МҮЙІЗДІ ІРІ ҚАРА МАЛДЫ БЕЛГІЛЕУ ЖӘНЕ АЛҒАШҚЫ ЗООТЕХНИКАЛЫҚ ЕСЕБІН ЖҮРГІЗУ


Сабақтың мақсаты: малды белгілеу әдістерімен танысып, алғашқы асыл тұқымдық есеп жазуларын жүргізуді үйрену.

Сабақ өткізуге қажетті құрал-жабдықтар: малға белгі салу құралдары, оларды қолданудың көрнекті кестелері, асыл тұқымдық жұмыс жүргізудің алғашқы жазу үлгілері.

Сабақ мазмұны мен әдістемесі. Мал басын белгілеу оларды есепке алып, асылдандыру жұмыстарын жүргізу үшін керек. Мал басын белгілеуді олардың жасы, шаруашылықта пайдаланылу мерзіміне байланысты әр түрлі әдістермен жүргізеді. Ата-аналық бастарды, тұқымға қалдырылатын жас малды салынған белгі таңбаның ұзақ мерзім сақталатын әдістермен, бордақылаудағы бастарды, жайылым мерзіміне ғана, топтастырған мал бастарын қысқа мерзім сақталатын әдістермен белгілейді.

Мал басын белгілеудің қарапайым да жылдам, оңай түрі болып биркалау не сырғалау табылады. Ол үшін малдың құлағын спиртпен өңдеп, арнайы тескіш қысқышпен теседі де, бирка не сырғаны өткізіп, бекітеді. Бекітілген бирка не сырға үзіліп түсіп калмай, ұзак мерзім сақталап, олардағы жазу анадайдан анық көрінуі шарт.

26-сурет. Мойын қарғы 27-сурет. а) бирка; б) медалеон.

Келесі қарапайым белгілеу әдісіне мал кұлағына ен салу жатады. Ол үшін алдын ала тазартылып, жуылған және дезинфекцияланған құлақтың әр жеріне белгілі бір санды көрсететін енді кесіп не тесіп салады да, орнын йодпен күйдіреді. Бұл әдістің кемшілігіне малдың құлағының қатты ауыруы, ен салған жерінің бітеліп не жара болып қалуын жатқызуға болады.

Олай болмас үшін құлаққа арнайы татуировкамен белгі жазуға болады. Ол үшін арнайы 0-ден 9-ға дейінгі сандардың штамптары бар татуировкалық қысқышты қолданады. Штампты қажетті сандары батырылған құлақтың жалаңаш жеріне де натурат спирті немесе 3%-дық карбол қышқылының ерітіндісінде ерітілген голланд күйесі, қара тушь секілді арнайы бояуларды жағады. Бұл әдістің кемшіліктеріне орындалуы мен құлақтағы сандарды оқудың қиындығын келтіруге болады.

28-сурет. Малдарды белгілеу құрал-жабдықтар жиынтығы: а) татуировкалау;

б) суықпен; в) мүйізді күйдіру.

Сандарды арнайы құралдармен малдың мүйізіне жазуға болады. Оң жактағы мүйізге 0... 9 аралығындағы сандардың клеймосымен малдың жеке басының нөмірі, ал сол жақтағы мүйізге: ұсақ мүйізді қара малдікіне - туылған жылы, ал ірі мүйізді қара малдікіне - жазылады. Қазақтың ежелден мал басын белгілеуде қолданып келген әдісі - таңбалау. Әдетте ірі қара малдың жамбасына не жауырынына қыздырған темірмен қарып таңба басады.

Бүгінде бұл әдісті ыстықтың орнына қатты суыкпен алмастырып, мал жүнінің боялуын қамтамасыз ететін пигмент меланоцитті бұзу арқылы суықпен таңбалау арқылы іске асырады. Ол үшін сырты мыспен қапталған болат сымды температурасы - 90°С денатуратты спиртпен араластырылған жасанды мұзға немесе температурасы - 196°С сұйық азотқа батырып алып, алдын ала жүні тықырланып алынған және 96°-дық денатуратты спиртпен мұқият өнделген жамбас не жауырын терісіне басып, таңбалайды. Мал оны еш ауыр-сынбайды.

