ИНКУБАЦИЯЛАУ ЖӘНЕ ИНКУБАТОР. БРОЙЛЕР ЕТІН ӨНДІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ


Сабақтың мақсаты: инкубациялаудың режимін, жұмыртқаны инкубаторға салу және оның ведомысын құру тәртібін үйрену. Ет бағытындағы балапандарды арнайы мамандандырылған құс фабрикалары мен құс бағытындағы шаруашылықта өсіру жолдарын үйрену.

Қажетті құралдар мен жабдықтар: инкубатордың «Универсал», «Кавказ» және ЦИИПС71 т.б. түрлері

Сабақ мазмұны мен әдістемесі. Инкубаторлар бұл балапанның эмбрионалды жетілуі мен шығуы үшін қажетті жағдайлар жасайтын аппарат. Оларға құс жұмыртқаларын салып, балапан шығаруды - инкубациялау деп атайды. Инкубаторда инкубация процесі жүру үшін табиғи жағдайларға ұқсас барлық жағдайлар жасалуы тиіс. Осы жағдайлардың жиынтығын инкубациялау режимі деп атайды. Қазіргі кезде инкубатордың «Универсал», «Кавказ» және ЦИИПС71 тәрізді типтері кең тараған. Жұмыртқада отырған күрік тауық астындағы температура 37,4- 37,7оС жетеді. Тауық жұмыртқадан дүркін-дүркін тұрады, бұл кезде жұмыртқалардың қысқа мерзімдік тоңазуы және оларға таза ауаның енуі жүреді. Сонымен бірге тауық жұмыртқаларды олар бірқалыпты қызуы үшін жүйелі түрде аударыстырып отырады. Инкубаторда бұл процестердің бәрі автоматтандырылған. Инкубацияның үлгі режимі 27 – кестеде келтірілген.

39- кесте. Инкубацияның үлгі режимі

Көрсеткіштер

Жұмыртқа түрлері

Тауық

Үйрек

Қаз

Инкубация узақтығы, күн

Инкубациялық шкаф

1. толған кездегі, t

2. толмаған кездегі.t

3. ылғалдылығы /салыс %

Балапан шығаратын шкаф

1. балапан шыққан кездегі t

2. балапан шығар алдындағы ылғалдылығы, %

3. балапан шыққан кездегі ылғалдылығы, %

21

37,4-37,5

37,7-37,8

55

36,9

55

75-80

27

37,4-37,5

37,5-37,7

55

36,9

65

80

29

37,5-37,6

37,7-37,8

55

36,9

65

80

Ескерту: күрке тауық жұмыртқасының көрсеткіштері үйректікіне жақын болып келеді.

Кейінгі жылдары балапандарды көптеп шығару мақсатында арнаулы мамандандырылған құс фабрикаларында барлық шкафтарды толығымен біріңғай (біркүндік) жұмыртқалармен толтырып, оған арнайы дифференциялды инкубациялау режимін қолданады.

Бұл жаңа әдістің негізгі ерекшеліктері мынада: а) балапандардың эмбрионалды жетілуін жақсарта отырып, олардың тірілей шығу мөлшерін – 5 % дейін арттырады; ә) қазіргі уақыттағы өнеркәсіптік негізінде құс өсіру технологиясына толығымен жауап бере отырып, балапандарды көп мөлшерде шығарылуын көздейді; б) жұмысшылардың қол еңбегін және инкубация режимін баскаруын жеңілдете түсіреді; в) балапан шығарылып болған соң шкафтарды толығымен дезинфекция жасауға мүмкіншіліктер туғызады.

Инкубация кезінде жұмыртқалардың жетілуінен өте кенже қалғандарын немесе ұрықтары қырылғандарын алып тастау үшін овоскоппен тексеріп тұрады. Бұл жағдайда ұрықтанбағандарын да алып тастайды. Жалпы жұмыртқаның инкубациялық сапасын оның негізгі екі көрсеткіштері ұрықтықтануы немесе ұрықтанбай қалуы және балапанның тірі шығуы (%) бойынша анықтайды. Соның, ішінде кейінгісінің мөлшері оның ұрықтанған жұмыртқалар санының пайыздық қатынасын құрайды.

40-кесте. Инкубациялау көрсеткіштері

Көрсеткіштер

Топтары

1

2

Жұмыртқаның саны

а/инкубаторға салынғаны

б/жарылғаны

в/ұрықтанбай қалғаны

г/іші қызарып бүлінгені

д/суықтан өлген эмбриондар

Алынған балапандар саны

а/қалыпты балапандар

б/әлсіз және аурулары

в/өлі балапандар

7384

97

398

116

27

645

146

140

7384

67

265

102

18

6870

103

137

Әдетте балапандардың тірі шығу мөлшері 90% кем болмауы тиіс. Жұмыртқаларды инкубаторға салар алдында құстардың түрлеріне байланысты олардың инкубациялау жоспары құрылады. Мұнда жұмыртқа салу мерзімі қатал ескеріліп бір қалыпты, белгіленген уақыт бойынша топтап салынып отырады. Мысалы: «Рекорд-39», «Универсал–50» инкубаторларына, алғашқы алты топ тауық жұмыртқасын әрбір 3 күннен соң, ал жетіншісінің – 4 күн өткеннен кейін салып отырады. Бройлер деп арнайы ет өндіру мақсатында өсірілетін балапандар-ды айтамыз. Мұндай балапандар тез жетілуімен, жылдам ет алуымен, жеген жемін жақсы өтеуімен, етінің сапалы да жұмсақтығымен, үлбіреген жылтыр терісімен,

кеуде сүйектерінің жұмсақ шеміршектерімен ерекше көзге түседі. Ағылшын тілінен аударғанда «бройлер» отқа қуыру деген мағынаны білдіреді.

Жұмыртқалағыш тауықтарға қарағанда етті бағыттағы тауықтардың тұқымдары мен аталық іздері бағып, күту жағдайларына сезімтал болады. Құс фабрикаларында бройлер өсірудің екі әдісі бар: еденде және торда. Бройлер өсіруде оларды аса ірі лектермен (10-20 мың бас) қалың төсеніште бағып-күту әдісі неғұрлым кең тараған. Мұндай лектерді өсіруге "Бройлер-10 және "Бройлер-20" құрал-жабдықтар жинағы шығарылады.

Әрбір қораға бір тәуліктен 56 күнге дейінгі бройлер еденнің әрбір 1м2 18 бастан сиятындай есеппен біркелкі балапандар легі жіберіледі. Алғашқы үш-төрт күнде жемді жарма түрінде береді. Жемнің желінуіне байланысты оттықтарды үстемелеп толтырып отырады. Кейінгі жылдары фабрикаларда торлы батареялардың мынадай түрлерін пайдаланып жүр: КБН-2,КБНУ, үш қабатты КБУ-3 батареясы, бір қабатты манеж типтес БГ0-І40 т.б.

Бройлер етінің құрамында 20% белок, 7-14% май болады, ұшасының таза салмағы 70%, ал жартылай тазаланған ұшасы тірілей салмағының 86% құрайды. Біздің және басқа да шет елдердің құс шаруашылығында бройлер өндіру мақсатында корниш қораздары мен плимутрок тұқымды тауықтарды шағылыстыру көп пайдаланып жүр.

Тапсырмалар.

1. Құстардың түрлеріне байланысты

кестеде көрсетілген инкубациялық үлгі режимімен танысыңыздар.

2. 40-кестедегі көрсеткіштерді басшылыққа ала отырып, инкубациялау ведомосын толтырыңыздар. Бройлер өсіру режимінің көрсеткіштерімен танысу;

3. Бройлер тұратын қора еденінің ауданын өндірілген бройлер мен оған жұмсалған азық мөлшерін анықтаңыздар.

41-кесте. Бройлерді интенсивті өсірудегі режим көрсеткіштері

Көрсеткіштері

Өсіру әдістері

Еденде

Торда

І. Өсіруге арналған бройлерлердің орташа саны, бас

2. Өсіру ұзақтығы, күн

З. Бройлердің орташа тірі салмағы, кг

4. 1 кг салмақ қосуына жұмсалатын азық шығыны

5. Бройлердің 1м2 жерге орналасу тығыздығы, бас

6. Бір басқа есептегендегі төсеніштің мөлшері, кг

7. Алғашқы уақыттағы температура,°С үш аптадан кейін

8. Жарық күнінің ұзақтығы, сағ. алғашқы үш аптада, үш

аптадан соңғы күнге дейін

9. Жыл мезгілі мен бройлердің жасына байланысты

I кг салмақ қосуына жұмсалатын ауа мөлшері (м/сағ)

10. Бір басқа есептегендегі азықтандыру аумағы, см2

11. Бір басқа есептелгендегі суару аумағы,см

12.Тірі қалған бройлерлер мөлшері,%

26-З0 мың,

56- 63

1,3-1,5

2,6 – 3,4

18-20

1,5-2,0

(брудерде)

20-24

24

17

1,5-6,0

2,5-3,5

2,7-3,1

95,0

43-52 мың

56

1,4-1,6

2,5 – 2,7

28-31

----

(торда)

16-18

24

17

4,8-9,0

-

-

96,0

Тапсырманы орындау барысында мына жағдайларды ескерген жөн: а/ "құрғақ" типті азықтандыру мен жоғары механикаландырылған процестерге байланысты бір оператор едендегі өсіру әдісі бойынша 30 мың, ал тордағы 50 мың бройлер балапанын күтіп-өсіре алады. Құс фабрикаларында негізгі операторлардан (құс өсіруші) басқа да, бригада құрамында слесарь электрик (торлы әдісте -I қораға бір электрик болса, ал еденде өсіруді екі қораға бір электрик қажет болады), 8 түнгі кезекшілер, 10 жұмысшы және бригадир. Балапан өсірудің бұдан басқа да біршама жұмыстарына араласатын 2 көмекші бригада құрастырылған, олардың әрқайсысында 18 адамнан тұрады; ә/ әр жұмысшыға орта есеппен жылына 365 жұмыс күні шығып отырады; б/ батареяларға балапандардың жаңа легін қабылдар алдында, оларды мұқият тазартып, дезинфекциялайды. Бұл жұмыстарға еденде өсіру кезінде 20 күн, ал торда 14 күн кетеді. Бұған қоса екі әдісте де жылына бір рет технологиялық графигі бойынша отыз күн үзілісі болып тұрады. Жоғарыда айтылған жағдайларды ескере отырып кестедегі көрсеткіштерді екі әдіс бойынша жеке-жеке толтырыңыздар.

42-кесте. Ет бағытындағы бройлердің өсу есебі

Көрсеткіштер

Өсіру әдістері

Еденде

Торда

1. Бір жылда өсірілетін балапандар саны, бас

2. Өсірілетін балапандар легінің саны

З. Бір мезгілде өсірілетін балапандар саны, бас

4. Кораның 1м2 жеріндегі балапандардың тығыздығы, бас

б. Әрбір қораның еденінің ауданы (96-І8м)м2

З. Осы қорадағы балапандар саны, бас

7. Қажетті қоралардың саны және мөлшері, м2

8. Етке өткізер алдындағы балапандардың тірілей салмағы, кг

9. Құрама жем шығыны: а) 1кг тірілей салмағының өсуіне

ә) бір балапанға есептегенде

б) олардың барлық санына есептегенде

10. Тірі қалған балапандар, %

Бақылау сұрақтары:

1. Инкубациялау дегенді қалай түсінесіз?

2. Инкубатордың қандай түрлерін білесіз және олардың айырмашылықтары бар ма?

3. Инкубатордың режимдерін атаңыз?

4. Етті бағыттағы тауық кросстарын атаңыз?

5. Құс етінің халық шаруашылығындағы маңызы?