Психолингвистика және когнитивтік лингвистика


Ғалым-лингвист Дж.Кесс психолингвистика дамуында төрт негізгі кезеңді атап көрсетеді: қалыптасу кезеңі, лингвистикалық кезең, когнитивтік кезең, когнитивтік ғылымының ағымдық кезеңі.

Алғашқы кезең үшін структурализм мен бихевиоризм идеяларының әсері тән болса, екіншісі лингвистика мен психолингвистикадағы трансформациялық туындатушы (порождающей) грамматиканың басым болуымен байланысты. Когнитивтік кезең Н.Хомский жариялаған грамматиканың негізгі қызметінен бас тартып, оның семантикамен, ал тілдің – тілді меңгеру мен пайдалану үрдісіне қатысатын басқа да когитивтік және жүріс-тұрыстық жүйелерімен байланысты.

Соңғы онжылдық ішіндегі психолингвистикалық еңбектерді талдай келе, психолингвистиканың  когнитивтік психология, когнитивтік лингвистика, жасанды интеллект, сонымен қатар, прагматика саласындағы зерттеулердің ортақ мәселені қарастыратынын байқауға болады.

Психолингвистикалық бағыт бойынша  адамның белгілі бір ұғымды қалай қабылдайтынын, сол ұғымды танытуда санадағы ақпараттарын қалай қолданатынын анықтауға болады. Психолингвистикада сонымен қатар  салғастырмалы әдіске сүйене отырып, әрбір ұлттың аффективті тіл бірліктерін, эмоционалды ұғымдарын, тіліндегі экспрессивтік ерекшеліктерін нақтылап көрсетуге болады.