ЕШКІНІҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ, ТҰҚЫМДАРЫ ЖӘНЕ АЛЫНАТЫН ӨНІМДЕР


Сабақтың мақсаты: ешкінің биологиялық ерекшелігімен, тұқымдарының сүттілігімен түбіт-жүн өнімділігімен танысу.

Сабақ өткізуге қажетті құрал-жабдықтар: ешкі тұкымдары-ның суреттері, жүнінің үлгілері.

Сабақ мазмұны мен әдістемесі. Қоймен қоса мүйізді ұсак қара малға жататын ешкі құрылысы мен ас қорытуында ұқсастықтар көп. Бірақ қойға қарағанда олар жеңіл қимылды, беткей, таулы-тасты жайылым оты мен бұтақты азықты жеуге бейім келеді. Лақтары 5-7 айлығында физиологиялық тұрғыдан, ал 1,5 жасында шаруашылық тұрғыдан жетіліп, 150 тәулік буаздықтан кейін, әдетте егізден, лақтайды. Лақтары жылдам жетіліп, тез оттығып кетеді.

Өндірілетін өніміне байланысты ешкі тұқымдарын түбітті, жүнді, түбітті-жүнді және сүтті бағыттарға бөледі.

42-сурет. Ешкі тұқымдары:

1-Заанен; 2-Орыс; 3-Мергель; 4-Ангор; 5-Дон жағалауы; 6-Өзбек.

Жергілікті қазақ ешкілер — жерплікті ауа-райы мен жер жағдайына жақсы бейімделген, сүттілігі мен түбіттігі жоғары. Жыл он екі ай бойы қия беттегі, таулы-тасты жайылымда жайыла алады. Сақа шыбыштарының тірілей салмағы 38-40 кг тартып, олардан 150-450 г түбіт пен қылшық дайындалады. 10 аналық басына жылдам жетілетін 12-15 лақ алынады.

Орынбор ешкісі — құбылмалы ауа-райы мен суыққа төзімді, халықтық сұрыптау әдісімен шығарылған ешкі тұқымы. Дене бітімі мықты, түбіттілігі біркелкі, ірі салмақты болып келеді. Күзге қарай қоңды ешкілері 44-45 кг, текелері 70-75 кг тартса, 4 айлык лақтарының салмағы осы көрсеткіштердің 45%-ына жетеді. 3-5 жастағы ешкілерден 250-380 түбіт тарап, 350 г дейін қылшықты жүн қырқады. Ешкілерінің сүттілігі 85-110 кг, сүтінің майлылығы 3,9%, 10 басына 13-14 лақ алынады.

Таулық алтай ешкісі сүйегі берік, тік беткейлердегі тау жайлымында жылдам қонданатын ешкілер. Сақа ешкілерінің тірілей салмағы 40-42 кг, текелерінікі 60-62 кг тартады. Әр басынан 450-600 ұзын, жұмсақ, мыкты түбіт таралады. Қоңды бастарының сойыс шығымы 46-50% кұрайды.

Ангор ешкісі – шыбыштарының тірілей салмағы — 30 кг, текелерінікі — 50 кг шамасында тартатын ұсақ ешкі болғанмен, олардан біркелкі ұзын (20-25 см), өте нәзік, толқынды, люстра тәріздес жылтыр 3,2-3,5 кг және 5-6 кг жартылай биязы жүн қырқылады. Маусымдық түлеуінен бұрын жүргізілген екі мәрте қырқу жүн түсімін 15-30% арттырады.

Шаруашылықта ешкілерді алдымен диеталық қасиеттері жоғары сүті мен технологиялық қасиеттері жоғары түбіті үшін өсіреді. Сиыр сүтімен салыстырғанда ешкі сүті майлы (4,37%) және оның кұрамындағы белок (4,49%), сүт кұрамындағы қант (лактоза), кальций, фосфор, кобальт түріндегі минералды заттар мен В тобының және С витаминдерінің мөлшері жоғары болып келеді. Ондағы казеин тізбегінің қысқалығы, ал сүт майы диаметрінің ұсақтаулығы диеталық қасиеттерін жоғарылатып, ешкі сүтін емдік қорек ретінде және сәбилер үшін ұсынуды негіздейді. Бұған ешкінің сиырға қарағанда бруцеллезге сирек шалдығуы да себептеседі. 9-10 ай сауғанда сүтті ешкілерден 100-120 кг осындай құнды, калориясы жоғары болғандықтан сиыр сүтінікінен 30-40% аз жұмсалатын сүт сауылады.

Меринос жүн талшығынан жіңішке болып келетін ешкі түбітінің одан мыктылығы мен жылу сактау касиеті жоғары. Ешкінің түбіті күзге карай (тамызда) жетіле бастайды да, кыста (қаңтарда) өсуін тоқтатып, оның соңына қарай (акпанда) түлейді. Түлеудің басталғанын анықтау үшін сол қолдың алақанымен ешкінің бүйіріндегі жүнді ашып тұрады да, он қолдың алақанымен сипап, түбіттің бөлінуінен байқайды.

43-сурет. Тазаланбаған ешкі жүні. 44-сурет. Ешкі түбітін тарау тарақтары

Байқау барысында сызғышпен түбіттің ұзындығын өлшеп, жіңішкелігі, мыктылығы мен біркелкілігі секілді оның технологиялық сапасына ықпал ететін көрсеткіштеріне назар аударады. Алдымен түбіті түлей бастаған шыбыштарды, содан кейін текелерді, соңынан ешкілерді екі мәрге арасына 16-18 күн салып тарайды. Екінші тарағанда аяқтарында, мойнында және жауырынында қалған түбіт жеңіл бөлінеді. Таралатын бастарды 10-12 сағат бұрын суарып, азық-тандырмайды. Буаздығының соңғы кезеңіндегі ешкілерді тарамайды.

Ешкі түбітін тарау үшін диаметрі 2-3 мм болат сымнан дайындалған арнайы тарақтарды қолданады. Алдын-ала тарау тарағы тістерінін арасы 1-1,5 см, одан кейін тарайтын тарақтікі 0,5 см.

Тапсырмалар.

1. Макеттер мен альбомдардан әр ешкі тұқымдарының сыртқы пішіні мен дене бітімдік ерекшеліктерімен танысып, оларды сипаттаңдар.

2. Ешкі түбіті мен жүнінің үлгілерімен танысып, олардың сапалық көрсеткіштерін сипаттаңдар.

3. Анықтамалықтардан сиыр мен ешкі сүтінің құрамын жазып алып, салыстырындар.

4. Қажетті құралдармен түбіт ұзындығын, жіңішкелігін, мықтылығын өлшендер.

Бақылау сұрақтары.

1. Ешкінің қандай биологиялық ерекшеліктері пайдалы жағынан сипатталады?

2. Ешкі тұқымдарының өнімдік бағыттары қандай?

3. Олардың өнімділігін сипаттаңдар.

4. Ешкі сүтінің диеталық және емдік қасиеттерін қамтамасыз ететін химиялық кұрамының ерекшеліктері қандай?

5. Ешкі түбітінің технологиялық сапасы қандай көрсеткіштеріне байланысты?

6. Түбіттің өсуі мен түлеу мерзімдерін айтыңдар.