МАЛ ӨСІРУ ӘДІСТЕРІ. ТУЫСТАС МАЛДЫ ШАҒЫЛЫСТЫРУ (ИНБРИДИНГ) ДӘРЕЖЕСІН АНЫҚТАУ


Сабақтың мақсаты: мал шежіресі бойынша оның ата-енесінің туыстық арақатынасы мен шағылыстыру түрін және инбридинг дәрежесін анықтау тәсілдерін үйрену.

Сабақ өткізуге қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері, инбридинг жолымен алынған малдардың шежірелері, мемлекеттік тұқым мал кітаптары, инбридинг жіктелуі көрсетілген плакаттар.

Сабақ мазмұны мен әдістемесі. Мал өсіру әдістері деп, белгілі бір мақсатпен шағылыстыратын малдың тұқымдық және түрлік тегін ұрпақтан ұрпаққа ұластыра жүргізген жұп таңдау жүйесін айтады. Сонымен, кезкелген мал өсіру әдісінің негізінде түпкі бір мақсатпен, ұрпақтан ұрпаққа жүйелі түрде жүргізген жұп таңдаулар жатады. Негізінен бір-бірімен шағылыстыратын малдың тұқымдық және түрлік ерекшеліктеріне қарай мал өсіру әдістерін үш түрге бөледі: таза тұқым өсіру, будандастыру, түраралық будандастыру (гибридтеу).

Таза тұқым өсіру әдісі деп – ұрпақтан ұрпаққа бір тұқымның ғана малын өзара шағылыстыруды айтады.

Будандастыру дегеніміз – тұқымдары бөлек-бөлек малды шағылыстыру. Түраралық будандастыру (гибридтеу) деп - екі түрдің малын шағылыстыруды айтады. Бұлардың әр қайсысы мал тұқымын асылдандыруда нақтылы бір селекциялық мәселені (қалаған мақсатты) шешуге бағытталған. Олардың биологиялық мәні, генетикалық әсері әр түрлі.

Кезкелген малдың алу жолын, оның шежіресі бойынша жылдам және оңай анықтауға болады. Ол үшін әуелі шежіреде енесі жағынан да, әкесі жағынан да қатар кездесетін ата-тегінің бар-жоғын анықтау қажет. Егер екі жақта да кездесетін ата-тегі болса, онда тексеріліп отырған малдың ата-енесі бір-бірімен туыстас болғаны, яғни оның туыстас малды шағылыстыру (инбридинг) арқылы алынғанының дәлелі. Инбридингтің жағымды немесе жағымсыз, зиянды әсерінің білінуі шағылыстырып отырған қандас малдың туыстық дәрежесіне байланысты. Сондықтан екі малдың бір-біріне туыстық дәрежесін және инбридинг коэффициентін анықтайтын бірнеше тәсілдер қолданылады.

Селекция тәжірибесінде инбридингті жіктеу үшін Шапоруж бен Пуштің тәсілі жиі қолданылады. Шапоруж шежіреде әрі ата, әрі ене жағында кездесетін, яғни ортақ атаның орналасқан ататегі қатарының реттік нөмірін рим цифрларымен теру арқылы көрсетуді ұсынды. Ататегі қатарының реттік санын, нөмірін санау пробандтан басталады, яғни әке мен ене қатары бірінші (I), аталар мен әжелер қатары екінші (II) деп, ары қарай кете береді. Мұнда әуелі ортақ атаның ене жағындағы орналасқан қатарлары жазылады да, сызықша қойылады. Сызықшадан кейін ортақ атаның шежіреде әке жағынан орналасқан қатарларының реттік нөмірлері көрсетіледі. Мысалы, ІІ-ІІІ деген жазу, ортақ ата шежіренің ене жағында екінші қатарда, ал әке жағынан үшінші қатарда орналасқанын көрсетеді; немесе II, IV - III деп жазылса, онда ортақ ата-енесі жағынан екі рет – екінші және төртінші қатарларда, ал әке жағынан үшінші қатарда орналасқандығын көрсетеді.

Пуш пен Шапоруждың тәсілін пайдалану арқылы инбридинг дәрежесін жіктеудің жүйесі ұсынылады (17-кесте).

