Өлшеуіш таспа негізінен дене мүшелерінің орамын анықтау үшін пайдаланады. Малдың бойын өлшеу төменде көрсетілген тәртіп бойынша жүргізіледі. Әуелі өлшеуіш құралдардың дұрыс – бұрыстығы тексеріліп, мал өлшейтін орын дайындалады. Ол орынның едені тегіс, мал еркін тұратын, біршама кең болуы шарт. Мал бойын таңертең, аш қарында немесе азықтандырғаннан кейін 3 сағаттан соң өлшеген дұрыс. Малды өлшегенде ол керіліп –

7-сурет.

созылмауы, табиғи қалыпты жағдайда еркін тұруы қажет. Бұл өлшеушіден шыдамдылықты (әсіресе ұсақ немесе қолда сирек ұсталатын малды өлшегенде) қажет етеді.

Мал бойының өлшемдері өте көп. Олардың жалпы саны 70-ке жуық. Дегенмен әрбір мал түлігінің дене өлшемдерінің қалыптасқан саны бар. Ірі қара бойының өлшемдері. Өлшеуіш таяқпен өлшегенде: 1. Бойының (шоқтығының) биіктігі – шоқтықтың ең жоғарғы нүктесінен жерге дейін; 2. Арқасының биіктігі – соңғы көкірек омыртқасының арқа өсіндісінің үстінен жерге дейін; 3. Белінің биіктігі – соңғы бел омыртқасының үстінен сербекке жанай жерге дейін. 4. Құйымшағының биіктігі – құйымшақтың ең биіктігінен жерге дейін; 5. Кеудесінің тереңдігі – шоқтығының ең биігінен жауырын сыртын жанай төс сүйегінің ең төменгі нүктесіне дейін; 6. Кеудесінің енділігі – жауырынның сыртқы тұсынан; 7. Тұрқының қиғаш ұзындығы – жауырын мен тоқпан (қол) жіліктің қосылысы буынының алдыңғы бұдырынан жамбастың шонданай сүйегінің артқы бұдырына дейін;

Өлшеуіш циркульмен өлшегенде: 8. Басының ұзындығы – мүйіз аралығының ортаңғы нүктесінен мұрын айнасына дейін; 9. Маңдайының ені – көз сүйегі доғаларының ең алшақ нүктелерінің ара қашықтығы; 10. Сербегі аралық енділігі – мықын сүйектерінің ең алшақ нүктелерінің ара қашықтығы;

Өлшеуіш таспасымен өлшегенде: 11. Кеуде орамы – жауырын сыртынан орап өлшейді; 12. Жіліншігінің орамы – сирақтың ең жіңішке жерінен; 13. Бөксесінің жартылай орамы – сол жақ тізе буынының бұдырынан оң жақ тізе буынының сыртқы бұдырына дейін құйрық астынан орап өлшегендегі қашықтық.

Жылқы бойының өлшемдері. 1. Шоқтығының биіктігі; 2. Арқасының ең аласа жерінің биіктігі; 3. Сауырының биіктігі – ең биік нүктесінен жерге дейін; 4. Кеудесінің жерден биіктігі – төс сүйегінің семсер өсіндісі тұсынан жерге дейін (таяқпен өлшенеді); 5. Кеудесінің енділігі – жауырын мен қол жілік қосылысы буынының сыртқы бүйірлерінің ара қашықтығы (циркульмен) 6. Кеудесінің тереңділігі; 7. Тұрқының ұзындығы; 8. Кеудесінің орамы; 9. Жіліншігінің орамы; 10. Басының ұзындығы; 11. Маңдайының ені; 12. Сауырының енділігі – сербегі аралығы; 13. Алдыңғы аяғының биіктігі – шынтақтан жерге дейін (таяқ);

Қой бойының өлшемдері: 1. Иығының биіктігі; 2. Арқасының биіктігі; 3. Құйымшағының биіктігі; 4. Кеудесінің жауырын тұсынан енділігі; 5. Сербек аралық енділігі; 6. Тұрқының ұзындығы; 7. Кеудесінің орамы; 8. Жіліншігінің орамы.

Құс бойының өлшемдері: 1. Тұла бойының ұзындығы – жауы-рынның бұғана белдеуінің алдыңғы төмпешігінен құйрық қауырсынының түбіне (ер сүйегінің төмпешік тұсы) дейін (таспамен өлшенеді); 2. Кеудесінің тереңдігі – соңғы мойын омыртқадан төс тұтқасының алдыңғы шетіне дейін (циркульмен). 3. Кеудесінің енділігі – иық бұғана буынының бүйірлері ара қашықтығы (циркульмен). 4. Кеуде орамы – қанат сыртынан; соңғы мойын омыртқасы мен төс тұтқасының алдын жанай лентамен орап өлшейді. 5. Сербегі аралық енділігі – жамбас-сан сүйегі буынының сыртқы бүйірлерінің ара қашықтығы (циркульмен).


