Когнитивтік лингвистика бағытына қатысты алғашқы еңбектер мен зерттеулерге шолу


«Когнитивті грамматика» термині 1975 ж. Дж.Лакофф пен Г.Томпсонның «Когнитивтік грамматиканы ұсынамыз» атты мақаласында қолданылған. 1987 ж. Р.Лангакердің  алғаш «Когнитивті грамматика негіздері» атты еңбегінің І томы жарыққа шықты.

ХХ ғ. 90 ж. басында шетелдік когнитивтік лингвистика жеке дара зерттеу бағдарламалары, сәл ғана байланысы бар немесе мүлдем байланысы жоқ  салалардың қатынас бірліктерін зерттейді. Бұл зерттеу бағдарламалары бойынша Дж.Лаккоф, Р.Лангакер, Т.Ван-Дейк, Дж.Хейман т.б. жұмыс жасады.

1990 ж. орта шеніңде Еуропада алғаш рет когнитивті лингвистика оқулықтары шыға бастады. Ф.Унгерер мен Х.И Шмидтің «Когнитивті грамматикаға кіріспе», (1996 ж), Б. Хайне «Грамматиканың когнитивті негіздері» (1997 ж.).

Орыс тіл білімінде когнитивті грамматика  ұғымы В.И Герасимованың (1985 ж) мақаласында беріледі.

Оның қалыптасуына маңызды үлес қосқан еңбектер В.Виноградовтың  «Программа понимающая русский язык». (1976 -1972 ж.ж), Р.Шенканның бірлесіп жазған «Обработка концептуальной информации» - (1975-1980 ж,ж ),  жазылған т.б. еңбектер маңызды рөл атқарды. Кеңес одағы кезінде «Новое в зарубежной лингвистики» еңбегінің ХХІІІ жарыққа шықты. Бұл еңбек тілдің когнитивті аспектілеріне арналып жазылған.