17-кесте. Инбридинг дәрежесін жіктеу

Инбридинг түрлері

А. Шапоруж тәсілі боынша белгілеу

1.Өте жоғары дәрежедегі инбридинг

ІІ-ІІІ (бір ата не бір енеден туғандарды шағылыстыру),

І-ІІ (енесі мен ұрпағын шағылыстыру),

ІІ-І (қызы мен әкесін шағылыстыру)

2.Жақын инбридинг

І-ІІІ (Әкесі мен немересі), ІІІ-І (немере мен атасы)

ІІ-ІІІ, ІІІ-ІІ, ІІІ-ІІІ (немере туыстар)

3.Орташа

инбридинг

ІІІ-ІV, ІV-ІІІ, ІV- ІV (ортақ ата-тегі үшінші және төртінші

қатарларда кездесетін туыс)

4. Шалғай

инбридинг

V –ІV, ІV- V, V- V, V- VІ (пробандтың бесінші және алтыншы

атасынан қосылатын туыстас малды шағылыстыру)

Сонымен мал шежіресіне талдау жасаған уақытта алдымен ондағы қайталанатын (бірнеше рет кездесетін) ортақ ата орналасқан ата-тегі қатарындағы реттік нөмірлеріне қарап, инбридинг дәрежесін анықтау қажет.

Себебі, инбридингтің генетикалық әсері шағылыстырылған малдың туыстығының, алыс-жақындығына тікелей байланысты. 18-кестеде келтірілген қошқардың шежіресі бойынша инбридинг дәрежесін анықтап көрейік.

18-кесте. №02142 Қошқар

Е

ә

Е е 06017

е ә

ә е

ә ә

Е е е

е е ә

е ә е

Е ә ә

ә е е

ә е ә 06017

ә ә е

ә ә ә 06017









№02142 қошқар бір-бірімен туыстас саулық пен қошқарды шағылыстыру арқылы алынған. Себебі, оның шежіресінде әрі енесі, әрі әкесі жағында да кездесетін ортақ атасы №06017 қошқар бар. Ал осы қошқар арқылы жүргізген инбридинг дәрежесін ІІ-ІІІ, ІІІ-деп жазу қажет. Бұл Пуш, Шапоруж жіктеуі бойынша жақын инбридингке жатады.

А. Шапоруж тәсілінің басты кемшілігіне инбридинг дәрежесін

сипаттайтын нақтылы сандық көрсеткіштің жоқтығы жатады. Осы ретте кейбір инбридинг түрлерінің қайсысында шағылыстырылып отырған екі малдың туыстығы жақын деген сұраққа тура жауап беру қиын. Мысалы І-ІІІ пен II-II салыстыру қажет болса, қайсысында туыстық дәрежесі жоғары екенін бірден талассыз айта алмаймыз. Осыған орай, селекция тәжірибесінде инбридинг коэффициентін (Ғ) есептеу жиі қолданылады. Инбридинг коэффициентін есептеу үшін алғашқы рет С.Райт мына теңдікті ұсынды:

%

мұндағы: Ғх – пробандтың инбридинг коэффициенті; n-ортақ атаның ене жағындағы орналасқан ата-тегі қатарының ата-әжелер қатарынан бастап санағандағы реттік нөмірі; n1-ортақ атаның әкесі жағындағы орналасқан ата-тегі қатарының реттік саны; - ортақ атаның инбридинг коәффициенті.

Д.А.Кисловский жоғарыдағы С.Райт теңдігін мына төмендегідей етіп өзгертті:

мұндағы: n пен n1 -де ортақ ата орналасқан енесі мен әкесі жақтарындағы ата-тегі қатарларының реттік нөмірі. Бірақ ата-тегі қатарларының реттік нөмірін санау А. Шапоруж ұсынғандай, ата-енесі қатарынан бастап (бірінші деп), әрі қарай санай береді.

19– кесте. Туыстық дәрежесі мен инбридинг коэффициенттері

Шағылыстырылған екі

малдың туыстық жақындығы

Туыстық дәрежесі

(r)

Инбридинг коэфициенті

(F)

әкесі-ұрғашы төлі

0,5

0,25

енесі –еркек төлі

0,5

0,25

Ағасы-қарындасы

(бір ата-енеден туған)

0,5

0,25

Атасы-немересі

0,25

0,125

әжесі-немересі

0,25

0,125

Тек аталас не енелес

Ағасы мен қарындасы

0,25

0,125

Атасы-шөбересі

0,125

0,0625

әжесі-шөбересі

0,125

0,0625

Бұл арада айта кететін мәселе – екі теңдікте де нәтижесі әр қашанда бірдей. Инбридинг коэффициентінің шамасы пробанд ата-енесінің туыстығының жақын алыстығына тікелей байланысты. Бірақ пробанд ата-енесінің туыстық дәрежесі (r) мен оның инбридинг коэффициентінің мөлшері бір-бірімен тең емес (19-кестені қараңыз). Пробанд ата-енесінің туыстық дәрежесін (r) мына төмендегі теңдікпен анықтауға болады:

Мұндағы: n1 мен n2 шежіренің атасы мен енесі жақтарындағы ортақ ата кездесетін ата-баба қатарының реттік саны.

