ІРІ ҚАРА МАЛДЫҢ ЕТ ЖӘНЕ СҮТ ӨНІМДІЛІГІ. ОНЫ ЕСЕПТЕУ ӘДІСТЕРІ


Сабақтың мақсаты: сиырдың сүттілігін анықтаудың жолдарымен танысу. Малдың еттілігін сипаттайтын негізгі көрсеткіштерімен танысу және малды ет өнімділігі бойынша бағалау әдістерін меңгеру.

Сабақ өткізуге қажетті құрал-жабдықтар: мал шаруашы-лығы өнімдерінің үлгілері, бақылау және өлшеуіш жабдықтары мен құралдары.

Сабақ мазмұны мен әдістемесі. Малдың тірі кезінде, оның еттілік қасиетіне дұрыс баға берудің селекциялық маңызы үлкен. Малдың тірісінде еттілік қасиетін ауық–ауық салмағын өлшеу, соның деректері бойынша тәулігіне қосатын салмағын есептеу арқылы бағалайды. Сонымен қатар малдың еттілік қасиетін, оның сырт пішінімен, үлкен-кішілігіне қарап, біршама баға беруге болады.

Қазақстанда кең тараған мамандандырылған етті сиырлар қатарына қазақтың ақбас, қалмақ, герефорд, санта-гертруда, абердин-ангус тұқымды сиырларды атап кетуге болады. Етті сиырлардың өнімін негізінен 2 топ-қа бөледі: сиырдың негізгі еті және қосалқы өнімі терісі, мүйізі т.б.

Ірі қара сиырын оның жасы мен жынысына қарай 4 топқа: 1 өгіз, II бұқа, III тана, IV бұзаулар 14 күннен 3 айдың арасы, ал қоңдылығына қарай: жоғары, орта және ортадан төмен деп 3 категорияға бөлінеді.

Етті ірі қара малының өнімділігін төмендегі көрсеткіштер арқылы бағалайды: тірі салмағы, сойыс салмағы және оның шығымы.

Сойыс салмағына сойған малдың қанын ағызып, басын, терісін, құйрығын, өкпе-бауырын, ішек-қарынын, сирағын алып тастағаннан кейінгі қалған таза еті мен іш майы кіреді. Сойыс салмағының малдың сояр алдындағы тірілей салмағына пайыздық қатынасын сойыс салмақ шығымы деп атайды. Таза етінің сояр алдындағы салмағына қатынасын ет түсімі (шығым) деп атайды. Таза еттің (ұшаның) сапасын оның салмағына, түріне, сұрпы еті мен сүйек, шеміршек қатынасына, химиялық және биологиялық құрамына қарап бағалайды. Мысалы, сойыс алдындағы тірі салмағы – 330 кг, ұшасы – 150 кг, іш майы 15 кг. Сойыс салмағы: 150+15=165 кг, ал оның шығымы –

Ет малын өсіру үшін мамандандырылған ірі ет өндіретін кешендер қолайлы. Мұнда ет өндіру жаңа технологиялық бағытқа қойылған. Малды жасанды жайылымдарға бағып жаяды. Бұл жайылымдардың шөп қоры малдың қажетін өтеп, сумен қамтамасыз етілуі тиіс. Ет малын осындай жайылымдарға бағып өсірудің тиімділігі, көп жағдайда ұйымдастыру жүйесі мен мал басын топтастыруға, жасына, жынысына, бағу кезеңіне, жайылымды дұрыс пайдалануына т.б. жағдайларға қарап байланысты болады.

Малды жайылымда бағу алдында оның салмағын, түр-түсін, жеке нөмірін анықтап алу қажет. Сонан соң олардың жасына, жынысына, түсіне және де салмағына қарай арнайы ведомысы толтырылады. Салмағы 400 кг жетіп асқан мал жоғары қоңдылықпен етке өткізіледі.

22-кесте. Қазақтың ақбас тұқымды сиырын табиғи жайылымдарда бордақылау

Мал

топтары

Олардың саны

Алғашқы

салмағы, кг

Бордақылау күнінің

ұзақтығы

Етке өткізер-дегі салмағы

Анықтау керек:

Жалпы

салмағы

Бір басының салмағы

Жалпы

салмағы

Бір басының салмағы

Азық күнінің салмағы

Абс. өсу

салмағы

Тәуліктік

өсу салмағы кг

Сиырлар

25

11550

35

11825

Өгіздер

15

7965

30

8174

Бір жастан асқан өгізше

піштірілген

65

18005

91

21900

Барлығы орта есеппен: малдың бір басының алғашқы бастапқы және етке өткізердегі салмағын, азық күнінің салмағын, абсолюттік және тәуліктік өсу салмағын анықтау керек. Бордақыланған малды етке өткізер алдында әр топта 3 бастан бақылау сойыс жасалады. Оның көрсеткіштері 22-кестеде берілген.