8-сурет. Тауық өлшеулері:

1-тұрқының ұзындығы; 2-сергек аралық ені; 3-кеудесінің тереңдігі; 4-киль ұзын-дығы; 5-сирағы; 6-саусағы; 7-кеуде орамы

9-сурет. Қаз өлшеулері:

1-тұрқының ұзындығы; 2-мойны мен тұрқының ұзындығы; 3-кеуде орамы; 4-киль ұзындығы; 5-сирағы; 6-саусағы; 7-тұмсығы


Шошқа бойының өлшемдері. 1. Иығының биіктігі; 2. Кеудесінің жауырын сыртынан орамы; 3. Кеудесінің тереңдігі; 4. Денесінің ұзындығы – шүйде қырынан құйрығының түбіне дейін (таспамен өлшенеді); 5. Жіліншігінің орамы.

Рис. 10. Взятие промеров: 7 - высота в холке; 2 - длина туловища; 3 - обхват груди; 4 - ширина груди; 5 - глубина груди; 6 - обхват пясти10-сурет. Шошқа өлшеулері:

1-шоқтық биіктігі; 2-тұрқының ұзындығы; 3-кеуде орамы; 4-кеуде кеңдігі; 5-кеуде тереңдігі; 6-жіліншік орамы

Малдың сыртқы пішінін дене өлшемдері арқылы сипаттау үшін тұлғасының индексін анықтаудың маңызы зор. Дене мүшелерінің жеке өлшемдері олардың бір-біріне сәйкестігін, мал тұлғасының келістілігін дәл сипаттай алмайды. Осы жетіспеушілікті тұлға индексі толықтырады. Тұлға индекстері бойынша малдың тұқымына сәйкес белгілі бір өнімділік бағытына бейімділігін, өсіп-жетілу дәрежесін, дене пішінінің жас пен жыныс ерекшеліктеріне лайықтылығын және осыларға байланысты оның өзгеру заңдылықтарын біршама толық әрі дәл сипаттауға болады. Алынған өлшемдер бойынша мал тұлғасының келістілігін сипаттау үшін анатомиялык тұрғыдан өзара байланысты мүшелердің салыстырмалы арақатынастарын, яғни тұлға индестерін, есептейді. Мал түлігінің дене бітімі мен жетілу дәрежесін сипаттайтын негізгі тұлға индекстері келесілер:

http://nivushka.ru/_mod_files/ce_ebook/62/images/articles/12265_1_303x200.jpg

11-сурет. Мүйізді ірі қара тұлғасының өлшемдері:

басының ұзындығы-(Ц-Ш); шоқтығының биіктігі--Б); сербек биіктігі (Д-Е); кеуде тереңдігі (Л-М); жауырын артындағы кеуде орамы; жауырын артындағы кеуде тереңдігі (Л-М); тұрқының қиғаш ұзындығы (Р-Н); сирағының орамы.

1. х 100%;


12-сурет. Жылқы шоқтығының биіктігін өлшеу

13-сурет. Мүйізді ірі қара өлшемдері:

а-жауырын артындағы кеуде орамы;

б-сауырының қиғаш ұзындығы.


3. Кеуделілігі х 100 %;

4. Кеуде-бөксе сәйкестігі х 100 %;

5. Денесінің жұмырлығы х 100 %;


6. Денесінің толықтығы х 100 %;

7. Денесінің енділігі х 100 %;

8. Сүйектілігі х 100 %;

Ірі қара еттілігін бағалау үшін бұған қоса еттілік индекстерін есептейді:

9. Еттілігі х 100 %;

10. Дене жуандығы х 100 %;

Дене өлшемдері мен тұлға индекстері бойынша малдың (мал тобының) сыртқы пішінінің (тұлғасының) басқа мал басымен немесе тұқым стандартымен салыстырғандағы дамуының графикалық кескінін (экстерьер профилін) салуға болады.

1-кесте. Әр түрлі өнімділік бағыттағы ірі қараның тұлға индекстері

Индекстер

Дене өлшемдерінің

ара қатынасы

Ірі қараның өнімділік

бағыты

Сүтті

Сүтті

етті

Етті

Сирақтылығы

(Шоқтығының биіктігі кеудесінің тереңдігі) х100

46

46-47

42-43

Шоқтығының биіктігі

Тұрқы

сипаты

Тұрқының қиғаш ұзындығы х 100

120

119-120

122-123

Шоқтығының биіктігі

Кеуделілігі

Кеудесінің ені х 100

61

63-66

73-74

Кеудесінің тереңдігі

Кеуде-бөксе

сәйкестігі

Кеудесінің жауырын сыртынан енділігі х 100

85

94-96

88-89

Сербегі аралық енділігі

Дене

жұмырлығы

Кеудесінің орамы х 100

118

123-126

132-133

Тұрқының қиғаш ұзындығы

Дене

еңселілігі

Құймышағының биіктігі х100

101

102-104

101-102

Шоқтығының биіктігі

Сүйектілігі

Жіліншігінің орамы х 100

14.6

14.7

14.0

Шоқтығының биіктігі

Тапсырмалар:

1. Өлшеу құралдарымен танысып, оларды жұмысқа пайдалану тәсілдерін игеру.

