МҮЙІЗДІ ІРІ ҚАРА МАЛ ТҰҚЫМДАРЫ


Сабақтың мақсаты: мүйізді ірі қара малды шаруашылыққа пайдалы қасиеттері мен өнімділік бағыты бойынша жіктеумен және еліміздің аймақтарында өсірілетін мүйізді ірі қара мал тұқымдарымен танысу.

Сабақ өткізуге қажетті құрал-жабдықтар: мүйізді ірі қара мал тұқымдарының түрлі түсті суреттері, альбомдары, слайдтары, муляждары.

Сабақ мазмұны мен әдістемесі. Өнімдік бағыты бойынша мүйізді ірі қара мал шаруашылығында сүтті (қара-ала, холмогор, ярослав, қырдың қызыл, голштин, жерсей, бурыл латыш, әулиеата, остфриз тұкымдары), етті (қазақтың ақбас, қалмақ, шортшорн, герефорд, абердин-ангусс, шароле, санта-гертруда тұқымдары) және сүтті-етті, етті-сүтті (симментал, швиц, кострома, бестужев, алатау тұқымдары) бағыттардағы малды жіктейді. Бұл бағыттардағы ірі кара малдың негізгі өнімділігімен қоса сырт пішіні мен дене бітімі, шаруашылыққа пайдалы білгілері бойынша да айырмашылықтары орын алады.

Ірі кара мал тұқымдарымен әдебиетте жарияланған мәліметтер, Мемлекеттік Асылдандыру Кітаптарындағы жазылған деректер, көрмелер мен мал аукциондарында түсірілген слайдтар, суреттер мен альбомдар, жергілікті жерде өсіріліп отырған мал басының тұқымдарын байкау аркылы танысуға болады.

http://www.kgau.ru/distance/zif_03/razvedenie-110401/img/image070.gifhttp://www.kgau.ru/distance/zif_03/razvedenie-110401/img/image072.gif

24-сурет. Сүтті (а) (сол жақта) және етті (б) (оң жақта) сиыр тұлғасының құрылысы

25-сурет. Ірі қара мал тұқымдары:

1-бестужев; 2-швид; 3-симменталь; 4-герефорд; 5-қалмық; 6-қазақтың ақбас; 7-абердин-ангуст; 8-шароле.

Тапсырмалар.

1. Албомдар, суреттер, слайттардан мүйізді ірі кара мал тұкымдарымен танысып, олардың өнімдік бағытын, негізгі көрсеткіштерін сипаттаңдар.

2. Республиканың әр аймағанда өсіруге жоспарланған мүйізді ірі қара мал тұқымдарын атаңдар, оның ішіндегі өздеріңнің аймақтарында өсірілетін тұкымдарының шығарылу жерін, уакытын, өнімдік бағыты мен көрсеткіштерін сипаттаңдар.

Бақылау сұрақтары.

1. Мал тұкымы туралы түсінік беріңдер.

2. Мүйізді ірі қара мал тұқымдарын қалай жіктейді?

3. Олардың шаруашылыққа пайдалы өнімдік көрсеткіштері қандай?

4. Тұқымдық жоспарлауды не үшін жүргізеді?

5. Бұл жоспарлаудың негізгі тұқымдарын атаңдар.