29-сурет. Ірі қара құлағына ен салу

Біраз уақыттан соң таңба басылған жердегі жүннің пигменттенуі бұзыл-уы себепті ол ағарады да, салынған белгі қашықтан анық көрініп тұрады. Жүн фолликулаларын зақымдаудан сақтандыру үшін суықпен таң-балауды жарты минуттан (30 сек.) асырмау қажет, одан асқан жағдайда фолликулалары зақымдалуы салдарынан ол жердегі жүн өспей, тері тақырланып, тауарлық сапасы төмендейді.

Мал басын қысқа мерзімге, мысалы, қой қырқуда, жүнінің сыртынан жуылатын бояулармен белгілеуге болатын болса, қажетті жағдайда мал мойына түрлі түсті боялған қарғы бау тағуға да болады.

30-сурет. Суықпен таңба басылған сиыр

Малдың нөмірлік белгілері мен таңбаларын өндірісітік және асылдандыру жұмысындағы есеп жүргізуде пайдаланады. Мал басын асылдандыру ісінде олардың нөмірленіп, есепке алынуы сұрыптап-жіктеу мен жұптастыру жұмыстарын шатастырмай жүргізуге мүмкіндік берсе, өндірістік істерде мал басының сақталуын, өсірілуі мен азықтандырылуының жоспарлануын, өнімінің есепке алынуын қамтамасыз етеді.

Мал басының белгіленіп есепке алынуын арнайы формадағы алғашқы есеп журналдарына тіркеп жазу арқылы жүзеге асырады. Зоотехникалық практикада мал басының өзгеруін - өсім мен өлім актілерін, бір жастық-жыныстық топтан екіншісіне ауыстыру, бракқа шығару, табындағы айналымын тіркеп, жазу арқылы; жемшөп шығынын - жайылым оты мен шабындықтардың өнімділігін бағалау, дайыңдалған жемшөпті тіркеу, азықтандырудағы мал азығының шықынын тіркеу; өнім өндірілуін - бақылау сауындардың көрсеткіштерін, сауылған сүт сауымын арнайы журналға түсіру, сиырлар тірілей салмағы мен сүттілігін тіркеу, сүт майлылығы мен құрамын журналға жазу арқылы жүзеге асырады.

Малды асылдандыру ісінде келесі есептік құжаттарды толтырады: асыл тұқымды бұқаның карточкасы, асыл тұқымды сиырдың карточкасы, асыл тұқымды құнажынның карточкасы, сиыр сүтінің сауылу мерзімінің бақылау деректері, малдың сыртқы пішіні мен дене бітімін тіркеу журналы, асыл тұқымды бұқалар тұқымының сапасын бағалау туралы мәліметтер, малды бонитировкалаудың жиынтық көрсеткіштері, ұрықтандыру және төл алу жоспарлары мен журналдары.

Тапсырмалар.

1. Малға белгі салу (таңбалау) әдістерімен, онда пайдаланытылатын кұрал-саймандармен танысып, олардың әрқайсысының артықшылықтарын және кемшіліктерін келтіріндер.

2. Малға белгі салу (таңбалау) құралдарын қолдануды үйреніп, мал денесіндегі ен салынатын жерлерін, ен түрлерін көрсетіндер.

3. Сиыр құлағының моделіне 0485, 1552 сандарын ен арқылы салындар.

4. Мал шаруашылығындағы асылдандыру ісі мен мал өнімділігін есепке алуда толтырылатын құжаттармен танысып, оларды толтыруды үйреніңдер.

Бақылау сұрақтары.

1. Малға ен және таңба салу әдістері қандай?

2. Олардың бір-бірінен артықшылығы мен кемшіліктері қандай?

3. Малға ен салу және таңба басуда қандай құрал-саймандар қолданады?

4. Асылдандыру ісі мен өндірісте мал басы мен өнімділігін алғашқы есепке алу құжаттары қандай және олар қашан, қалай толтырылады?