МАЛДЫҢ СЫРТҚЫ ПІШІНІ МЕН ДЕНЕ БІТІМІН БАҒАЛАУ


Сабақтың мақсаты: малдың сырткы пішінін бағалау арқылы дене бітімі жөнінде тұжырым жасау.

Сабақ өткізуге қажетті құрал-жабдықтар: мал түлігінің нұсқалары, жобалары, муляждары мен суреттері, өлшеуіш кұралдар және есептеу құралдары.

Сабақ мазмұны мен әдістемесі. Малдың сыртқы пішіні, яғни экстерьері, деп оның организмінің анатомиялық-физиологиялық жағдайларына байланысты қарастырылған сыртқы түрін айтады. Мал организмінің сыртқы орта жағдайларына бейімделуі мен оның өнімділік қабілеттілігін қалыптастыратын анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері мен тұқымдық қасиеттері оның конституциясын, яғни жалпы дене бітімін, айқындайды.

Мал денсаулығы, өсімталдығы, көбеюшілігі мен өнімділігі дене бітіміне байланысты болғандықтан, сырт пішініне (экстерьеріне), ішкі ағзаларының қызметіне (интерьеріне) және мінез-құлқына (жүйке жүйесіне) қарап, оның жалпы дене бітімдік (конституциялық) ерекшеліктерін анықтайды. Соның нәтижесінде малдың өнімділік бағытын, өнімділігін және өндіріс технологиясына бейімділігін айғақтайды. Мысалы, сиырдың сыртқы пішіні, желінінің формасы, емшектерінің салалығына қарап оның сүттілігі және машинамен сауу мүмкіндігі жөнінде болжам жасауға болады.

Малдың сыртқы пішінін бағалау түрлі әдістермен жүргізіледі. Олардың ең карапайымы—малдың сырткы түрін көзбен бағалау әдісі. 1,5-2 м жерде тұрған малды алдынан, бүйірінен, артынан мұқият қарап, сыртқы тұрқын, аяқтарының орналасуын, дене мүшелерінің айқындығын (қажет болса ұстап көріп), олардың бір-бірімен үйлесімдігін бақылайды да, түр-тұлғасын бағалайды. Малдың сыртқы пішінін бағалауда басы, мойны, шоқтығы, кеудесі, арқасы, белі, сауыры, аяқтары, желіні мен сыртқы жыныс мүшелерінің жетілгендігіне баса көңіл аударады.


14-сурет. а-сөлекет сиыр басы;

б,в-қатты дамыған сиыр басы;

15-сурет. а-қайқы орналасқан

артқы аяқтар; б-түзу немесе пілдікі

тәріздес орналасқан аяқтар;


16-сурет. а-жоғары тар орналасқан сиырдың шоқтығы; б-жоғары кең орналасқан сиырдың шоқтығы; в-кең кеуде және алдыңғы аяқтарының дұрыс орналасуы; г-тар кеуде және алдыңғы аяқтарының жақын орналасуы.

http://www.kgau.ru/distance/zif_03/razvedenie-110401/img/image030.gif http://www.kgau.ru/distance/zif_03/razvedenie-110401/img/image032.gif


17-сурет. Сиыр арқасының майысуы.

18-сурет. Сиыр арқасы мен белінің түзу орналасуы.


Мүйізді ірі қара малдың сыртқы пішінін бағалауда дене мүшелерінің жалпы үйлесімділігімен, кеудесінің кеңдігі және2 тереңдігімен, буын байланыстарының айқындығымен, аяқтарының дұрыс орналасуымен сүйектерінің мықтылығы және жақсы дамуымен, жүнінің біркелкілігімен, мүйізінің жылтырлығымен, тұрқының және жыныстық белгілерінің дамығандығымен айғақтайды.

Қойдың сыртқы пішінін бағалауда оның мүйізділігіне, басының көлемі мен пішініне, жүнділігіне, мойнының ұзындығы мен жуандығына, мойын терісінің қатпарлығына, шоқтығының биіктігі мен ұзындығына, жотасының пішініне, сауырының ұзындығы мен еніне, кеудесінің кеңдігіне, денесінің артқы үштен бір бөлігінің дамуына, кұйрығының ұзындығы мен пішініне, аяқтарының орналасуына, дене терісінің қатпарлығы мен жүн ерекшеліктеріне көңіл аударады.

http://www.kgau.ru/distance/zif_03/razvedenie-110401/img/image046.gif http://www.kgau.ru/distance/zif_03/razvedenie-110401/img/image054.gif http://www.kgau.ru/distance/zif_03/razvedenie-110401/img/image056.gif

19-сурет. (сол жақтан бастағанда) 1,2-жылқы малының мүшелерінің дұрыс орналасуы; 3-ауыр жүк тартатын жылқының кең кеудесі; 4-тар кеуделі жылқы.

Жылқының сыртқы пішінін бағалағанда оның дене мүшелерін 3 топқа бөледі:1) басы, мойны, денесі (шоқтығы, жауырыны, жотасы, белі, сауыры, кеудесі); 2) аяқтары (орналасуы, білезік пен бақай буындарының, алақан сүйектерінің, бақашықтарының, тірсек буындарының құрылысы); 3) жалпы бітімі, бұлшық еттері, сіңірлері, мінез-құлқы.

http://www.kgau.ru/distance/zif_03/razvedenie-110401/img/image048.gif .http://www.kgau.ru/distance/zif_03/razvedenie-110401/img/image058.gif


20-сурет. Х тәріздес, сиыр аяғына ұқсас артқы аяқтар.

