ШОШҚАНЫ ҰРЫҚТАНДЫРУ, ТОРАЙЛАТУ ЖӘНЕ БОРДАҚЫЛАУ ЖОСПАРЫН ЖАСАУ


Сабақтың мақсаты: шаруашылықтағы мегежін басын ұрықтандыру, торайлату жоспарын құрып, алынған торайлар басын бордақылауға қоюды жоспарлауды үйрену.

Сабақ өткізуге қажетті құрал-жабдықтар: шошқа басын ұрыктандыру мен торайлатуды ұйымдастыру әдістері жөніндегі ұсыныстар, шошқа етін өндіру технологиясының графиктері мен кестелері, калькуляторлар.

Сабақ мазмұны мен әдістемесі. Шошқа шаруашылығында бірнеше торайлату жүйесі қалыптасқан. Өндірістік кешендерде бірнеше топқа бөлінген мегежіндерді қысқа мерзімде ұрықтандыру арқылы жыл бойында біркелкі торайлауларын қамтамасыз ететін біркелкі-жылдық (равномерно-круглогодовые) торайлау жүйесін қолданады

Мысалы, 24 мың бас ұстайтын кешенде әрқайсысы 56 бастан тұратын 52 топты әр 7 күн сайын ұрықтандыру қажет. Соның нәтижесінде олар әр апта сайын торайлап, кешен бөлмелерінің өсірілетін бастармен біркелкі толықтырылуын, сөйтіп өндірістің бірқалыпты қарқынмен жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Бірақ бұл жүйе бойынша ұйымдастырылған өндірісте көптеп істен шығып тұратын негізгі мегежіндерді ауыстыратын жас мегежіндер басын жеткілікті өсіріп және оларды апта сайын ұрықтандыруды қамтамасыз ету үшін көптеген тұқымдық қабан басын ұстау қажет етіледі.

Осыдан құтылу үшін көптеген шаруашылықтарда турлық (туровые) немесе бір мезгілдік торайлау жүйесін қолданады. Бұл жүйе бойынша жылына әр негізгі мегежін басын 2 рет торайлатуды көздейді. Мысалы, алғашқы турды қаңтар-ақпанда өткізсе, екінші турды шілде-тамызда өткізеді. Әр тур сайын торайлайтын мегежін басын ұрықтандыру барысында, әдетте, 20-25% мегежіннің нәтижелі ұрықтанбай қысыр (бедеу) қалатындығын ескере отырып есептейді.

Шаруашылықтағы мегежіндер ұстайтын бөлмелердің толықтырылуын олар торайлай бастаған аймен санайды да, сол айды торайларды емізудің алғашқы айына енгізеді. Торайларды ажырату айында мегежіндерді келесі ұрықтандыруға жібереді. Тур бойында алынатын торай басын әр негізгі және тексерілуші мегежінге жоспарланған торай санына көбейту арқылы шығарып, тур сайынғы солардың қосындысымен жылдық алынатын торай басын есептейді. Тексерілуші мегежіндерді 2 негізгі тур аралығында наурыз-мамырда торайлатады (3-ші тур). Ол үшін оларды 4 ай бұрын, яғни өткен жылдың қыркүйек-қазанында ұрықтандырады. Сөйтіп, жылдық торайлау айналымы іске асырылады.

Бөлмелер жетіспеген жағдайда шаруашылықта маусымдық (сезонные) торайлау жүйесін қолданады. Онда мегежіндердің торайлауын жылдың жылы және құрғак маусымына сәйкестендіріп, төлдің жазғытұры жылы бөлмелер мен бағып-күту жағдайларын қажетсінбей өсіп-жетілуін қамтамасыз етеді. Жазғы арзан жемшөппен жылдам өсірілген торайларды күзге қарай етке сойып, қыстауға шағын шошқа басын қалдырады.

Сатылатын шошқа етінің мөлшеріне байланысты бордақылау бастары мен мерзімін жоспарлайды. Оған қойылатын енесінен ажыратылғаннан кейін 2 ай жетілдірілген торайлар саны мен бракқа шығарылған сақа мегежін мен қабан бастарын жеке қосады. Әр топтың бордақылау басындағы және соңындағы тірілей салмағын, бордақылау барысындағы орташа тәуліктік салмақ қосымын, соған байланысты бордақылау мерзімін белгілейді.

Тапсырмалар.

1. 20 негізгі, 100 тексерілуші және 30 алмастырушы мегежіннің ұрықтандыру және торайлау жоспарын жасаңдар. Жылына 2 рет торайлайтын негізгі мегежіндер 9 бастан, тексерілуші мегежіндер 8 бастан торайлап, бедеу бастардың көлемі 25% болған. Негізгі мегежін бастарының 50%-ы қазанда, 50%-ы қарашада, тексерілуші мегежіндердің 50%-ы өткен жылдың - қазанында ұрыктандырылған.

46-кесте.

Жүргізілген жұмыс мерзімі

Ұрықтандыру

Торайлату

Алынған төл

Алынған

торай саны, бас

Негізгі мегежіндерді

Тексерілетін мегежіндерді

Негізгі мегежендерді

Тексерілетін мегежендерді

Негізгі мегежендерді

Тексерілетін мегежендерді

Өткен жылы:

IX

X

XI

XII

Жосларланған жылы:

І

II

III...

...XII

Жылына

2. Алынған мәліметтер бойынша торайларды жетілдіріп бордақылау жоспарын жасаңдар. Торайларды енесінен 2 айлығында тірілей салмағы 16 кг тартқанда ажыратып, тірілей салмағы 34 кг тартқан 4 айлығына дейін жетілдіріп, 420 г орташа тәуліктік салмақ қосымымен 100 кг тірілей салмағына дейін бордақылайды.

Бақылау сұрақтары.

1. Шошқа шаруашылығындағы торайлату жүйелері қандай?

2. Олардың қайсысын қандай жағдайда қолданады?

3. Жыл бойында торайлату үшін қандай жағдайлар қажет?

Турлық торайлату жүйесінің артықшылықтары қандай?