МАЛДЫҢ ЖАСЫН АЖЫРАТУ


Сабақтың мақсаты: малдың жасын анықтау әдістерін игеру.

Сабақ өткізуге қажетті құрал-жабдықтар: мал тістері мен жақтарының, мүйіздерінің үлгілері, түрлі-түсті кестелер мен слайдтар.

Сабақ мазмұны мен әдістемесі. Малдың дәл жасын туылғаны туралы жазылған мәліметтерден анықтайды. Ондай мәліметтер болмаған жағдайда, малдың жасын оның сыртқы түріндегі, кіндігі мен қызыл иегіндегі, мүйізі мен тұяғындағы, тістеріндегі өзгерістерге қарап болжауға болады.

Өсу барысындағы төлдің сыртқы келбетінің өзгеруінен оның жетіліп-сақайғанын байқауға болады. Өскен сайын малдың сыртқы пішіні мен дене бітімінде, жекелеген дене мүшелерінің дамуында, терісі мен жүнінде жасына сай өзгерістер орын алады. Айталық, салыстырмалы түрдегі төл тұлғасы сақа малдікінен қысқа, сирақтары ұзын болып келсе, жасы өскен сайын тұрқы ұзарып, толып, дене келбеті өзгереді.

Жаңа туылған бұзау кіндігінің жалбызы жұмсақ, ылғалды болса, 4-5-ші күннен 17-ші күн аралығында біртіндеп құрғап, қатаяды да, 20-шы күнге түседі. Оның орнындағы терінің өзгерісі 1 айға қарай жоғалады.

Жаңа туылған кезде бұзаудың күрек тістері қызыл иекпен біршама жабылған болса, сыртқы күрек тістерінің үстіндегі қызыл иегі 9-шы күннен «тартыла» («оттягивание десен») бастап, 12-ші күні аяқталады, ішкі орта күрек тістерде бұндай тартылу, тиісінше, 9-шы күні басталып, 17-ші күні аяқталады. Сыртқы орта күрек тістердің ашылуы 12-ші күні басталып, 21-ші күні аяқталса, сыртқы тістерінікі, тиісінше, 15-ші күні басталып, 26-шы күні аяқталады.

Жаңа туылған бұзаудың біртұтас боркеміктенген мүйізденген сүйектен тұратын тұяғы 4-5-ші күнге қарай кеуіп, қатаяды да, екіге бөліне бастайды. 5-7 күндігінде бұзау тұяғы қажала бастап, 3-14 күндік аралығында сирақ жүнінен 4-6 мм төмен тұяғының мүйізді қабатының жоғары жағында 14-ші күні жойылатын алғашқы тұяқ сақинасы пайда болады. Бұзаудың мүйіздік төмпешіктері 1-ші айда өсе бастап, 2-ші айдың соңына 1 см өседі де, 20-шы айға дейін ай сайын 1 см өсіп отырады. Сондықтан бұл аралықта бұзау мүйізінің түбінен бастап өлшенген сыртқы ұзындығы бойынша жасын біледі. 20-шы айдан кейін мүйіз өсуі айына 3-5 мм-ге дейін баяулайды

Жыл сайын бұзаулайтын сиыр жасын буаздықтың екінші жартысын-дағы қоректік заттар тапшылығынан мүйізінде қалатын жіңішкеру ізі, яғни сақинасы, санынан білуге болады. Алғашқы мұндай «сақина» 2,5-3 жастағы буаз кұнажын мүйізінде пайда болатындықтан, сиыр мүйізіндегі сақиналар санына олардың қашырылғандағы 1,5-2 жасын қосып есептейді Және 1-7-ші бұзаулау аралығында сиыр мүйізі айына шамамен 2,5 мм өсетіндіктен, ондағы сақиналар да шамамен біркелкі аралықта «салынып», анық ажыраты-лады. 7-ші жылдан кейін мүйіз өсуі әлсіреп, ондағы сақиналарды ажырату қиындайды. санынан білуге болады. Алғашқы мұндай «сақина» 2,5-3 жастағы буаз кұнажын мүйізінде пайда болатындықтан, сиыр мүйізіндегі сақиналар санына олардың қашырылғандағы 1,5-2 жасын қосып есептейді Және 1-7-ші бұзаулау аралығында сиыр мүйізі айына шамамен 2,5 мм өсетіндіктен, ондағы сақиналар да шамамен біркелкі аралықта «салынып», анық ажыраты-лады. 7-ші жылдан кейін мүйіз өсуі әлсіреп, ондағы сақиналарды ажырату қиындайды. Қысыр қалған сиырдың мүйізіндегі сақина аралығы ұлғаяды, ал буаздықтың 8-ші айында түсік тастағандарынікі керісінше, кемиді. Сиыр түсігі буаздықтың 3-4-ші айында болса, мүйізіндегі сақина ізі білінбейді де, содан кейін ұрықтанып, бұзаулаған жағдайда сақина жалпақтығы ұлғаяды.

