Когнитивтік лингвистиканың зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеттері



Когнитивтік ғылымның негізгі пәні – адам санасы мен оның   технологиялық ойлауы.Бұл пәнаралық ғылым адам санасының белгілі бір жақтарын, ең алдымен оның жүйелі түрде ойлауымен және дүниені тану үдерістерімен байланысын зерттеуге арналған.

Когнитивтік лингвистика – тілдің танымдық теориясы мен танымдық қызметін зерттеп, адамзат білімінің түзілуі мен оның қызмет болмысын қарастырады.

Когнитивті лингвистиканың зерттеу нысанына сондай-ақ концептілер жатады. Олар концептілік жүйе құрап, өзіндік белгілермен ерекшеленетін концептуальды кеңістікті құрайды.

Когнитивтік лингвистика когнитивтік құрылымдарды қарастырумен қатар, адам санасында тілдік және тілдік емес білімдер жүйесінің құрылымын, сондай – ақ тілдік және тілдік емес ақпараттарды игеру, өңдеу, қолдану тәрізді әрекеттердің жүзеге асуын қарастырады. Тілдік таңба арқылы кодқа салынған ақпаратты ашып немесе ақпараттарды кодка салу тәрізді әрекеттер когнитивтік лингвистиканың құзырына жатады.