21-сурет. Майысқан арқалы, өткір шоқтықты жылқы.


Шошқаның сыртқы пішінін бағалағанда оның басы, құлағы, сан еті, денесінің ұзындығы, жүні, түгі, аяқтарына көңіл аударады. Мегежіндердің сүт бездеріне, емшектерінің санына қарайды. Емшектері 12-ден кем, жауырынының үсті түсіңкі, жотасы салбыраңқы, шайнау тістері дұрыс қабыспайтындарын жарамсыз деп табады. Қабанның аталық бездері бірдей, жақсы дамулары керек.

6-кесте. Сүтті және сүтті-етті бағыттағы сиырдың сырқы пішінін бағалау жүйесі

Дене мүшелері

Бағаланатын көрсеткіштері

Балдар

Жалпы түр-тұлғасы мен жетілуі

Дене мүшелерінің үйлесімділігі, жалпы келбетінің келістілігі, дене бітімінің мықтылығы,тұқымына тән пішін ұқсастығы

3

Желін

Көлемі, бөлімдерінің біркелкілігі, денеге бекіген аумағының көлемі, сүт бездерінің жетілуі, емшектерінің жетілуі мен орналасуы

5

Аяқтары

Алдыңғы жене артқы аяқтарының жетілу дережесі, орналасуы және тұяқтарының пішіні мен жетілуі

2

Жалпы балл саны

10

Малдың сыртқы пішінін көзбен бағалауды баллдық жүйе арқылы бағалаумен толықтырып, дәлдігін арттырады. Бұл жүйе бойынша малдың жекелеген немесе бір топ дене мүшелеріне жекелеген баллдар беріледі де, соларды қосумен қорытынды баға шығарылады. Мал түлігінің тұқымына, жынысына, жасына байланысты 5,10,100-баллдық жүйелер колданылады. Баллдық бағаның басым үлесі малдың негізгі өнімділігін айғақтайтын белгілеріне тиеді (6,7,8-кестелер).

7-кесте. Сиыр дене бітімін бағалау жүйесі

Мал денесі

мен мүшесі

Жоғары балл беру талаптары

Берілетін балл

негіз. балл

коэффицент

жалпы балл

1. Жалпы дамуы

а) дене құрылымынын үйлесімділігі

5

1

5

б) тұқым бағытының айқындылығы

5

1

5

в) бұлшық еттері нығыз, ортша дамыған

5

1

5

г) қаңқасы берік бірақ дөрекі ірі емес.

5

1

5

2. Дене мүшелерінің дамуы

1. Басы мен мойны

басы жұмсақ, тұқымдікіне үйлесімді; мойны ұзын,түзу,мойын терісі жұка, қатпарлы

5

1

5

2. Кеудесі

а) кең, жауырын арты жолсыз, ойықсыз,

қабырғалары ұзын, дөңгелектелген

5

1

5

б)терең

5

1

5

3. Шоқтығы, арқасы, белі

шоқтығы - кең, түзу; арқасы - кең, ұзын түзу; белі - кең, түзу, ауқымды

5

2

10

4. Ортасы

жақсы дамыған, аумақты

5. Арты

а)кең

5

1

5

б) ұзын

5

1

5

в)түзу

5

1

5

6. Сүттік белгілері

а)желін көлемі үлкен, аумақты. безді

5

2

10

б) желін беліктері біркелкі дамыған, сүт тамырлары білеуленген

5

2

10

в) алдыңғы жене артқы емшектері жақсы дамыған, салалы

5

2

10

7. Аяқтары

иығы дұрыс қойылған. берік

5

2

10

8-кесте. Сүтті және сүтті-етті бағыттағы бұқаның сырқы пішінін бағалау жүйесі

Дене мүшелері

Бағаланатын көрсеткіштері

Баллдар

Жалпы түр-тұлғасы мен жетілуі

дене мүшелерінің үйлесімділігі, дене бітімінің мықтылығы, тұқымына тән пішін ұқсастығы бұқаға тән қайраттылығы, бұлшық еттері мен сүйегінің жетілуі)

4

Дене мүшелері

а) бас пен мойын, кеудесі мен иығы, арқасы мен белі, бөксесі;

4

б) алдыңғы жене артқы аяқтарының мықтылығы мен орналасуы, тұяқтарының пішіні мен жетілуі

2

Жалпы балл саны

10

Тапсырмалар.

1. Бірнеше мал түлігінің сыртқы пішіні мен дене бітімін бағалаңдар; олардың дене мүшелерінің кемістігіне көңіл аударыңдар.

2. Сүтті сиыр мен бұқаның сыртқы пішіні мен дене бітімінің 6,7,8-кестелердегі талаптарға сәйкестігін балл беру аркылы бағалаңдар.

Бақылау сұрақтары.

1. Малдың сырткы пішінін зоотехнияда қалай атайды және бағалайды?

2. Дене бітімі туралы түсінік беріңіз.

3. Малдың сыртқы пішіні мен дене бітімінің арасындағы байланыс немен негізделеді?

4. Мал сырткы пішіні мен дене бітімі өнімділігіне калай ықпал етеді?