ҚҰС ТҰРҚЫ МЕН ЖАСЫ, ЖҰМЫРТҚА ҚҰРЫЛЫСЫ


Сабақтың мақсаты: кұс дене тұрқының ішік құрылысымен, өнімділігімен байланысын қарастырып, жұмыртқаның дамуын, құрылысын зерттеу.

Сабақ өткізуге қажетті құрал-жабдықтар: кұс пен жұмыртқа құрылысының слайдтары, муляждары.

Сабақ мазмұны мен әдістемесі. Құс жасын анықтау. Құс өнімділігі оның тұрқымен, яғни дене құрылысымен байланысты келеді. Сыртқы түр-түсі, піші бойынша құстың өнімдік бағытын, өнімділігін пайымдап, тұқымын ажыратуға болады. Мысалы, жасы өскен сайын құс денесі ауырлап, салмақтанады, қауырсыны өсіп, оның түр-түсі мен бояуы өзгереді. Қораз жасын сирағының артқы «шпор» түріндегі өсіндісі аркылы шамалауға болады. Жас қораз шпоры 6 айлығында өсе бастап, 1 жасында 1 см шамасындай өседі де, жыл сайын 1-2 см өсіп тұрады.

56-сурет. Әр өнім бағытындағы тауықтар тұрқы: а - етті: б - жұмыртқалағыш;

в бройлерлі

57-сурет. Құс қауырсынының түлеу реті: I — тауықтардың қаққыш қанаттарының ауысуы: а — түлегенге дейін; б — екі қанат ауысқанда; в — төрт қанат ауысқанда; г — он қанаттың тоғызы ауысқанда: х — бөлуші қауырсындар; II үйректің қаққыш қауырсынының ауысуы, III қаздың қаққыш қауырсынының ауысуы

Балапан жасын қауырсынының дамуынан байкауға болады. Жылда өсетін тұқым балапандарының қанат қауырсындары 8 күндігінде құйрығына жетеді. 4-5 аптада олардың ювенальды түлеуі басталады да, қанат қауырсындары біртіндеп түсіп, ауыстырыла бастайды. Алдыменен шеткі қанат қауырсыны түсіп, келесілері әр 7-8 күн сайын түседі. Кеш жетілетін тұқым балапандарының алғашқы қанат қауырсыны 6 күндігінде түсіп, келесілері әр 10-12 күн сайын түседі. Құс жасын инкубациялық журнал мен сирақтарына бекітілетін сақина нөмірі аркылы дәлірек анықтайды.

Жұмыртқа құрылысы. Құс жұмыртқасы болашақ балапан ұрығының дамуына қажетті барлық коректік заттарының қоры бар өзгертілген жыныстық жасуша десек болады. Ол жұмыртқа сарысы, ағы мен қабыршығынан тұрады. Жұмыртқа қабыршығы ұсак тесікті ізбестелген екі қабатты қабық. Оның тесіктері арқылы дамыған ұрықтың газ бен ылғал алмасуы өтеді. Қабыршық сыртынан жапқан жұка «кутикула» деп аталатын қабығынан газдар өткенмен, микробтар өтпейді. Қабыршықтың ішкі жағындағы екі қабатты қабығы мен жұмыртқа ағының арасында жұмыртқаның жайлап иілген басында «пуга» деп аталатын ауа камерасы пайда болады.

Жұмыртқа массасының 56%-ын құрайтын ағы (белогы) тығыздығы сырттан ішкі қабаттарға қарай өсетін 4 қабаттан тұрады. Жұмыртқа сарысымен түйісетін ең тығыз ішкі қабатында жұмыртқаның ұзын осі бойында жұмыртқа сарысын бір қалыпты ұстайтын «градинка» деп аталатын жіп тәріздес бұрымы қалыптасады.

