Лингвомәдениеттанымның когнитивтік лингвистикамен байланысы


Когнитивтік лингвистика адамның менталитетімен, білімімен байланысты болса, лингвистикалық мәдениеттану мәдениет пен тілдің арақатынасына көңіл бөледі. Лингвомәдениеттану тіл мен мәдениеттің өзара байланысын зерттейді. Оның негізі мақсаты – халықтың ойлау ерекшелігі мен оның мәдениетін тіл арқылы ашу. Тіл мен мәдениеттің ажырамас бөлігі, әрі ол лингвомәдениеттануда рухани болмыс ретінде танылады, яғни, тілде ұлттың дүниетанымы, әдет – ғұрпы, дәстүрлері, ұлттық мәдениеттің ерекшеліктері – рухани өмірі көрініс табады. Когнитивтік лингвистика адамның менталитетімен, білімімен байланысты болса, лингвистикалық мәдениеттану мәдениет пен тілдің ара қатынасына көңіл бөледі.