Ибридинг коэффициенті (Ғ) мен пробанд ата-енесінің туыстық дәрежесінің (r) ара-қатынасы мына теңдікпен анықталады:

Тапсырмалар:

1. Пуш, Шапоруж жіктеуі бойынша өте жоғары дәрежедегі инбридинг жолымен алынған малдың шежіресін жасап, оның инбридинг коэффициентін Райт-Кисловский теңдігі бойынша есептеп шығару.

2. Жақын инбридингті қолданылып, алынған малдың шежіресін жасап, сол бойынша инбридинг коэффициентін есептеп шығару.

3. Орташа инбридингті пайдаланып, алынған малдың шежіресін жасап, сол шежіре бойынша инбридинг коэффициентін есептеп шығару.

4. Шалғай инбридинг жолымен алынған малдың шежіресін жасап, оның инбридинг коэффицентін есептеу.

5. 20,21-кестелерде берілген №02631 және №02142 қошқарлардың инбридинг коэффициенттері мен ата-енелерінің туыстық дәрежесі, олардың арасындағы байланыс туралы қорытынды пікір жасау.

20– кесте. Қазақтың биязы жүнді қошқары №02631, МТМК – 5114, 1952 жылы туылған, тірілей салмағы 105 кг, қырқылған жүні – 7,9 кг, жүнінің ұзындығы – 8 см, элита

е. № 02046 т.с. -71 кг, кл-эл

қ.ж-40 кг, ж.ұ-9,0см

ә. № 02046 т.с. -71 кг, кл-эл

қ.ж-40 кг, ж.ұ-9,0см

ее. № 03575

т.с. -70 кг,

қ.ж-5,1 кг

ж.ұ-8см

еә. № 02142

т.с. -140 кг,

қ.ж-10 кг

ж.ұ-9см

әе. № 03099

т.с. -62 кг,

қ.ж-4,2 кг

ж.ұ-9,5см

әә. № 01518

т.с. -106 кг,

қ.ж-7,4 кг

ж.ұ-9,5см





21 - кесте. Қазақтың биязы жүнді қойының қошқары №02112 МТМК- 5055, 1947 жылы туылған тірілей салмағы 140 кг, қырқылған жүні 10 кг

е. № 03099 т.с. -62 кг, қ.ж-4,2 кг,

ж.ұ-9,5см, эл

ә. № 01578, МТМК-5003

т.с. -106 кг, қ.ж-7,4 кг

ее. 03099

т.с. -62 кг,

қ.ж-4,2 кг

ж.ұ-9,5см, эл

еә. 060118 МТМК

5006, т.с. -118 кг,

қ.ж-9,2 кг

әе. 01024

т.с. -70 кг, қ.ж-4,5 кг

әә, 01120

МТМК 5010 т.с. 99

кг, қ.ж. 8,8 кг

Еее

ееә

ееә 08835

т.с. 61 кг,

қ.ж. 31кг

Еәә04637

т.с.103

кг, қ.ж.

6,9 кг

Әее03293

т.с. 60

кг қ.ж.

4,2 кг

әеә 06018

МТМК50006

т.с. 118кг

қ.ж 4,2 к

Әәе07428

т.с 69 кг

қ.ж 4,2

кг

әәә 06018

МТМК

5006 т.с 118 кг, қ.ж 9,2 кг









Бақылау сұрақтары:

1. «Жұп таңдау» ұғымының анықтамасын беріңіз.

2. Жұп таңдау мен сұрыптау арасындағы ұқсастық пен айырмашылық.

3. Жұп таңдаудың мал тұқымын асылдандырудағы маңызы.

4. Жұп таңдауда малдың қандай белгілеріне басты назар аудару қажет.

5. Жұп таңдаудың қандай түрлерін білесіз?

6. Біртекті жұп таңдаудың мақсаты, артықшылығы мен кемшіліктері.

7. Әртекті жұп таңдаудың мақсаты, оның артықшылықтары мен кемшіліктері.

8. Біртекті және әртекті жұп таңдау бойынша нақтылы мысалдар келтіріңіз.

9. Жекелеп, жекелеп-топтап, ұялас топтап жұп таңдау түрлеріне сипаттама беріңіз.

10. Инбридинг дегеніміз не және ол қандай мақсатпен қолданылады?