58-сурет. Жұмыртқа құрылысы 1-жұмыртқа ағы; 2-латебра; 3-ұрық дискі; 4-жұмыртқа сарысының қабығы; 5-ағының үстіңгі қабаты; 6-қабық асты қабаты; 7-әк қабығы, 8-ауа камерасы; 9-бұршақтары; 10-жұмыртқа сарысының ашаң бөлігі; 11-жұмыртқа сарысының күрең бөлігі

Жұмыртқаның ортасында сұйық «латебра» деп аталатын ойығы бар шар тәріздес дөңгеленген жұмыртқа сарысы орналасқан. Латебраның сыртын қоршаған жұмыртқа сарысының бояуы өзгеріп отыратын қабаттары қоршаған.

Сыртынан өз қабығымен жабылған жұмыртқа сарысында ұрықтық диск болады. Ұрықтанбаған жұмыртқа сарысында ол 1-2 мм белок таяқшасы тәріздес болса, ұрықтанғаннан кейін дамып, көлемі 4-5 мм өскен баста дискке айналады.

Сақа тауықта 3600-ге дейін көзге көрінетін ұлғайған және 12000-ға жуық микроскоптық ооциттер болады. Бірақ олардың аз ғана саны дамып, жұмыртқаға айналады. Тауықтың 15-65 см шамасындағы жұмыртқа жылжитын жолдарының басында 20 минут шамасында кідіретін ооциттер қораз ұрығымен ұрықтандырылып, содан кейінгі 3 сағатта белокты бездер бөлімінен өткенде оның сарысын орталық қалыпта ұстайтын градинкалар пайда болады да, сыртын жұмыртқа ағының қабаттары қаптайды. Содан кейінгі 19 сағатта жұмыртқаның сыртқы қабыршығы қалыптасып, оны сыртынан қаптайды.

Жұмыртқаның сыртқы қабыршығы таза және тегіс болуға тиіс. Оның сыртынан міцин қабаты қапталатындықтан, жаңа туылған жұмыртқа жылтырсыз болады. Жұмыртқа формасы мен қабыршық түсі құс түрі мен тұқымына байланысты өзгереді. Жұмыртқалағыш тауықтардың жұмыртқасының қабыршығы жұқа, ақтүсті болып келсе, етті бағыттағы тауықтар жұмыртқасының қабыршығы қалыңдау, түсі қоңыр не сарғыш болып келеді. Күркетауық жұмыртқасының түсі теңбілді бурыл болса, қаздікі — сәл жасыл түстес.

Жұмыртқаның кіші және үлкен диаметрлерінін қатынасымен белгіленетін формасының индексі бойынша әдетте сопақшаға жақын, яғни кіші d. : үлкен d = 1 : 3-ке (75%-ға) жақын болса, сопақ формалы жұмыртқалардікі 1 : 2-ге (50%-га) жақын, ал дөңгелек формалы жұмыртқалардікі 1 : 1-ге (100%-ға) жақын болады.

Мекиен өнімділігі мен жұмыртқаларды асханалық категорияларға бөлудің негізгі көрсеткіші болып оның массасы алынады. Тауық жұмыртқасының орташа массасы мен индексі 55-65 г және 73-80%, үйректікі 80-90 г және 67-76%, күркетауықтікі 70-80 г және 70-76%, қаздікі 180-200 г және 70-76% болады


59-сурет. Балапан жынысын анықтау: а,в, д-еркек балапандардың жыныстық темпешіктері; б. г, е-ұрғашы балапандардың жыныстық темпешіктері

60-сурет. Мекиен өнімділігін анықтау: а-жоғары өнімді; б-төмен өнімді


Тапсырмалар.

1. Альбомдар бойынша үй құстарының тұлға кұрылысын сипаттаңдар.

2. Жұмыртқаның жобасын салып, оның құрылысын белгілеңдер.

Бақылау сұрақтары.

1. Мекиен тұрқы жасы өскен сайын қалай өзгереді?

2. Жұмыртқаның пайда болуы мен қалыптасу реті қандай?

3. Әр түрлі үй құсының жұмыртқа формасы мен индексінде қандай айырмашылықтар болады?

4. Үй құсы жұмыртқасының орташа салмақтары қандай?