ҚОЙ ТҰҚЫМДАРЫ


Сабақтың мақсаты: қой тұкымдарының зоологиялық және өндірісітік жіктеуімен, жергілікті және әкелінген қой тұқымдарымен танысу.

Сабақ өткізуге қажетті құрал-жабдықтар: түрлі-түсті суреттер, тұқым альбомдары, слайдтар, МАТК.

Сабақ мазмұны мен әдістемесі. Құйрық формасы мен ұзындығына негізделген зоологиялық жіктеу бойынша қой тұкымдары қысқа құйрықты (тілерсегіне дейін), ұзын құйрықты (тілерсегінен төмен), қысқа майлы құйрықты, ұзын майлы құйрықты және кұйрықты тұкымдарға бөлінеді. Дене бітімінің айырмашылығы мен өнімділігіне негізделген өндірісітік жіктеу бойынша қой тұкымдары биязы жүнді, жартылай биязы жүнді (етті-жүнді), жартылай қылшық жүнді және қылшық жүнді тұқымдарға бөлінеді.

Жүн өнімі бойынша:

а) биязы жүнді қой тұқымдарын:

- жүнді (ставрополь, грознен, сальск, совет мериносы тұқымдары);

- жүнді-етті (асканий, алтай, кавказ, қырғыз биязы жүнді, Онтүстік Қазақстан биязы жүнді, Солтүстік Қазакстан биязы жүнді тұқымдары);

- етті-жүнді (прекос, қазақ биязы жүнді, қазақ арқармериносы тұқымдары);

б) жартылай биязы жүнді қой тұкымдарын

33-сурет. Қойлардың тұқымдары: 1) биязы жүнді советтік меринос қойы; 2) жартылай биязы жүнді цигай қойы; 3) тондық роман тұқымы; 4) елтірілі қаракөл қойы қозысымен бірге; 5) құйрықты гиссар қойы.

- люстралы жылтырлы ұзын жүнді (линкольн, орыс ұзын жүнді тұқымдары);

- қыска жүнді (дегересс, гемпшир, шропшир, фин ландрасы тұқымдары);

- жүнді-етті (цигай тұқымы);

в) жартылай қылшықты жүнді қой тұқымдарын

- етті-майлы-жүнді (сараджин, тәжік тұқымдары);

г) қылшық жүнді қой тұқымдарын

- етті-жүнді (кушугур, волош, михнов тұқымдары);

- етті-майлы (еділбай, гиссар, жайдары, қазақ құйрықты қойлары);

- етті-майлы-сүтті (тушин, балбас, лезгин, қарашай қойлары);

- тері-тонды (роман, солтүстік қысқа құйрыкты қойлар);

- елтірілі (қаракөл, сокол қойлары) бағыттарға бөлінеді.

Қазақстанда өсіруге биязы жүнді койлардан - Оңтүстік Қазақстан биязы жүнді, Солтүстік Қазақстан биязы жүнді, қазақ биязы жүнді, қазақ арқармериносы, алтай тұқымдары; жартылай биязы жүнді қойлардан - цигай, дегерес тұқымдары; жартылай қылшықты жүнді қойлардан - сараджин, тәжік, қарғалы: қылшық жүнді қойлардан - еділбай, қаракөл тұқымдары жоспарланған.

Тапсырмалар.

1. Қой тұқымдарын зоологиялық және өндірістік тұрғыдан жіктеуді негіздеңдер.

2. Тұқым альбомдары, суреттері, муляждары бойынша жергілікті аймақта өсіруге жоспарланған қой тұқымдарының сырткы пішіні және дене бітімі ерекшеліктерімен танысып, ол мәліметтерді қойдың тұқымын, өнім бағытын, саулықтары мен қошқарларының тірілей салмағы мен өнімділігін (жүн қырқымын, таза жүннің шығымын, жүн талшықтарының ұзындығы мен мықтылығын) сипаттаңдар.

Бақылау сұрақтары.

1. Қой тұкымдарының өндірістік жіктеуі неге негізделген?

2. Биязы жүнді, жартылай биязы жүнді және қылшықты жүнді қой тұқымдарының өнімдік бағыттарын сипаттандар.

3. Әр түрлі өнімдік бағыттағы қой тұқымдарының сырткы пішіні мен дене бітіміндегі ерекшеліктерге тоқталындар.

4. Құйрықты және қаракөл қойларының жергілікті жер жағдайына бейімделушілігі неге негізделген?