МАЛДЫҢ ТҰҚЫМДЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН БАҒАЛАУ


Сабақтың мақсаты: малдың тұкымдык касиеттерін бағалау және сұрыптау, жұптау әдістерімен танысу.

Сабақ өткізуге қажетті құрал-жабдықтар: шаруашы-лықтағы малдың шығу тегі жөніндегі мәліметтер, сұрыптау және жіктеу жобалары, малдың тұкымын бағалау көрсеткіштері.

Сабақ мазмұны мен әдістемесі. Малдың сыртқы пішіні мен дене бітімі оның жеке тұлғалык ерекшеліктері, яғни фенотипі, бойынша бағаланса, өнімділігін кешенді бағалау үшін фенотиптік бағалау оның тегі мен тұкымдық касиеттері, яғни генотипі, жөніндегі мәлімет-термен толықтырылады. Малдың өз басының шығу тегі мен одан алынған тұқымының сапасы (өнімділігі) оның тұқымдык қасиеттерін сипаттайды.

Организмнің тұкымдық қасиеттері белоктар мен нуклеин қышқылдарынан (ДНҚ, РНҚ) тұратын хромосомалар деп аталатын полимерлер арқылы беріледі. ДНҚ молекулалары фосфат қыш-қылының қалдығынан, дезоксирибозадан және аденин (А), гуанин (Г), тиамин (Т), цитозин (Ц) негіздерінен кұрастырылған нуклеотидтердің қос бұрамынан тұрады. ДНҚ молекуласы екіге бөлінгенде бұрамы тарқатылады да, оның әр тізбегінің бойында комплементарлық, яғни толықтырушылық, ережесіне сәйкес жаңа тізбек құрастырылады.


22-сурет. Дрозофила қанаттарының (vg+ — ұзын, Vg— қысқа) және дене бояуының (Ь+ — боз, Ь — қара) тұқыммен берілуі

23-сурет. Арқармеринос тұқымын шығару схемасы


ДНҚ молекуласының бір тізбегі матрица рөлін атқарып, оның бойында цитоплазма ферменттерінің әсерімен РНҚ-ның ақпараттық РНҚ (а-РНҚ) деп аталатын, негіздері ДНҚ молекуласының негіздеріне комплементарлы, тізбегі түзіледі. Мысалы, ДНҚ тізбегінің бойындағы ЦГ-түріндегі үш негіздік қалдықтардан тұратын үштікке (триплетке) а-РНҚ тізбегінің ГЦА үштігі түзіліп, ДНҚ молекуласындағы кодталған генетикалық (тұқымдық) ақпаратты көшіру, яғни транскрипциялау, барысында-РНҚ молекуласына толығымен комплементарлық ақпарат көшіріледі.

Бойындағы тектік генотиптік ақпаратпен а-РНҚ тізбегі жасуша ядросынан цитоплазмаға шығып, рибосомаларға бекітіледі. Мұнда оның үштіктері тасымалдық қызмет атқаратын транспорттық РНҚ-ның (т-РНҚ) комплементарлы үштік негіздерін тартады. Бұл а-РНҚ үштіктеріне комплементарлы т-РНҚ молекулаларына белгілі аминқышқылдары бекітіліп, а-РНҚ тізбегінің бойында т-РНҚ молекуласының аккумуляциялануы барысында белоктың көп пептидтік тізбегі түзіледі. Бұл үрдісті трансляция деп атайды.

Белгілі бір белгінің берілуін қамтамасыз ететін үштікті ген деп атайды. Белоктағы барлық 20 аминқышқылының орналасуын қамтамасыз ететін барлық үштіктер жиынтығын организмнің генетиқалық коды деп атайды.

Аталық және енелік организмдердің жыныстық жасушаларындағы генетиқалық коды олардың ұрықтану барысындағы ядроларының қосылуынан пайда болған зиготаға, яғни тұқым, ұрпаққа беріледі. Малдың тұқымдық қасиеттерін бағалағанда оның, яғни пробандтың, аталық (1) және енелік (Е) шығу тегі зерттеледі. Шығу тегін зерттеудің ең қарапайым әдісі ретінде тектік тор құрастыруды алуға болады:

9-кесте. Пробанд

Е

А

ЕЕ

АЕ

ЕА

АА

ЕЕЕ

АЕЕ

ЕАЕ

ААЕ

ЕЕА

АЕА

ЕАА

ААА

ЕЕЕЕ

АЕЕЕ

ЕАЕЕ

ААЕЕ

ЕЕАЕ

АЕАЕ

ЕААЕ

АААЕ

ЕЕЕА

АЕЕА

ЕАЕА

ААЕА

ЕЕАА

АЕАА

ЕААА

АААА

















Малдың шығу тегі туралы мәліметтері бойынша оның сұрыптау мен жұптау ісіне қажет генеалогиясының гентотипін бағалайды. Шығу тегін бақылау арқылы мал басының генотиптік потенциалын тарылтып, бейімделушілік пен өнімдік қасиеттеріне кері әсерін тигізетін жақын туыстық шағылысуына (инбридингке) жол берілмейді. Сонымен қатар ол мәліметтерді мал басын асылдандыру ісінде аса көрнекті аталықтар мен аналықтарды жекелеп сұрыптау үшін пайдаланады.