2. Жұмыс дәптеріне әр түрлі түліктер бойының негізгі өлшеулері әдістерін көшіріп жазу.

3. Өткен сабақта өздері алған мал бойының өлшемдерін пайдаланып, сол малдың тұлға индекстерін есептеп, жұмыс дәптеріне жазу керек.

Тұлға индексі

Дене өлшемдерінің ара қатынасы

Мініс

жылқысы

Ауыр жүк

тартушы

жылқы

Тұрқы

Сипаты

Тұрқының қиғаш ұзындығы х 100

99,6

109,0

Шоқтығының биіктігі

Дене

жұмырлығы

Кеуде орамы х 100

114,4

118,5

Тұрқының қиғаш ұзындығы

Дене

толықтығы

Кеуде орамы х100

113,5

129,5

Шоқтығының биіктігі

Кеуделілігі

Кеудесінің ені х 100

53,2

62,3

Кеудесінің тереңдігі

Сирақтылығы

Шоқтығының биіктігі-кеудесінің тереңдігі х 100

50,6

46,8

Шоқтығының биіктігі

Сүйектілігі

Жіліншігінің орамы х 100

12,1

16,2

Шоқтығының биіктігі

2-кесте. Әр түрлі өнімділік бағыттағы жылқының тұлға индекстері

4. Берілген деректер бойынша әр түрлі өнімділік бағытындағы сиырлардың 2-кестеде көрсетілген тұлға индекстерін анықтап, оларды сыртқы және пішіндеріне салыстырмалы түрде жазбаша сипаттама беру керек.

5. Кестедегі анықтаған тұлға индекстері бойынша сақа сауын сиырының экстерьерінің салыстырмалы графикалық кескінін салып, олардың басты айырмашылықтарына жазбаша түсінік беріңіз.

3-кесте. Әр түрлі сиыр тұқымдарының бой өлшемдері, см

Ірі қара мал тұқымдары

Өнімділік

бағыты

Шоқтығының

биіктігі

Кеудесінің

биіктігі

Кеудесінің ені

Тұрқының қиғаш ұзындығы

Кеудесінің орамы

Жіліншігінің

орамы

Сербегінің

аралық ені

Әулиеата

Сүтті

129,0

62,0

43,0

159,0

182,0

18,6

48,3

Алатау

Сүтті-етті

134

69,0

44,0

170,0

185,0

20,0

50,0

Қазақтың ақбас

Етті

127

71,5

45,5

155,5

189,0

19,0

53,5

6. Кестедегі берілген деректер бойынша әр түрлі жылқы тұқымдары экстерьерлерінің графикалық кескінін салыңыз. Графикалық кескіндерге қарап, әр түрлі тұқым жылқылардың сыртқы дене пішініне жазбаша салыстырмалы түрде сипаттама беріңіз.

4-кесте. Әр түрлі бие тұқымдарының бой өлшемдері, см

Жылқы тұқымдары

Шоқтығының

биіктігі

Тұрқының қиғаш ұзындығы

Кеудесінің

орамы

Жіліншігінің

орамы

Буден

Орлов

Владимир

157

158

158

159

160

163

166

180

186

18.0

19.8

-

7. Кестедегі берілген деректер бойынша әр түрлі қой тұқымдары экстерьерлерінің графикалық кескінін салыңыз. Графикалық кескіндерге қарап, әр түрлі тұқым қойларының сыртқы дене пішініне жазбаша салыстырмалы түрде сипаттама беріңіз.

5-кесте. Әр түрлі қой тұқымдарының бой өлшемдері, см

Бой өлшемдері

Еділбай қойы

(қылшықты)

тегене құйрық

Дегерес қойы

(етті- жүнді

тегене құйрық)

Қазақтың оңтүс тік мериносы (биязы жүнді,

жүндес)

Қаракөл

қойы (елтірілік)

Бойының шоқтық биіктігі

76,8

70,9

65,3

66,0

Тұрқының қиғаш ұзындығы

79,9

75,1

66,3

70,0

Кеудесінің

тереңдігі

36,3

35,7

29,6

30,1

Кеудесінің ені

20,8

21,0

19,7

19,1

Кеудесінің орамы

99,9

99,6

91,7

86,0

Бақылау сұрақтары:

1. Малдың негізгі сыртқы дене мүшелерін атаңыз?

2. Малдың сыртқы дене пішініне, түр-тұлғасына баға берудің қандай әдістерін білесіз? Олардың бір-бірінен қандай артықшылығы, кемшіліктері бар?

3. Әр түрлі түліктердің дене пішінін сипаттайтын негізгі бой өлшемдерін атап, оларды өлшеу жолдарын көрсетіңіз?

4. Мал бойын өлшегенде қандай ережелерді сақтау қажет? Тұлға индексін анықтаудың қандай маңызы бар?

5. Сүтті және етті бағыттағы малға тән дене пішінінің ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз?