ШОШҚАНЫҢ ДЕНЕ ҚҰРЫЛЫСЫ МЕН ТҰҚЫМДАРЫ


Сабақтың мақсаты: әр өнімдік бағыттағы шошқалардың дене құрылысындағы ерекшеліктермен және оған жататын негізгі тұқымдармен танысу.

Сабақ өткізуге қажетті құрал-жабдықтар: шошқа тұқымдарының альбомдары мен слайдтары, кестелер, муляждар.

Сабақ мазмұны мен әдістемесі. Сырт пішіні мен жетілгіштігіне қарай шошқа тұқымдарын:1) кеш жетілетін; 2) өте жылдам жетілетін; 3) жылдам жетілетін; 4) орташа жетілетін бағыттарға бөледі.

Кеш жетілетіндерге барлық аборигенді шошқа тұқымдары жатады. Олардың дене тұрқы іріленген, жергілікті жағдайға жақсы бейімделген болып келеді. Азықтандыру жағдайына талғамсыз, денсаулығы мықты болғанмен, өсіп-жетілуі баяу. Дене тұрқы созылыңқы, таяз, басы ұзын, аяқтары биік, қалың да мықты терісін тығыз жүн басқан. Мегежіндері көптеп (10-11 бастан) торайлағанмен, кеш жетіліп, алғашқы ұрыктандыруға тек 14-15 айлығында жіберіледі. Баяу өскендіктен. 1 кг салмақ қосымына 10 азық өлшемін шығындайды.

61-сурет. Шошқа тұқымдары: 1-ірі ақ; 2-латвия ақ шошқасы; 3-литов ақ шошқасы; 4-ландрас; 5-украйндық ақ жайылымды; 6-бекондық эстон; 7-солтүстік кавказ; 8-миргород; 9-ұржым; 10-белорустық қара-ала.

Өте жылдам жетілгіштерге ұзақ мерзімдік бағытты сұрыптау арқылы шығарылған қытай, ағылшынның ақ және қара ұсақ, беркшир мен ақ қысқа құлақты шошқа тұқымдары жатады. Олар денесіне жылдам май жинаудың арқасында тез өседі. Өздері ұсақ, қысқа аяқты, нәзік, болбыр бітімді болып келеді. Қысқар-тылған тұмсықтары имектеліп келеді. Торайлағыштығы (6-7 бастан) мен сүттілігі кеміген. Азықтандыру мен күту жағдайларына талғампаз, ауруға жиі шалдыққыш болады.

Жылдам жетіл-гіштерге ірі ақ, далалық украин, миргород, брейт, ливен, жетісу ж.б. бүгінгі күнгі қолданыстағы шошқа тұқымдары жатады. Бұл бағыттағы шошқа тұқымдарының дене бітімі тығыз болып, жылдам (183-195 күнде) жетілгіш келеді. Өсіп-дамуын екі жасында аяқтайды. Қажетті азықтандыру мен күту жағдайында жоғары өнімділік көрсетіп, көптеп төлдеп, торайлары салмақ қосымына шағын азық мөлшерін шығындайды. Бұл бағыттағы шошқа тұқымдарына етті және беконды шошқа тұқымдары кіреді.

Етті шошқалардың денесі ұзын, созыңқы, алдыңғы жағы жеңілденген болып келеді. Олардың жауырыны біркелкі дамыған, арқасы мен жоны кең, түзу, арқа сызығы тік, сүйеп мыкты, терісі жұқа, жұмсақ, қатпарсыз болады. Тұрқының ұзындығы кеуде орамынан асады. Жиі кездесетін кемшіліктеріне тұрқының артына қарай тарылуы мен кеудесінің таяздығы, аяқтарының ұзын не, керісінше, қысқалығы жатады.

Беконды шошқалардың дене тұрқы ұзын, алдыңғы жағы жеңіл, аяқтары ортша биік болып келеді. Тұрқының ұзындығы кеудесінің орамынан 15-20 см артады. Арқасы тік не сәл дөңес, бөкселері терең де ұзын, сүйегі мықты. Жұқа терісі созылмалы. Арнайы дайындалатын бекон түріндегі ет шығымы 57-58%. Оның шығымын кемітетін сырт пішінінің кемшіліктеріне кеудесінің тарлығы, тұрқының артына қарай тарылуы, өте биік не қысқа аяқтары жатады.

Орташа жетілгіштерге етті-майлы және майлы (сальные) шошқа тұқымдары жатады. Қазақстанда өсіріліп келген көптеген шошқа тұқымдары осы етті-майлы, яғни әмбебап (универсальные) тұқымдарға жатады. Олардың денесі пропорционалды дамыған, басы орташа немесе жеңіл болып келеді. Іріленген сүйегіне майсыз ет мол жиналады. Кеудесі жаксы дамыған, арқасы мен жоны түзу, сандары мықты толғандықтан, ет шығымы 53-55% құрайды.

Майлы шошқалардың маңдайы кең, тұрқы терең де кең болып, қысқалау тұмсығы сәл имектелген, мойны қысқа, иықтары етті, толық, арқа мен жоны түзу және кең, саны толық, жақсы дамыған, аяқтары қысқа, мықты, тік қойылған, тұяқтары мықты болады. Тұрқының ұзындығы кеуде орамына тең келеді. Ет шығымы — 48-52%. Дене дамуы мен қондылығына байланысты шошқалардың зауыттық, бордақылау және көрмелік кондицияларын ажыратады.

Зауыттық кондициядағы шошқалардың сүйегі мен бұлшық еттері жақсы дамыған, май баспаған болып келеді. Дене тұрқы жақсы дамыған, жылдам қимылды, энергиялы олардың жоғары өнімдік және көбеюшілік қасиеттері ұзақ мерзім ұрпағына беріледі.

Нормадан асыра азықтандырған жағдайда денесін май басқан шошқа бордақылау кондициясында болады. Олардың Қимылы баяу, энергиясы төмен болғандықтан, көбеюшілік қасиеттері де кемиді. Орта қоңдылықтан жоғары жағдайда сырт пішіні жайнап, қылшығы жалтырап шыға келген шошқаларды көрмелерге қояды. Аш немесе ауру шошқаны сүйектерінің шығып, қылшығы жылтырсыздануынан байкауға болады.

Тапсырмалар.

1. Шошқа тұқымдарының муляждары, альбомдары мен слайдтарына қарап, олардың өнімдік бағытын сипаттандар.

2. Аймактағы өсірілетін шошқа тұқымдарын келесі жоба бойынша сипаттандар.

43-кесте.

Өнімдік бағыты

Тұқымы

Шыға-рылған жері

Шығару әдісі

Тірілей салмағы,

кг

Торайлау саны, бас

Сүттілігі, кг

Жетілгіштігі, кұн

Бақылау сұрақтары.

1. Жетілгіштігі бойынша шошқа тұқымдарын қандай бағыттарға бөледі?

2. Шошқаның өнімдік бағыттары қандай және олардың айырмашылығы неде?

3. Шошқа қондылығы мен кондициясының байланысы қандай?

4. Аймақта қандай шошқа тұқымдары өсіріледі?

5. Олар қайда және қай әдістермен шығарылған?