Мал түлігінің тісі белгілі жасқа жеткенде мүжіліп, алмасады. Сақа мүйізді ірі қара малдың 32 тісі болады: астыңғы жақ сүйегінде - 8 күрек тісі және астыңғы, үстіңгі жақ сүйектерінде - үш-үштен алдыңғы азу және түпкі азу тістері өседі. Бұзаудың сүт күрек тістері алғашқыда жіңішкеленіп, сүйріктеліп өседі де, кейіннен ұзын және жалпақ болып келетін түбелікті күрек тістерімен ауыстырылады.

31-сурет. Ірі қара тісінің жасына байланысты өзгеруі:

1)үш күнге дейінгі; 2) үш айында; 3) он айында; 4) он бес айлығында; 5) он сегіз айлығында; 6) жиырма бес айлығында; 7) екі жас үш айлығында; 8) екі жас сегіз айлығында; 9) екі жас он айлығында: 10) үш жас сегіз айлығында.

Олардағы белгілі мерзім өте келе орын алатын өзгерістерге қарап, 0,5-1 жас ауытқуымен (+, -) ірі қараның жасын анықтауға болады.

http://fazenda.sam-stroy.info/i/p/1393188833.jpg

Мүйізді ірі қара мал тістерінде өтетін өзгерістерді қарастырсақ:

а) алдымен төлдің сүт күрек тістері өсіп, мүжіледі;

б) сүт күрек тістері түбелікті күрек тістерімен ауыстырылады;

в) түбелікті күректістері мүжіліп бедерленеді;

г) түбелікті азу тістері сүт азу тістерін ауыстырады.

32-сурет. 7 сақиналы сиыр мүйізі (9-8 жас)

26-кесте. Ірі қара мал жасына байланысты бұл өзгерістер келесі мерзімде өтеді:

Тестердегі өзгерістер

Ірі қара мал жасы

Күрек тістерде

Сүт қорек тістерінің шығып, қалыптасуы

0-20 күн

Алдыңғы сүт күрек тістерінің түбелікті күрек тістерімен ауыстырылуы

15-20ай

Ішкі орта сүт күрек тістерінің түбелікті күрек тістерімен ауыстырылуы

2 ж. 6 ай. — 3 ж

Сыртқы орта сүт күрек тістерінің түбелікті күрек тістерімен ауыстырылуы

3ж.— 3 ж. 6 ай

Шеткі орта сүт күрек тістерінің түбелікті күрек тістерімен ауыстырылуы

3 ж. 6 ай. — 4 ж

Сүт тістері тығыз, еш жіксіз орналасқан

4ж.— 4 ж 6 ай.

Сүт тістерінің жігі ажырай бастап, алдыңғы және ортаңғыларының ішкі тіл жағы біршама мүжіліп, шеткі күрек тістері мүжіле бастайды

5 жыл

Алдыңғы және ортаңғы күрек тістерінің ішкі жағының жартысына жуығы мүжіледі

6 жыл

Күрек тістерінің үсті дөңгелектеніп (төртбұрыштанып) мүжіледі

7-10 жыл

Күрек тістерінің асты мүжіледі

11-Ижыл

Күрек тістерінің түбірі мүжіледі

15-Ібжыл

Азу тістерде

Алдыңғы азу тістерінің үш жұбы да шығады

0-20 күн

Түбелікті азу тістерінің бірінші (реті бойынша 4-ші) жұбы шығады

3-4 ай. _

Түбелікті азу тістерінің екінші (реті бойынша 5-ші) жұбы керінеді

8-12 ай.

Түбелікті азу тістерінің екінші жұбы басқаларымен теңеседі

15-18 ай.

Түбелікті азу тістерінің үшінші (реті бойынша 6-шы) жұбы көрінеді

1 ж.8аі__

Алдыңғы сүт азу тістерінің 1 -ші және 2-ші жұбы түседі

2ж — 2ж.6ай

Алдыңғы сүт азу тістерінің 3-ші жұбы толық жетіліп, мүжіле бастайды; түбелікті алдыңғы азу тістерінің 1 -ші және 2-ші жұбы пайда болады; алдыңғы сүт азу тістерінің 3-ші жұбы түсіп, түбелікті тістермен ауыстырылады

2 ж. 9 ай. — Зж.

Тапсырмалар.

1. Азу муляждары, үлгілері мен слайдтардағы ірі кара мал тісіндегі өзгерістер бойынша жасын аныктаңдар.

2. Бұзау тұяғы мен сиыр мүйізінің белгілері бойынша жасын аныктаңдар.

3. Алдыңғы сүт күрек тістері түсіп, орнына түбелікті күрек тістері шыққан, ал азу тістерінің 2-ші жұбы баска азу тістерімен теңескен ірі қара мал жасын анықтаңдар.

Бақылау сұрақтары.

1. Мал түлігінің жасын қалай анықтауға болады?

2. Мүйізді ірі қара малдың жасын қандай белгілерінен білуге болады?

3. Ірі қара мал тісінің негізгі зандылықтары мен мерзімі кандай?

4. Жасы мен физиологиялық ахуалына байланысты сиыр мүйізіндегі сақиналардың бедерленуі мен орналасуы қандай болады?