Бақылау сойыстың көрсеткіштері бойынша малдың жынысы мен жасына байланысты салмағының өзгеруін анықтап қорытынды жасаңыздар. Кесте бойынша малдың сойыс салмағы мен шығымын және оның терісінің салмағын сояр алдындағы салмағына қатына-сының пайызын табыңыздар. Ұшасын анықтар кезінде оның бұлшық еттерінің жетілуі мен тері астындағы майына назар аудару керек.

23–кесте. Бақылау сойыстың нәтижесі

Көрсеткіштердің аты

Мал топтары

сиырлар

өгіздер

бір жастан асқан өгізше

1

Сояр алдындағы салмағы, кг

2

Ұшасының салмағы, кг

252

298

6186,

3

Іш майының салмағы, кг

10,2

11,7

3,4

4

Сойыс салмағы, кг

5

Сойыс шығымы %

6

Терісінің салмағы,кг

45

48

32

7

Пайыз есебінде сояр алдындағы салмағына қатынасы

Ұшасының еттілігі дегеніміз, ондағы таза еттің пайыздық есеппен алғандағы салмағына қатынасы. Ұшасының морфологиялық құрамы. Бұл ұшадағы әртүрлі тканьдердің өзара қатынысын білдіреді (бұлшық ет, май, сүйек т.б.). Ұшаның морфологиялық құрамын оның етін сүйегінен ажырату арқылы анықтайды.

24-кесте. Ұшасының морфологиялық құрамы

Мал топтары

Ұшаның

салмағы, кг

Тканьның құрамы (кг) және оның ұшасына

қатынасы

бұлшық

еті

Майы

сіңірлері

сүйек пен

шеміршегі

кг

%

кг

%

кг

%

кг

%

Сиырлар

244

53,7

16,1

11,5

18,8

Өгіздер

287

56,7

12,3

12,5

18,7

Бір жастан асқан

өгізшелер

176

62,3

8,5

10,6

18,6

Тапсырмалар:

1. Сиырдың сүттілігін, оның майлылығын пайыз мөлшері мен сандық көрсеткіштерін, сауу маусымындағы (лактация) күнделікті сауылған сүті бойынша анықтаңыздар (25-кесте).

1.1. Сиырдың сауу маусымындағы сүттілігін, оның көрсеткіштерін қосу арқылы анықтау.

1.2. Сауу маусымындағы сүт майының пайызын анықтау үшін:

а) сиырдың айлық сүтін майының пайыз көрсеткішіне көбейте отырып, оның айлық мөлшерін бір пайыздық сүтке айналдыру қажет;

б) бір пайыз сүт мөлшерінің қосындысын маусымдық көрсеткішіне бөлу арқылы.

1.3. Сүттің жалпы майлылығының сандық көрсеткішін кг бір пайыздық сүт қосындысын 100 – ге бөлу арқылы табу.

25-кесте. Сиырдың сүттілігін және майлылығын анықтау

Сауу маусымындағы

айлар

Сиырдың лақап аты

Бір айлық сүті, кг

Майлылығы,

Бір пайыздық сүттілігі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Барлығы:

Орта есеппен:

Майлылығы:

2. Сиырдың бір маусымдағы сүтін бақылауды сауу арқылы анықтау. Сүт фермаларында сиырдың сүттілігін анықтау үшін бақылау сауу жүргізіледі. Әдетте оны әр он күндік бойынша, айына үш рет жүргізеді.

2.1. Жалпы бақылау сауудағы сүттің мөлшерін білу қажет.

2.2. Маусымдық бақылау сауудың барлық санын анықтау.

2.3. Бақылау сауудағы алынған барлық сүтті оның жалпы санына бөлу арқылы орта бақылау сүт мөлшері анықталады.

2.4. Сиырдың сауу маусымындағы сүтін анықтау үшін, бір бақылау сауудағы сүт мөлшерін оның жалпы санына (бақылау саууды) көбейту керек.

Бақылау сұрақтары:

1. Етті және сүтті бағыттағы ірі қара тұқымдарының айырмашылықтарын атаңыз.

2. Ет өнімділігін анықтау тәсілдері.

3. Сүт өнімділігін анықтау тәсілдері.

4. Лактация ұғымын қалай түсінесіз.

5. Ұшаның морфологиялық құрлымын атаңыз.