Когнитивтік лингвистиканың пайда болуының алғышарттары, даму кезеңдері


Когнитивті лингвистика бірнеше факторлардың әсер етуінен пайда болды. Когнитивті лингвистиканың пайда болуына когнитивті психологияның да әсері болды. (Тіл біліміндегі психология жайында ХІХ ғ. А.А Потебня, Г. Штейнталь,В. Вундттың еңбегі бар). Когнитивті психология бұл кезеңде психолингвистика объектісі тұрғысында қарастырылды.

Когнитивті лингвистиканың пайда болуына лингвистикалық семантиканың да әсері болды. Кейбір зерттеуші ғалымдар когнитивті лингвистиканы «семантиканың негізінен туындаған» деп топшылайды.

Когнитивті лингвистиканың даму кезендерін АҚШ-ғы «когнитивті грамматиканың» пайда болуынан да, сондай – ақ Ресей жеріндегі «когнитивті семантика»терминімен байланысты деген көзқарастар т.б.

Когнитивтік лингвистика алғашқыда нейролингвистика (жасанды интеллект және компьютерлік ғалымдар) аясында зерттелген. Зерттеу барысында ғалымдар оның адамзат баласының дүниетанымын, парасат ‑ пайымын, ойлау деңгейін, тілдік бейнесін де қарастыратындығына көз жеткізген болатын.