Когнитивтік лингвистиканың жеке ғылым саласы ретінде қалыптасуы мен дамуы, өзіндік ерекшеліктері


Тіл біліміндегі жаңа ғылыми бағыттардың қайнар көзі, шығу арнасы Еуропада  В.Гумьболдтың линго-философиялық тұжырымдамаларынан, ал Америкада Ф.Боас, Э.Сепир, Б.Л.Уорфтардың көзқарастарынан бастау алады.

Ресейлік филологиялық және тілтанымдық  дәстүрді жалғастырушы Н.И.Толстой, Н.Топоров, В.В.Иванов, В.А.Аврорин, В.Н.Телия, В.В.Воробьев, А.Вежбицкая, Е.М.Верещагин, В.Г.Костоморов, Ю.С.Степанов, А.Д.Арутюнова, В.М аслова т.б ғалымдардың зерттеулерінде ақиқат шындық болмыс, халық тарихы, ел тарихы, дүниетаным, рухани және материалдық мәдениеттің құрамдас бөліктерін құраушы ұлттық құндылықтар жүйесі тіл құрылымының танымдық астарымен,таңбалық сипатымен,тілдік бірліктердің ұлттық-мәдени семантикасымен тығыз байланыста сарапталады.

Когнитивтік лингвистика когнитивтік құрылымдарды және адамға қатысты үдерістерді, яғни жүйелі сипаттау және адамның тілді қабылдауын түсіндіру механизмін және осы механизмдердің құрылу ұстанымдарын қарастырады.