ШОШҚА ӨНІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ


Сабақтың мақсаты: мегежін мен қабан өнімділігін бағалау әдістерін меңгеру.

Сабақ өткізуге қажетті құрал-жабдықтар: шошқа басының өнімділігінің есептері, кестелер, тұқымдық іс мәліметтері.

Сабақ мазмұны мен әдістемесі. Мегежін өнімділігі торайлағандағы торай санымен және салмағымен, сүттілігімен және торайлардың аман сақталуымен бағаланады. Мегежіннің тууға потенциалдық қабілеттілігі жетілген жыныстық жасушаларымен есептелінсе, нақтылы түрде тірі туылған торайлар басының санымен есептелінеді. Әдетте бұл көрсеткіш мегежін потенциалдық қабілетінің 60-70% шамасында болады. Оның бірнеше жылдық орташа көрсеткіші мегежіннің туғыштығын (плодовитость) сипаттайды.

Эмбриондық кезенде дұрыс дамып, жетіліп, жоғары тірілей салмақпен туған торайлар қоршаған сырткы орта жағдайларына жылдам бейімделіп, аман сақталып, жақсы дамиды. Сондықтан торайлардың туылғандағы тірілей салмағы мегежін өнімділігінің маңызды көрсеткіші болып есептелінеді. Біздегі шошқа тұқымдары торайларының туылғандағы тірілей салмағы 1,1-1,4 (1,2) кг тартады. Бірге туылған торайлардың тірілей салмағы біркелкі келіп, орта көрсеткіштен онша ауытқымағаны жөн.

Мегежін сүттілігін туылған торайларының 21 күндік тірілей салмағымен (55-65 кг) немесе бұл санның 3-ке көбейтіндісімен (1 кг салмақ қосымына жұмсалатын сүт мөлшері) өлшейді. Сонымен қатар мегежін сүттілігін торайлардың емгенге дейінгі және емгеннен кейінгі тірілей салмақтарының айырмашылығы бойынша анықтайды.

Туылған торайлар басының аман сақталуын 1-ші және 2-ші айдағы санымен бақылап, туылғандағы бастар санына пайыздап керсетеді. Бұл мерзімде олардың орташа тірілей салмағын да өлшейді.

Асыл тұқымды қабан өнімділігін торайлаған мегежіндер басын ол ұрықтандырған мегежіндер басына пайыздап көрсетілген тұқымдық қабілеттілігімен бағалайды. Ол ұрықтандырған және стандартты азықтандыру мен бағып-күту жағдайында өсірілген кемінде 5 мегежіннің 2,4,6 айлық торайларының сақталуын есептеп, тірілей салмағын өлшейді де, олардың орташа салмағы бойынша класын анықтайды.

Қолдан ұрықтандырған жағдайда қабан ұрығының мөлшері мен сапасын бақылап, оның қыздарының өнімдік көрсеткіштері (көп бас туғыштығы, сүттілігі ж.б.) бойынша ұрпағына тұқымдық қасиеттерін беру қабілетін бағалайды.

Тапсырмалар.

1. Келесі көрсеткіштері бойынша мегежіндердің өнімділігін бағалаңдар.

44-кесте.

Туылған торай саны, бас

1 басының т.с., кг

1 айлығындағы

торайлар

2 айлығындағы

торайлар

Туылған торай саны, бас

1 басының т.с., кг

1 айлығындағы

торайлар

2 айлығындағы

торайлар



басы

жалпы салмагы, кг

басы

жалпы салмагы, кг

басы

жалпы салмагы, кг и

басы

жалпы салмагы, кг


236

9

1,2

8

58

7

97

244

8

1.0

8

52

7

93


10

1,3

8

82

8

134

9

1,1

8

55

7

96


13

1,3

10

68

9

167

12

1.1

10

64

9

144


12

1.4

10

72

10

183

12

1,2

10

68

9

147


1. Келесі көрсеткіштері бойынша қабандар өнімділігін бағалаңдар.

45-кесте.

Ұрықтандырылған мегежін, бас

Торайлаған мегежін, бас

Торайлаған / ұрық-танған мегежін, %

Ұрықтандырылған мегежін өнімділігі

Ұрпағының бордақылық қасиеттері

Қыздарының енімділігі

торай саны, бас

Олардың т.с., кг

2 айлық ж.с., кг

Тәуліктік сал-қ қосымы, г

1 кг-ға азық шығыны,а.ө.

Торай саны, бас

Сүттілігі, кг

455

215

187

9,8

1.25

188

589

3,98

10,2

8,9

572

187

134

9,3

1,18

192

813

4,13

58,8

55,7

Бақылау сқрақтары.

1. Мегежіндер өнімділігінің көрсеткіштері қандай?

2. Оны қалай бағалайды?

3. Тұқымдық қабан өнімділігін қалай бағалайды?

4. Асыл тұқымды қабанның тұқым берушілік қасиеттері қалай анықталады?