Когнитивтік лингвистикаға қатысты ғалымдардың пікірлері, тұжырымдары


Когнитивтік лингвистика лингвистикалық зерттеулердің шеңберін маңызды түрде күшейте түсетін қазіргі антропоцентристік парадигмалар шегіндегі когнитивизм негізінде туындайды.

А.Маслова когнитивтік лингвистика нәтижеге жету үшін оның міндеттеріне ғаламды тану, ғалам туралы ақпарат алу, қайта өңдеу, білімді концептілеу, концептілер жүйесін суреттеу, ғаламның тілдік бейнесі мәселелерін жатқызады.

Е.С.Кубрякова когнитивтік лингвистика міндеттерін « есте сақтау, елестету, қабылдау, ойлау арқылы тілдік үдерістердің, тілдік бірліктердің және категориялардың арақатынасын зерттеу ретінде анықтап сипаттайды. Когнитивтік лингвистиканың пәні – тіл мен сөйлеуде пайда болған нақты тұжырымдарды (концептілерді) білдіретін тілдік құралдарды (cөз, сөз тіркесі, мәтіндерді) зерттеу.