Жалпы өнімдік мал шаруашылығында, әдетте, өсіріліп отырған мал басын көзделген өнім бағытында селекциялауға қажетті қасиеттерін фенотиптік сұрыптау арқылы жүзеге асырады. Шаруашылықтағы асылдандыру ісінің қойылған мақсатына байланысты сұрыпталған мал басын жұптастыруды біртоғалық, яғни гомогенді немесе әртоғалық, яғни гетерогенді принциптерге сүйене отырып жүргізеді.

Асылдандыру ісіндегі бағытты сұрыптау мен жұптау нәтижелілілін арттыру үшін алынған ұрпак сапасын бағалайды.

Тапсырмалар.

1. Мемлекеттік асылдандыру ісі кітаптарынан (Государственные племенные книги — ГПК) осы өңірде өсірілетін мал түлігі мен тұқымдарының жекелеген көрнекті аталықтарының генеалогиясымен танысыңыздыр.

2. Прекос қой тұқымың МАІК-сының 2 томында келтірілген келесі асыл тұқымды қошқарларды генеалогиясы бойынша бағаландар:

10-кесте. Қошқар БГП-3, 0188, 1970 ж.т.

Саулық 5004; жүн қырқымы - 6,3 кг, ұзыңдығы -10 см: элита класы

Қошқар 8106; жүн қырқымы - 9,0 кг, ұзындығы - 10 см; элита класы

Саулық 0810; жүн қырқымы - 5,5 кг, ұзындығы - 8 см; элита

Қошқар 0049; жүн қырқымы - 7,7 кг, ұзындығы- 10 см; элита

Саулық 5340; жүн қырқымы - 4,5 кг, ұзындығы -10 см; элита

Қошқар 0233; жүн қырқымы - 7,7 кг, ұзындығы-9,5 см; элита

11-кесте. Қошқар БГП-4, 7693, 1967 ж.т.

Саулық 5016; жүн қырқымы - 4,5 кг, ұзындығы - 7,5 см; элита класы

Қошқар 5052; жүн қырқымы - 8,2 кг, ұзындығы - 10,5 см; элита класы

Саулық 0624; жүн Қырқымы - 5,5 кг, ұзындығы -9см; элита

Қошқар 0140; жүн қырқымы - 9,5 кг, ұзындығы - 12 см; элита

Саулық 9131; жүн қырқымы - 5,1 кг, ұзындығы - 9 см;

злита

Қошқар 0449; жүн қырқымы - 7,8 кг, ұзындығы -10 см; элита

12-кесте. Қыздары мен олардың енелерінің өнімділігі бойынша бұқаның жақсартушы» немесе «нашарлатушы» екендігін бағалаңдар:

Енесі

Енесінің

Қызының

Енесі

Енесінің

Қызынын

қызы жұбы

сауы-мы, кг

сүт май-ғы, %

сауы-мы, кг

сауы-мы, кг

қызы

жұбы

сауы-мы, кг

сүт май-ғы, %

сауы-мы, кг

сут май-

ғы, %

1-ші

2800

3,71

3592

4,36

9-ші

2006

4,11

3105

4,02

2-ші

3586

3,75

4545

4,25

10-ші

3959

4,33"

3003

3,99

3-ші

2861

4,52

4451

4 39

11-ші

3579

3,84

3006

4,14 1

4-ші

4601

4,00

4180

4,03

12-ші

2770

4,06

2803

4,25

5-ші

2420

4,16

3939

4,22

13-ші

3582

4,10

3382

4,16

6-ші

2500

4,32

3207

4,21

14-ші

2208

4,59

2833

4,21

7-ші

3333

3,92

3810

4,05

15-ші

3481

4,07

3816

4,04

8-ші

2437

4,68

3376

4,22

16-ші

2781

4,10

4104

4,231

13-кесте. Қыздары мен олардың кұрдастарының өнімділігі бойынша бұқалардың тұқымдық сапасын бағалаңдар:

Бұқа атауы

Қыздарының өнімділігі

Құрдастарынын өнімділігі

сауымы. кг

сүт май-ғы. %

сауымы, кг

сүт май-ғы, %

Ирис

3497

4,07

2999

4,17

Эдисон

3117

4,19

3317

4,13

Эффис

3050

3,94

2731

3.90

Паул

2195

3.74

2057

3,68

Бақылау сұрақтары.

1. Мал генотипін қалай түсінесіз?

2. Малдың фенотипін бағалауда неге көңіл аударады?

3. Тұқым қуалаушылық белгілер не арқылы беріледі?

4. Тұқымдық белгілердің ұрпаққа берілуіндегі комплементарлық биохимиясы калай орын алады?

5. Тұкым қуалаушық белгілер қалай беріледі?

6. Тұқым қуалаушылық белгілердің бірлігі не деп аталады?

7. Мал басының генеалогиясына не жазылады?

8. Малдың шығу тегін қалай бағалайды?

9. Малды ұрпағының сапасы бойынша қалай бағалайды?

10. Мал басын сұрыптаудың мақсаты неде?

11. Мал басын қалай жұптастырады?

12. Ұрпақтың өсіп-өнуі мен өнімділігі неге тәуелді?

13. Гомогендік және гетерогендік жұптастыру нені көздейді, қалай іске асады?