Ахмет Байтұрсыновтың таным негіздеріне қатысты ой тұжырымдары мен көзқарастары


Ахмет Байтұрсынов қазақ тілінің мүмкіндігін жаңа арнаға бағыттаумен қатар, жалпы тілдік құралдарын танымдық сатыларын адамның физиологиялық болмысымен, ұлттық халықтың дәстүрімен ұштастыра білді. Орынборда 1914 ж. шыққан «Тіл құрал» атты еңбегінде «Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі...» дей келе, «Тіл – құрал» деген қандай жат көрінсе, ішкі мазмұны да әуелгі кезде сондай жат көрінер, өйткені бұл – қазақта бұрын болмаған жаңа зат деген автордың пікірін тіл – ойлау – таным – мәдениет арасындағы байланыс мәселесіне қатысты ой-тұжырымдарының бастамасы деуге болады.

А.Байтұрсынұлы сөзді қолданудағы  тұлғаның танымында болатын обьективті үдеріс өзектендіруді  анық байқаған:  Сөздің дұрыс, таза, анық,  дәл айтылуының үстінде талғау сөздің көрнекті болуын да керек қылады. Адамға дерексіз заттан гөрі деректі зат түсініктірек , жансыз заттың  күйінен жанды заттың күйі танысырақ.  Сондықтан адам сөйлегенде, сөзі толық түсінікті болуы үшін, дерексіз заттарды деректі затша, пернесіз заттарды пернелі затша қалыптайды. Жансыз затты жанды заттай ғамалдайды.