ТҮЙЕ ДЕНЕ ҚҰРЫЛЫСЫ МЕН ӨНІМІ


Сабақтың мақсаты: түйеніңдене кұрылысы және сүттілігі, еттілігімен және жүн өнімділігімен танысу.

Сабақ өткізуге қажетті құрал-жабдықтар: түйе тұқымдарының суреттері, слайдтары, мүсіндерінің муляждары, тұқым альбомдары.

Сабақ мазмұны мен әдістемесі. Дене құрылысы. Түйеде 7 ұзын да қанатты мойын, 12 кеуде, 7 бел, 5 құйымшақ омыртқа болады. Кеуде сүйегі шағын, тұрқы жинақы. Тұтас бітескен құйымшақ омыртқаларының біріншісі белдеменің соңғы омыртқасымен айналмалы жалғасуы түйе жүрісініц жайлы болып, аяқтарын астына жинап шегуіне мүмкіндік береді. Алдыңғы аяқтары етті де әлді, ал ортан жігі өте ұзын артқы аяқтары мен жая тұсы әлсіз келеді.

Түйе табандары жалпақ, мүйізденген теріден құралған, екі кішкене тұяғы бар. Бүкіл салмағымен аяқтарын басқанда табаны жалпайып, тұяқтары тірелгендіктен, түйе құмды жермен жақсы жүреді. Бөксесіне қарағанда кеудесінің бұлшық еттері жақсы дамыған. Терісінің астында көк ет болмайды. Өркеш терісі созылмалы. Саны аз тер шығаратын бездері барында шоқтанып жиналған. Жатқанда сүйеуі болатын төс сүйегінде, тізелерінде және тірек буындарындағы 7 сүйелді беріштері құмның ыстығынан, тақым жарақатынан сақтайды. Түйе жүні тоқыма өнеркәсібінің бағалы шикізаты болып табылады.

Сүт өнімдері. Шөл және шөлейт аймақтарда түйе сүтінен қоректік және емдік-диеталық ішімдік шұбат (қымыран) дайындайды. 12-20 ай сауылатын аруаналар сүттілігі 3000-4000 кг-ға жетеді.

Оларды тәулігіне 2-6 рет сауғанда 6-15 кг сүт шығады. Қос және жалғыз өркешті түйе сүтінің айырмашылығы болады. Суы — 86,3 (86,02)%, майы — 4,47 (5,37)%, белогы — 3,5 (3,8)%, қанты — 4,95 (5,1)%, СОМО — 0,70 (0,69). Әппақ дәмді сүтінің майлылығы таңертеңгі сауымдағы 3,3%-дан кешкі сауымда 10-12%-ға жетеді. Бактерицидтік қасиеті бар сәл қышқылдау келетін түйе сүтінің тығыздығы 1,025-1,032, қышқылдығы — 21,5°Т, қуаттылығы жазда 900-950 ккал, қыста— 1100 ккал.

53-сурет. Жүк артылған түйе

Ет өнімі. Түйенің ет өнімділігі оның тұқымына, жасы мен қоңына байланысты өзгереді. Он екі айлық бота етінің 70%-ы

107 қара (бұлшық) еттен, 23%-ы — сүйектен, 5%-ы — сіңірден 2%-ы — майдан тұратын болса, 3 жастағы атан етінің 67%-ы қара еттен, 21 %-ы сүйектен, 3,5%-ы сіңірден, 7%-ы майдан тұрады. Сортына қарай құрамында 23-36% май, 8-10% белок, 2,2% күл болатын түйе еттінің қуаттылығы — 1140—1150 ккал.

Түйені мойнының екі жерінен шалып сояды да, шөгерілген күйінде алдымен өркеш пен жон терісін іреп сыпырады. Мойны терісімен бөлек алынып, мойнағы бітеудей сойылады. Басы кесіліп, терісі екіге қақ бөлінеді. Тілі жеке мүше саналады. Бүрсіз түйе қарыны үлкен, тақия қарын мен үлтабардан тұрады. Түйе ұшасын мүшелегенде әуелі өркеші, қомы содан кейін екі қолы мен артқы аяқтары және төсі жігінен ажыратылып кесіледі. Содан кейін бұғана мен қара қабырғалары сөгіледі. Екі жақ сүбе қабырғасы мен оның етінің толықсыған қалың майын қазы деп атайды.

Ұша бөліктерінің ерекшелігі морфологиялық құрылысы мен химиялық құрамына байланысты түйе еті сортталады. 1-ші сортқа ұшаның жауырын, төс және артқы бөліктері жатады. Жауырын бөлігінің алдыңғы шекарасы сойған жерден 7-8-ші қабырға арасынан, ал төменгі шекарасы — қабырғалардың ортасынан иық-жауырын буынына қарай бағытталады. Бұл төменгі шекарасына 6 төс омыртқа мен оларға сәйкес қабырғалардын астыңғы бөлігі мен жауырыннан басқасы жатады.

Ұшаның артқы бөлігі алдыңғы жағынан 7-8-ші қабырғалармен, артқы жағынан тізе буынымен, төменгі жағынан шаптың бөлетін түзуімен шектеледі. Артқы бөлігіне қабырғаларының төменгі жағымсыз бел омыртқалар, құйымшақ, құйрықтың бір омыртқасы, жамбас пен сан сүйектері жатады.

Олар арка бел, кұйымшақ пен жая бөліктеріне жатқызылады. Төс бөлігіне шекарасы жоғарыдан және көлденеңінен 7-ші қабырғанын ортасынан иық-жауырыны буынына қарай бөлінген төс бөлігі мен қабырғалардың төменгі жақ жартысы жатады. 2-ші сортқа иық бөлігі мен шап жатады. 3-ші сортқа мойын, алдыңғы сан мен сан ет жатады. Түйе майы жоғары және бірінші сортқа бөлінеді. Түйе етін айырғанда одан сіңір, шандыр, май, ұсақ сүйектерді алып тастайды.

Түйе қондылығын сырт пішіні мен өркештерінің түріне қарап ажыратады. Қондылығы жоғары түйелердің бұлшықеттері жақсы дамыған, кеудесі дөңгеленген, жауырыны мен сан еті жақсы жетілген, маймен толған, тік не сәл еңкес өркештерінің басталар жерінде май жиналуы байқалады. Орта қоңдылықтағы түйенің бұлшықеттері қанағаттанарлық дамыған, қабырға ұштары томпайған, майға жартылай толғандықтан бір не екі жаққа еңкейген өркештерінің басталар жерінде май жиналуы байкалмайды. Қоңдылығы орташадан төмен түйелердің бұлшык еттері қанағаттандырғысыз дамыған, қабырғалары мен иық жауырыны анық байқалады, майы өте аз өркештері кішірейіп, бір не екі жаққа қисайып тұрады.

Тапсырмалар.

1. Майлылығы-4,5%, белок мөлшері-3,5% 4375 кг сүт сауылған қос өркешті және майлылығы-5,4%, белок мөлшері-3,6% 3289 кг сүт сауылған жалғыз өркешті түйе сүттілігін бағаландар.

2. Түйе сою мен ұшасын мүшелеудің жобасымен танысыңдар.

Бақылау сұрақтары.

1. Түйе сүтінің құрамы қандай, одан қандай тағам дайындалады?

2. Шұбаттың диеталық қасиеттері неде?

3. Түйе еттілігіне қандай жағдайлар әсер етеді?

4. Түйе жүнінен қандай өнімдер тоқылады?